Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Қашықтықтан оқыту кезіндегі тәрбиешілердің жұмысы

Ашимжанова Асель Садатбекқызы
2 мин оқу 346 оқылым

Абай атындағы Республикалық мамандандырылған

дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін

тереңдете оқытатын орта мектеп- интернаттың тәрбиешісі

Ашимжанова Асель Садатбекқызы

2020 жылдың наурыз айынан бастап еліміздің оқушылары қашықтықтан оқыту технологиясымен білім алып келеді. Алайда бұл жүйенің артықшылықтарымен қатар интернеттің үзіліп кетуі, ауылдық жерлерде технологиялық құрылғылардың қолжетімсіздігісекілді кемшіліктері де орын алып жатты. Соған қарамастан мұғалім мен oқушы арасындағы байланысты үзбей, балаларға моральдық тұрғыдан көмектесіп , мотивация беріп отыратын жандар – тәрбиешілер.

Қазіргі қиын сәтте қашықтықтан оқыту барысында оқушы мен оқытушының ақпарат алмасуын реттеп отыратын тәрбиешілердің атқаратын рөлі зор. « Ата – аналар баланы тәрбиелегенде дәл өзіндей етіп тәрбиелеуге тырыспау керек , олар баланы өзінен күшті етіп тәрбиелеуі тиіс. Өйткені олардың заманы ата-аналардың өмір сүріп отырған заманына қарағанда анағұрлым күрделі, талабы жоғары болатынын ұмытпаған жөн», - деген ақын әрі қоғам қайраткері Мағжан Жұмабаев. 7- сыныпты  республиканың әр түкпірінен бітіріп, 8-сыныпта конкурспен қабылданған оқушылар ата – анасынан алыстап, бірімен бірі ағалы – інілі , әпкелі- қарындасты болып ұжымда өмір сүруге үйренеді. Әр ата- ана Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп- интернатына  «балам адам болсын, талабы өзімнен биік болсын деп жібереді» . Осы тұста ата-ананың сенімін арқалайтын, баланың қауіпсіздігін  қамтамасыз ететін тәрбиешілерді атап өту қажет. Олар оқушының күнделікті сабаққа қатысуын ғана емес, берілген тапсырманы тиянақты орындауын, іс-шараларға , вебинарларға қатысуы секілді әр түрлі мәселелерді шешіп отырады. Бір балаға емес, әр балаға жауап беріп, сынып сапасының түсіп кетпеуін қадағалайды. Ата-аналармен де үнемі тығыз байланыста болып, тәрбиелік мәні зор тәрбие сағаттарын өткізіп, мектебіміздің басты құндылықтарын оқушысанасына сіңіреді.ай Осындай үлкен жауапкершілік пен төзімділікті талап ететін тәрбиешілердің қызметі жоғары. Сондықтан , әсіресе, дәл бүгінгі күні олардың еңбегін бағаламауға болмайды.

Қорытындылай келе, тәрбиешілер – ұстаздан кейінгі қазіргі заманымыздың айнымас  бір бөлшегі. «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады» деп халқымыздың ұлы тұлғасы Абай Құнанбаев  айтып кеткендей шәкірттің адам болып қалыптасуы жақсы тәрбиешінің арқасы.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Ашимжанова Асель Садатбекқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 418 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 18 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 100 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым