Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Өзіңнің отбасың туралы әнгімеле»

Шынар
3 мин оқу 305 оқылым

Тойгулыева Шынар Аманбаевна
«Жауқазын» балабақшасының тәрбиешісі
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы жетібай ауылы
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Өзіңнің отбасың туралы әнгімеле»
Мақсаты: өзінің отбасы туралы әңгіме құрастыруға үйрету. Өзінің отбасы мүшелерінің бір-біріне қалай көмектесетіндіктері жайлы сұрақтарға жауап беруге, басқа балалардың да отбасы туралы айтқандарын тыңдап, түсіне білуге ынталандыру.Отбасы мүшелеріне құрметпен, сыйластықпен қарауға тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, көрсету, ойын.
Қажетті құрал – жабдықтар:отбасы мүшелерінің суреттері. Үлкенді құрметтеу, сыйлау туралы суреттер.
Сөздік жұмыс: отбасы, әке, ана.
Көптілділік: отбасы – семья- fimaly, ата – дедушка-grand father, әже – бабушка-grand mother, әке - отец- father, ана – мать- mother, аға – брат-brother, апа – сестра-sister.
Қайырлы күн, менің сүйікті балаларым! Бүгін біз үшін өте ерекше күн болмақ.
Шаттық шеңбері:
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек,
Көңілді болып жүрейік!
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезгілінде неше ай бар?
-Қазір көктем мезгілінің қай айы?
-Көктем мезгілінде қандай ерекшеліктер бар?
-Жарайсыңдар балалар, орынымызға отырайық. Балалар жаңа оқу қызметін бастамас бұрын откен оқу қызметін бір пысықтап алайық. Біздің откен оқу қызметіміздің тақырыбы «Жақсы деген немене, жаман деген немене»
-Балалар мына суретке қараңдаршы не көріп тұрсыңдар?
-Оң жақтағы бала не істеп тұр?
-Ал сол жақтағы бала не істеп тұр?
-Екеуінің айырмашылығын айтыңдаршы?
-Ал мына суретке қараңдаршы бұл суретте балалар атаға орын беріп жатыр бұл дұрыспа? Сендер осы баланың орнында болсаңдар не істейсіңдер? Атаға орын бересіңдерма? Сендер өздеріңнің аталарыңды жақсы көресіңдерма?
Тәрбиеші:
-Мен сендерге жұмбақ жасырайын: «Кім тез табады?»ойынын ойнап жіберейік.
О/шарты:тәрбиеші отбасы мүшелерінің бірін сипаттап береді,балалар кім екенін тез табу керек.
1- Өзі мейірімді, шашы ағарған, кешкілік ертегі айтып береді? Бұл кім?
2- Көзінде көзілдірігі бар, көп оқиды, әжеге көмектеседі, немерелерді ренжітпейді. Бұл кім?
3- Жер бетіндегі ең әдемі , сен үшін қымбат адам. Бұл кім?
4- Өзі қатал , бос уақытын балалармен бірге табиғатта өткізетін отбасы мүшесі кім?
Балалар мен кімдер туралы жұмбақ жасырдым? Олай болса біз өзіміздің отбасы мүшелеріміз туралы әңгімелесейік.
-Балалар өзіміздің отбасы мүшелерін айтып берейікші?
-Атамыз, әжеміз әкеміз, анамыз, мен т,б
Отбасы - адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатады.Олар бізге осы дүниедегі ең жақын,бізді әркезде қолдап,қол ұшын беріп,көмектесетін,ақыл айтатын,жаман мен жақсыны,оңмен солды үйрететін ең жақын адамдар.
-Ия балалар дұрыс айтасыңда біз өзімізден үлкен кісілерге құрмет көрсетуіміз керек. Оларды сыйлап, олардан үлгі алуымыз керек.
-Ал балалар енді алдымыздағы лэдбукті ашайықшы. Бұл суретте кімге не керек екенін анықайық. Атаға көзілдірік пен газет. Балалар мен жұмыс.
Сергіту жаттығуы:

Дидактикалық ойын:
Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар сендер ойынды жақсы деңгейде орындадыңдар.
-Балалар,кім отбасы мүшелерін атайды?
-Аналарыңа қандай көмек көрсетесіңдер?
Отбасы туралы сурақтар қойылып, оқу іс әрекетін қорытындылайды.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: өзінің отбасы туралы әңгіме құрастыруға үйрету.
Түсінеді: отбасы қарым-қатынасын, отбасы - ол ең жақын адамдардың ошағы екенін.
Қолданады: отбасы мүшелеріне құрметпен, сыйластықпен қарауға тәрбиелеу.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Шынар

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Қазақ тілі

PISA оқу сауаттылығын зерттеу

Материалда оқу сауаттылығының мәні, PISA зерттеуіндегі мәтін түрлері мен оқу дағдылары, ақпаратты түсіну және оны өмірлік міндеттерде қолдану қарастырылады.

Шынар 1 мин 93 оқылым
Қазақ тілі

PISA оқу сауаттылығын зерттеу

Материалда PISA зерттеуіндегі оқу сауаттылығының ерекшеліктері, оқушылар кездесетін қиындықтар және мәтінді түсіну мен бағалауға арналған стратегиялар қарастырылады.

Шынар 2 мин 184 оқылым
Логопедия

«С-Ш» дыбыстарын ажырату

Сабақта балалар С-Ш дыбыстарының артикуляциясын меңгеріп, оларды буында, сөзде және сөйлемде ажыратуға арналған ойындар мен жаттығулар орындайды.

Шынар 3 мин 507 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 329 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 16 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 95 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым