Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Қашықтықтан оқыту технологиясының дамуы – біздің білім                      болашағының дамуы

Амиргалиева Динара Байбатырқызы
2 мин оқу 519 оқылым

Алматы облысы

Алакөл ауданы

Жайпақ ауылы

«М.Төлебаев атындағы орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Амиргалиева Динара Байбатырқызы

Қашықтықтан оқыту технологиясының дамуы – біздің білім                      болашағының дамуы

2020 жылдың басы – әлемнің пандемия деп дүрлігуімен басталды. Қанымызға сіңген қазақи үміт – осы уақытқа дейін әртүрлі өтірік-шыны араласқан , жақсы ақшаға сатылып, жақсы рейтинг жинайтын жаңалықтардың қатарына санай салдық. Ал, бұл кезде әлем шынайы дүрлігіп жатты. Қай мемлекет үшін де ең үлкен құндылық – адам өмірі. Сол себепті , мектеп өз жұмысын қашықтықтан оқыта отырып жүргізу қажеттігі туындады. Яғни , «кездейсоқ»  келген пандемияға, қашықтықтан оқыту «қажеттілік»  боп тіл қатты. Ия... Қиындықтар да, кедергілер де болды. Технология маңайымызда қарыштап дамып жатса да ,біз, смартфонды «әллөу» деп кімнің қайда жүргенін білетін құрал ретінде тануымызды қоймадық. Маңайы аз уақыт ішінде WhatsApp  деп, іскерлік чаттар құруға қол жеткізген едік. Жоғарғы оқу орндары қашықтықтан оқыта бастады. Бірақ біз оған мән бере қоймадық. Мүмкін тағы да біраз дүниелер де істелген шығар, әйтсе де мектепте  қашықтықтан оқыту деген ойда жоқ еді. Сөйтіп, кездейсоқтық – қажеттілікке қолын созды. Біз қашықтықтан оқытуды бастадық.

Қашықтықтан оқытуға мұғалімдер қауымы қорықса да, үлкен жауапкершілікпен қадам басты. Оқушылар болса , қуана ,жылы қабылдады. Үнемі смартфон ұстауға ата-ана, мұғалім тиым салушы еді. Енді міне, сүйікті құралы – қолында.Ия... Бұл ситуацияда қашықтықтан оқытуға оқушы қуана қадам басты. Ата-ана болса, үнемі бірнәрсеге разы емес. Ол тура осылай разы емес қалпында қашықтықтан оқытуға қадам басты. Бір-бірінен ажырамайтын үштіктің басы осы жолы осылай қосылды да, мұғалімнің жауапкершілігі мен оқушының қуана кірісуі ата-анамен санаса отырып үлкен белеске бет алды. Іс басталып та кетті. Мұғалімдер қашықтықтан оқыта жүріп, қашықтықтан оқытудың  қыр-сырын үнемі ізденумен, оның өзін қашықтықтан оқып-үйренумен болды. Мектеп жұмысын үйлестіруде , мұғалімдердің басын біріктіріп жиналыс өткізу де – қашықтықтан өтті. Тек атын ғана естіп , пайдалануға асықпай жүрген мессенджерлер мен платформалар мұғалімдердің педагогикалық сүрлеуіне тыңнан жол тартып кіре бастады. Мұғалімдерге көрсетілген әдістемелік көмектер – күнделікті көріп жүрмеген әріптестердің де араласа бастауына әкелді. Мектептер өз тіршілігінің күре тамырына қалай қан жүгіртіп отыра бастағынмен бөлісе бастады. Бұрын барып онша ештеңе үйрене қоймайтын, кемі барып келуіңе қаражат пен уақыт жұмсалатын семинарлардың орнын , барып келуіңді қажет етпейтін, жол ақы шықпайтын, уақыт тек үйренуге ғана жұмсалатын  вебинарлар басты. Бір сөзбен айтқанда «терезе ашылды».  Әлем көрінді. Мектептер өзара қашықтықтан оқытудың артықшылықтарын жарыса айтып жатты. Денсаулығына байланысты сабақты босатқан оқушыларды осы уақытқа шейін неге қашықтықтан оқытпағанбыз деп таңдай қағыстық. Қараша , желтоқсан айларында 2-кезектегі 7,8-сабақтар қатты қараңғыға қалып қалғанда, неге қашықтықтан оқытпадық дестік. Элективті курстар мен факультатив сабақтарының сапасын арттыруда , оқушыларды ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындауда қашықтықтан-ақ оқытуға болатынына көз жеткіздік.

Қысқасы,қашықтықтан оқыту технологиясы үлкен үрдіспен, аз уақыт ішінде дамып кетті. Ол өз кезегінде  біздің білім болашағының дамуына  бастады.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Амиргалиева Динара Байбатырқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Қазақ тілі

Әлеуметтік желілер әлемі

7-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағында оқушылар әлеуметтік желілер туралы мәтіндегі ақпаратты саралап, тұжырым жасайды және жинақы мәтін құрастырады.

Амиргалиева Динара Байбатырқызы 7 мин 474 оқылым
Ұстаз ойы

Оқытудың тиімді жолдары

Материалда мұғалімнің жаңашыл ізденісі, білім беру мазмұнын жаңарту және бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту мәселелері сөз болады.

Амиргалиева Динара Байбатырқызы 8 мин 422 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Ұстаз ойы

Педагог-психолог: Архитектор души и проводник к гармонии

Материалда педагог-психологтың балаларға эмоциялық қолдау көрсетудегі, олардың қабілетін ашудағы және үйлесімді қарым-қатынас қалыптастырудағы рөлі баяндалады.

Сембаева Ардақ Мауленовна 2 мин 60 оқылым
Ұстаз ойы

Бала тәрбиесі – болашақ тәрбиесі

Қазіргі қоғамға жүктелген ең жауапты міндет – тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасы, яғни жас ұрпақты адамгершілік қасиетке тәрбиелеу, сапалы білім беру. Егер адам бойында адамгершілік құндылықтар болмаса, мұның орнын…

Айтжанов Райымбек Алуадинов 3 мин 34 оқылым
Ұстаз ойы

Болашақ мұғалімдердің кәсіби дамуы: теориядан практикаға

Бүгінгі студент-ертеңгі маман. Бұл қағида жоғары білікті мұғалімдерді қалыптастыруға бағытталған білім беру стратегияларының негізінде жатыр. Оқу процесін педагогикалық және психологиялық тұрғыдан түсінуде мұғалім мен…

Койшыгулова Айзада 3 мин 97 оқылым