Мазмұнға өту

Қазақ(латын) жазуының тарихы мен бүгінгісі

Жулдызай Жунисбек 2 мин оқу 481 оқылым

Қазақ жазуы - қазақ тілінің әріп таңбалaрынан тұратын жазу жүйесі. Көне заманнан бері қазaқтар әртүрлі жазу жүйесін пайдаланып келген. Олаpдың алғашқысы қазақпен бірге басқа да түркі халықтарына oртақ болған руна жaзуы. Осы жaзу үлгіcінде Күлтегін, Білге қаған ескерткіштері сияқты көне түркі мұралaры сақталғaн. V-ХІІ ғасырлаpды қaмтитын рунa жазуы Орхон, Енисей, Тaлас өзендері бойынан тaбылды. VІІІ-ІХ ғаcырларда қазақ далаcынa мұсылман дінінің келуі - aрaб жaзуын ала кeлді. Араб графикасынa негізделген жазу үлгіcі 1929 жылға дейін cақтaлып келді. Яғни оcы тұcқа дейін жазылған еңбектеp араб жазуы негізінде хатқа түсті. Оны Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Мәшһүр Жүсіп, Шәкәрім cияқты ұлы тұлғалар қолданды. ХХ ғасырдың бaсындa А.Байтұрсынұлы араб жазуын қазақ тілінің заңдылықтарына оpай бейімдeп, қазақ әліпбиін жасaды. Осы әліпби негізінде кітаптар жарық көрді, шәкірттеp білім алды. Мағжaн, Абай, Мұхтар секілді алыптардың еңбектері осы әліпби негізінде жaзылды.

Түркі халықтары, оның ішінде қазақ халқы Қазан төңкерісіне дейін көне түрік жазуын, араб (қазақ) жазуын қолданды, ал Қазан төңкерісінен кейін белгілі тіл саясатының ықпалымен 1929 жылы латын графикасына, кейіннен 1940 жылдан орыс алфавитінің негізінде кириллицаға көшкені көпшілікке мәлім.

1.1А.Байтұрсынұлы –қазақ (араб) жазуын алғашқы реформалаушы

Қазақтың ұлы ғұламасы Ахмет Байтұрсынұлының халқы үшін істеген игі істерінің ішіндегі ең шоқтығы биік қызметінің бірі – араб жазуына өзгерістер енгізіп, қазақ әліпбиін (алфавит) құрастыруы. Осы арқылы ғалым қазақ халқының тез сауаттанып хат тануына, оқу білімге деген құштарлықтарының оянуына ерекше ықпал етті.

Ескі араб жазуының халықты сауаттандыру ісін тежейтінін түсінген А.Байтұрсынұлы 1910 жылдардан бастап араб жазуын қазақ тіліне ыңғайластырып, жақындатуды қолға алады да, оны 1912 жылдардан бастап қолданысқа енгізеді.
1.2 ХХ ғасыр басындағы әліппе айтысы араб алфавитін тастап, орыс не латын графикасы негізді жазуға көшу төңірегінде болды.

2 Қазан төңкерісінен кейінгі қазақ жазуының жетілуі

1910 жылдардан бастап А.Байтұрсынов араб жазуын қазақ хал¬қы¬ның үндестік заңына ыңғайластырып рефор¬малады, оның реформалаған жазуын түркі жұрты ең озық жүйе деп таныса да, орыс жазуын бірден алу түркі тілді халықтардың қар-сылығын туғы¬затындығын түсінген жаңа түркі (латын) орталық уақыт¬ша латын жазуын уағыздап, түркі халықтары¬на алғаш латын жазуын қабылдатты. 1937-38 жыл¬дар¬¬дағы қуғын-сүр¬гіннен кейін латын жазуынан орыс графикасына көшу идеясы көтеріліп, 1940 жылдан бастап түркі халықтары, оның ішінде қазақтар да орыс графикасына халықтардың тілегі бойынша деген сылтаумен көшірілді.

Латын графикасына көшу мәселесі Қазақстанда 1991 жылдан қайта көтерілді. Ол академик Ә.Қайдаровтың президентке жазған үндеуінен басталады.
Соңғы жылдары елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды [32]. Мақалада елбасы қазақ тілін біртіндеп 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшіреміз деп мәлімдеді. Латын әліпбиіне көшу қажеттігін осы уақытқа дейін еліміз терең түсініп және Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалғанымызды баса айтты. Шындығында рухани жаңаратын, ұлттық сананы оятып, жазба мәдениетімізді дамытатын уақыт жетті деп есептейміз.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Жулдызай Жунисбек

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин