Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Қарлығаш» балабақшасының» өкілдері Көкшетау қаласының мектепке дейінгі ұйымдарымен тәжірибе алмасты

Bilimger Media
2 мин оқу 32 оқылым

2023 жылғы 28 наурызда Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының Ақмола облысындағы күндері аясында «Қарлығаш» балабақшасының өкілдері делегация құрамында Көкшетау қаласының мектепке дейінгі ұйымдарын аралады.

«Қарлығаш» балабақшасының өкілдері «Нұр бала» бөбекжай-бақшасының жұмысымен танысып, балалардың белсенді іс-қимыл орталықтары, «SAND ART» кабинеті, мобильді кітапхана, «Ұлттық мұра – қазына» орталығына және психолог кабинетінде болды. Сондай-ақ, мектепке даярлық топтағы «Болжау ағашы» технологиясын қолдана отырып ұйымдастырылған шеберлік сыныбына қатысты.

Келесі объект – «Алтын бала» балабақшасында мұражай, STEAM-кабинет, кітапхананы аралап, сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған топтардағы педагогтердің жұмысымен танысты (логопед, дефектолог, психолог). Ал «Zerek» бөбекжай-бақшасына сапар барысында интерактивті құмсалғыш, робототехника кабинеті, интерактивті альпинизм бөлмесі, сенсорлық бөлме, «STEM» зертханасында болып, «Интеллектум – балабақша» іскерлік ойынына қатысты.

Экскурсиясы аяқталғаннан кейін Көкшетау қалалық білім бөлімінде жергілікті мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтерінің және  «Қарлығаш» балабақшасы өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Отырыс барысында Ақмола облысы білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің бас маманы Андрей Майбах кездесудің өңірдегі мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне тәжірибе алмасу тұрғысындағы маңыздылығына тоқталды.

Дөңгелек үстел аясында ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасының директоры Бейбітгүл Казакпаева «Желілік балабақша моделі» тақырыбындағы презентациясын ұсынып, балабақшаның атқаратын қызметі мен оқытудың инновациялық әдістеріне жан-жақты тоқталып, атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.

«Қарлығаш» балабақшасының №2 объектісінің меңгерушісі Раушан Қожахметова «МДҰ-да білім беру сапасын бағалау үшін Есегѕ-3 шкаласын қолдану» тақырыбында семинар-тренинг өткізіп, әдістемені қолданудағы балабақшаның тәжірибесімен бөлісті. «Қарлығаш» балабақшасының №1 объектісінің әдіскері Нұржан Набатова өз кезегінде «Балабақшадағы Naushop» тақырыбында семинар өткізіп, мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыста оқытудың интерактивті әдістерін қолдану барысы туралы айтып берді.

Возможно, это изображение 6 человек, люди стоят и в помещении

Кездесу соңында Көкшетау қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері шараның кәсіби тәжірибе алмасудағы қажеттілігіне тоқталып, өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Жалпы, Көкшетау қаласының мектепке дейінгі ұйымдарымен кездесу барысында «Қарлығаш» балабақшасының заманауи қызметтерді көрсететін республика бойынша мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің көшбасшысы ретінде өз тәжірибесін өңірлердің мектепке дейінгі ұйымдарына таратуға дайын екендігі атап өтілді.

Возможно, это изображение 4 человека и ювелирные изделия

Өңірлердің мектепке дейінгі ұйымдарымен кездесудің басты мақсаты – «Қарлығаш» балабақшасында қолданылатын инновациялық методикаларды таныстыру, озық педагогикалық тәжірибемен бөлісу.

«Қарлығаш» балабақшасы ағымдағы жылы осы форматтағы іс-шаралар тізбегін Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының күндері шеңберінде еліміздің өзге де өңірлерінде өткізуді жоспарлап отыр.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 329 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 16 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 95 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым