Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

"Пионер" ("Ақжелкен") журналы

Автор

Arailym
3 мин оқу 155 оқылым

1925 жылдың қаңтар айының 1-ші жұлдызынан бастап қазақ балаларына арналған “Пионер” журналының алғашқы саны шықты. Бұл туралы “Лениншіл жас” газетінің сол жылғы 44-ші нөмірінде: “Аймақтық пионер бюросы мен халық ағарту комиссариатының “Пионер” атты қазақша балалар журналының бірінші номері шықты. Губерния, уездердегі талапкерлер, барлық пионер балалар мезгілімен алдырып қалыңдар” деген хабарландыруы жарияланды.

Журналдың негізгі мақсаты – жастарды, жасөспірімдерді, балаларды отаншылдыққа, адамгершілікке, ең бастысы гуманизмге тәрбиелеу болды. Ол заманда да, бұл заманда да басылым балалар мен жасөспірімдердің жандарына жарақат салмай, психологиясына теріс әсер етпей, адамшылыққа тәрбиелеуді басты нысана етіп алған.

Бұл басылымда қазақтың белгілі ақын қызы Фариза Оңғарсынова еңбек еткен. Бұл кісі кезінде журналдың бас редакторы болып қызмет атқарды. Өмірінің соңғы кездеріне дейін журналмен байланысын үзген жоқ. Редакция алқасының мүшесі болды. Басылымдарда белгілі ақындар Тұманбай Молдағалиев, Қадыр Мырзалиев, Қастек Баянбаевтар еңбек етті.

Ақжелкен өз қатарында жасөспірімдердің, балалардың танымын кеңейтуде үлкен рөл атқарды. Мысалы, бұрындары балалар компьютердің не екенін білмейтін бірақ, бүгінде көпшілігі компьютердің құлағында ойнайды. Оның үстіне Ақжелкен журналы жасөспірімдердің талғамына сай жыл сайын өзгеріп тұрған. Журнал өз оқырмандарымен етене араласып, солардың арман тілектерін, мақсат-мұраттарын, табынатын тұлғаларын, нені ұнатып, нені ұнатпайтынын толық көрсетіп тұрды.

Ауылда да, қалада да балалар доп қуып футбол ойнағанды ұнатады.Демек журнал бетінен француз футболисті З.Зидан туралы мақала оқып, суретін көру олар үшін қызық. «Ақжелкен» журналының ерекшеліктерінің бірі – мақаланы оқу арқылы оның суретіне де зер салу. Осыған сәйкес журнал қазақ эстрадасы және әлемдік эстрада жұлдыздары арқылы жасөспірімдерді өздеріне баурап алды. Себебі бұндай тақырыптағы ақпарттар олар үшін қызық еді. Кейін журналы “АБК”, “МузАрт”, “Алдавай”, “Ұлытау”, т.б музыкалық топтар туралы мақалалар мен суреттерді жариялап тұрды. Сол кездегі «Ақжелкен» журналының бас редакторы, талантты жазушы Нұрғали Ораз (Нұрлан Жұмаханұлымен сұхбатында): “Таяуда жастардың өтінішімен Махабатты қалай сынауға болады деген тақырыпқа пікірлесу, сырласу клубының жұмысын бастадық. Махаббат-мәңгілік тақырып. Ондай әңгімеге қай кезде де қызығушылар көп. Пікірталас клубына ат қоятын тұста едәуір қиналғанымды жасырғым келмейді. Неге екенін білмеймін, ойыма А.Гриннің “Алқызыл желкендер” (“Алые паруса”) атты хикаяты орала берді. Бұл бір ғажап хикая. Ең бастысы, ертегі секілді сәтті аяқталды. Содан клубымыздың атын “Алқызыл желкен” деп атадық. “Ақ желкеннің” ішінде “Алқызыл желкеннің” болуы бір жағынан қызық та сияқты” -деп өз пікірін білдірген болатын. Сонымен қатар кезінде қаладағы үлкен көпірлердің астында “Менің кумирім Цой” деген жазулар болатын. Демек әр уақыттың жастары өзіне белгілі бір дәрежеде кумир іздейді. Сол кумирлеріне еліктейді. Ақжелкен журналы осыны ескеріп журнал бетінде “Менің кумирім” деген айдар ашады. Журнал осы айдарды пайдалану арқылы жастар арасындағы оза шапқан, өз саласында жетістікке жеткен азаматтарды таныстырып отырған. Егер осы “Ізінен аңыз ерген”, “Менің кумирім” бойынша жарық көрген дүниелерді жеке кітап ретінде жариялайтын болса, онда кәдімгідей жап-жақсы мазмұнды кітапқа айналатыны сөзсіз.

Жалпы, қазақ журналистикасында балаларға арналған бұл басылымдардың алатын орны ерекше. Өйткені, қай елде, қай ұлтта болсын жас ұрпақ тәрбиесі мен оларға жасалатын қамқорлыққа айрықша көңіл бөлініп, болашақ жақсы азамат қалыптастыру бағытында барлық мүмкіндіктер жасалды. Баланы жастайынан жақсылыққа, батырлыққа, адалдыққа, елін сүюге тәрбиелеу-ұлтымыздың қанына сінген қасиет. Бұл ретте басылым беттерінде баланың түсінігі мен қабылдау ерекшелігін ескере отырып жазылатын дүниелер олардың қызығушылығын тудырып қана қоймай, ынта-зейінін арттырып, тартымды тілмен және жүректерінен орын алатын тақырыпты дөп тауып жазуымен ерекшеленеді.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Ораз Н. “Ақ желкен” алға қарай жүзеді //Жас Алаш, 28 мамыр.-2002 (№63).-5б.

2.Қорғасбек Жүсіпбек. “Ақ желкен” мен “Ұлан” мерейлі жаста//Ана тілі, 22-28 қазан.-2015(№42).-7б

3.Бекбосын Мәншүк. Балалардың бас басылымдары “Ақ желкен” журналы-тоқсан, ал “Ұлан” газеті-сексен бес жасқа толды//Алматы ақшамы,27 қазан.-2015(№131).-7б

                                                                                                  БАҒДАУЛЕТ Арайлым,

                                                                                                  Журналистика факультетінің

                                                                                                  1-курс студенті

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Arailym

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 141 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 47 оқылым 2 мин