Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Қаланған негіз...

Bilimger Media
2 мин оқу 31 оқылым

<span;>Біздің заман білім мен білудің уақыты.Уақыт бұрынғыдан тез өтіп,секундтарымыздың өзі бағалымызға айналды.Бүгінде өз уақытыңды құр бос өткізіп,керегіңе жаратпасаң,болашақта өзіне қиын болатыны сөзсіз.Себебі,біліммен ғана биік шыңнан көрінуге болады."Адамның нұры бір-біріне көмек берген кезде жүзінен төгіледі" дегендей,жоба аясында "қатарластарыма үйрету" бөлімін қолға алдым.Бұл таңдауға  септігін тигізген "эссе жазу" болған еді.Қазіргі күнң эссе жаза білу ең басты қағидат ретінде саналып тұр.Мектеп оқушылары,студенттер,тіпті жұмыскерлердің өзі эссе жазуға бейімделулері тиіс.Өйткені,әртүрлі жағдайды осы эссе арқылы жеткізуге мүмкіндік бар.Дәл осы бағытты таңдаудың өзіндік себептері,мақсаттары болған.Мектеп оқып жүріп бір түсінгенім,қатарластарым үшін эссе жазу қиындық тудырады.Олар ойларының нақтылығынан,сөздерінің көптілігін жөн көреді.Шығарманы да эссемен шатастырып,мүлде ауытқып кететіндері де жетеді.Сол үшін онлайн түрде эссені үйретуге көштім.Жұмыстың жемісті болуын қалағандықтан,"эссе бұл не?" деген сұрақтың жауабын түсіндіріп бастадым.Әртүрлі слайдтарды жасап,өзім жазған эсселерді жіберу арқылы оның құрылымын көрсетіп,күн сайын неше түрлі мәліметтермен бөлісіп отырдым.Тіпті,үш тілділікті негізге ала отырып,эссені қазақ,орыс,ағылшын тілдерінде жазып мысал ретінде жібердім.Бірінші эссе не екенін ұғындырып,кейін құрылымдарын таныстырып,одан кейін дәлелдерді саралаттым.Содан соң ғана олар эссе жазып бастады.Кейіннен уақыт өте келе үйреніп кетті.Өз нәтижелерін көрсету мақсатында маған тапсырмаларды жіберіп отырды.

Бұл жұмыс та қиындықсыз болмады.Эссені түсіне алмаған жандар үшін бұл жаңалықтай көрінді.Қайта-қайта шығарма немесе жай сөздерді жіберіп жүрді.Эссе құрылымы бар,алайда,тек бос сөздерді толтырған күйлері де кездесті.Бәрін бірден ұғынып,алып кету тым қиын екенін сол кезде түсінгендеймін.Олармен қоса өзім де эссе бағытында одан әрі дағдымды жетілдірдім.Әр айтқан сөзімнен қорытынды шығарып отырдым.Осылайша,қатарластарыммен бірге мен де эссе жазуды үйрендім.Кейбіреулері көп сөзді судай жазғанымен,түк ой да,түйін де болмайтын-тұғын.Бұл дәлелдер мен фактілердің дұрыс талданбауында.Осыны шешу мақсатында берілген тақырыптар бойынша әрдайым мағлұматтарды беріп отырдым.Соның арқасында олар эссе жазуды меңгеріп алды десем артық болмас.
Жоба арқасында "эссе" болашақта елеулі орын алар сала екендігін тағы бір мәрте түсіндім.Басқалардың білуіне,ұғынуына үлес қосқаным үшін қатты қуандым.Сол үшін де өз жігерімді дәлелдей алдым деген ой қалыптасты.Өзгенің де,өзімнің де жетілгендіме жоба көмек берді.Бұл әлі соңы емес...

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым