Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Қ. Мырза Әлінің «Домбыра» өлеңіндегі домбыра мен қазақ егіз ұғым

Bilimger Media
2 мин оқу 48 оқылым

Қазақты домбырасыз елестету мүмкін емес.Сонау заманнан бері ата-бабаларымыздан қалған ең қасиетті мұрамыз -ол Домбыра десек артық болмас.Өз тарихымызды білгіміз келсе домбыраның күмбірлеген үнің тыңдау да жетеді.Өйткені домбыра ол біздің өткенімізге сыр шертетін,ақиқатты растайтын нағыз дәлел.Көп ақындарымыз киелі аспабымызға арнап қаншама өлең арнады.Солардың ең бастысы әрине ол "Қадыр Мырза Әлі" деп санаймын.Ол домбыра мен қазақтың негіз ұғым екенін бізге дәлелдей алды.

Бұл өлең домбыра үшін жырдан қаланған ескерткіш секілді.Әр өлең жолдары қазақ пен домбыраның байланысының тұғыры биік екенін айқын көрсете алады.Мысалға:
" Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана,
Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана " деген өлең жолдарынан-ақ көп нәрсені ұғынуға әбден болады.Себебі,Домбыра ол ежелден қазақтың тірегі болған ұлттық аспап.Оның сырының өзі қаншама ақиқат пен шындыққа,қуаныш пен қайғыға толы.Қазақ айта алмаған әр сөзді,күй арқылы жеткізген.
Кетбұға бидің өзі Жошы ханның өлімін,осы домбыра арқылы естіртті.Хан баласының өлімін естірту үшін домбыраға тіл бітірген болатын.Міне,домбыраға қорғасынның құйылуы да осы себептен деседі халық.Расында,Домбыра ол қазақтың  кешкен тағдырының нағыз куәгері.Оны жоққа шығару да мүмкін емес шығар. Себебі,екеуінің тарихы бір.
" Бір ішегінде биіктік бар, бір ішегінде тереңдік,
Ол мылқауды сөйлетеді, жылатады кереңді" деп жазылған өлең шумақтары да қазақ мінезінің,табиғатының бәрі домбыраға байланысты екенін дәлелдей алады.Өйткені біздің қазақ шешен халық,сөз арқылы сүйекті сықырлата алатын ел екеніміз шын. Ал,Домбыра сол сөзді әр адамға тереңінен ,сезімге бөлетіп жеткізе алатын қазынамыз.Тіптен,Домбыра шертілгенде қазақтың кең–байтақ өлкесі, сұлу табиғаты, самал желі мен үрлеген бораны, көлдегі аққуы,жігерлі мінезі көз алдымызға келеді. Бұл – қазақ күйі мен домбыраның қасиеті.Өйткені қазақ пен домбыра егіз ұғым.
Қазақ халқы мен домбыраның байланысы ол біздің тарих және ол ұрпақтан-ұрпаққа аманат болуы тиіс.Әр адамға  рух берер бұл ұлттық аспап құнды қазынамыз болып сақталуы қажет.Өйткені,

Нағыз қазақ – қазақ емес,
Нағыз қазақ –Домбыра!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым