Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Қарттарын қадірлеген - ел ардақты

Автор

Кондыбаева Салтанат Сакеновна
3 мин оқу 432 оқылым

Алматы облыс
Еңбекшіқазақ ауданы
Шелек ауылы
МКҚК “Бәйтерек” бөбекжай
балабақшасының тәрбиешісі
Кондыбаева Салтанат Сакеновна
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі

Білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Сөйлеуді дамыту», «Сурет салу»
Тақырыбы: «Қарттарын қадірлеген - ел ардақты»
Мақсаты:
1.Білімділік: 1-қазан қарттар күніне түсінік беру.
2.Дамытушылық: өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға үйрену.
3.Тәрбиелік: балалардың бойына халқымыздың қадір қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: отбасы мүшелерінің суреттері, ата-әже суреттері және т\б.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, ойын, сұрақ-жауап.

Шаттық шеңбер:
Есеніз бе, қазыналы қарттарым,
Бабалардың бойға жиған салттарын.
Өзіңіздей ұлағатты болуға,
Өсиетіңді жүрегімде сақтармын.
-Жарайсыңдар рахмет. Енді орнымызға жайғасайық.
-Балалар, ұйымдастырылған оқу қызметімізді бастамас бұрын, алдымен сендерге сұрақ қойғым келіп отыр.
-Қазір жылдың қай мезгілі? (Күз)
-Күз мезгілінде неше ай бар? (Үш ай бар)
-Атайықшы? (Кыркүйек ,казан, караша)
-Дұрыс айтасындар.
-Енді осы қыркүйек айында қандай мерекелер болды? (Білім күні)
-Жарайсыңдар.
-Ал қазан айында қандай мерекелер бар, білесіңдер ме? (Ұстаздар күні Республика күні)
-Дұрыс айтасыңдар .
-Қазан айында бұл мерекелерден басқа тағы да, мереке бар.
-Ол 1-қазан қарттар күні.
-Сондықтан бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміз қарттар күнініне арналмақ. Мен сердерге жұмбақ жасырайын.
Жұмбақ:
Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол әкеңнің,
Білер оны сұраған.
Ол кім? (Ата)

Аймалайды "Күнім" деп,
Мейірімді жүзі кулімдеп.
"Тәтті-ақ" дейді немере,
Бал шырындай үнің деп.
Ол кім? (Әже)
-Жарайсыңдар, балалар, дұрыс таптыңдар. Осы атамызбен әжемізді бір сөзбен қалай атаймыз? (қарттар дейміз)
-Дұрыс айтасыңдар, балалар . -"Ақылды қария-ағып жатқан дария" деп тегін айтылмаған. Осы қарттарымыз бәйтерек болса, біз соның жапырағымыз. Адам өміріндегі ең игі істің бірі-қарт кісілерге қамқорлық, мейірімділіқ, түсіністік, сүйіспеншілік, жанашырлық, сыйластық таныта біліуміз керек. Ал енді осы атамызбен әжемізге сендер кім боласыңдар? (немере)
-Балалар анамыздың әкесі, анасы сендерге кім болады? (нағашы ата, нағашы әже)
-Ал сендер оларға кім боласыңдар? (жиен)
-Жарайсыңдар.
-Балалар ата, әже туралы жаттаған тақпақтарымызды айтып берейік.

Сара:
Қиындықтан шыңдалып,
Еңбек еткен еселеп.
Өздеріңнен үлгі алып,
Көрсетеміз қошемет.
Сымбат:
Атамыз біздің панамыз,
Атамыз – біздің данамыз.
Атадан ақыл аламыз,
Атадай адам боламыз.
Даулет:
Атам менің жақсы адам,
Қиындықтан қашпаған.
Немерені мені де,
Артық көрді басқадан.
Ақмейір:
Туған жерді сүйеміз,
Тау менен өзенін,
Алдында бас иеміз,
Ата мен әженің.
-Жарайсыңдар балалар, өтте жақсы тақпақтар біледі екенсіңдер.
-Суреттер бойынша әңгіме. (Балалар сұрақтарға жауап береді). (Өз ойларын айтады)
-Балалар шаршаған шығарсыңдар, ортаға шығып бір сергіп алайық.
Сергіту сәті:
Шеңбер болып тұрайық,
Керегені құрайық.
Уық болып иіліп,
Шаңыраққа киіліп.
Қазақ үйді құрайық,
-Жарайсыңдар орнымызға отырайық.

-Дидактикалық ойын: «Кімге не тиесілі»
Ойының шарты бойынша балалар отбасы мүшелері бар суреттерге тиісті заттарын қояды. Атаға-шапан, әжеге -ұршық, әкеге -сағат, анаға-орамал, балаға-велосипед, қызға -қуыршақ.
-Қыздардың орындауында "Ата , әжеге тағзым" әнін тамашалайық .
- Шығармашылық жұмыс: дайын шапан суретін бояу.
-Балалар, ата-әжелерің сендерді қалай еркелетеді? (Балалардың жауаптары)
-Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата - бабадан келе жатқан салтымыз. Балалар осы салтымызды сендерде жалғастырыңдар. Ата –әжелеріміз ауырмасын, дендері сау болсын, сендер сияқты кішкентай немерелерінің қызықтарына бөлене берсін деп бүгінгі оқу қызметін аяқтаймыз. (Ұйымдастырыған оқу қызметімізді сұрақ-жауап арқылы қортындылау). Балаларды мадақтау бағалау.

Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Отбасы мүшелерін атай білуі керек.
Болуы керек: Балалар бойында қамқорлық мейірімділік қасиеттері болу керек.
Баланың қолынан келуі керек: Үлкенді сыйлауға, карттарға құрмет көрсете білуі керек.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Кондыбаева Салтанат Сакеновна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Осы тақырыптағы материалдар

Ашық сабақтар

Ашық сабақ: «Ата Заң — ел тірегі» (балабақша)

Балабақша балаларына арналған тәрбие сағатының жоспары: Ата Заң, құқық пен міндет туралы әңгіме, ойындар, сергіту жаттығуы және сурет салу тапсырмасы.

Bilimger Media 366 оқылым 2 мин
Ашық сабақтар

"Ата заң" ашық тәрбие сағаты (бастауыш сынып)

Бастауыш сынып оқушыларына арналған тәрбие сағатының жоспарында Ата Заң, балалардың құқықтары мен міндеттері туралы әңгіме, топтық тапсырмалар және рефлексия қамтылған.

Bilimger Media 428 оқылым 2 мин
Ашық сабақтар

«Ата Заң — ел тірегі» атты ашық сабақ (5–11 сынып оқушыларына)

5–11 сынып оқушыларына арналған ашық сабақта Қазақстан Конституциясы таныстырылып, құқықтар мен міндеттер талқыланады. Жоспарда топтық жұмыс, құқықтық ойын және рефлексия бар.

Bilimger Media 667 оқылым 2 мин