Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Bilimger Journal №9 / 2026 шығарылымына мақала қабылдануда·QR-кодты сертификат Журнал №9 мақала қабылдануда·5 орын қалды 5 орын қалды Жариялау

: «» · ₸

1 мин оқу 63 оқылым

Элубаева Базаргүл Үсеновна
«№8 «Алтын сақа» бөбекжайы» МКҚК
Педагог – модератор, тәрбиеші


Тіл – халықтың жаны, ұлттың тұтаст миңығын сақтайтын ең басты құндылықтардың бірі. Сондықтан да жас ұрпақтың бойына тілге деген құрметті балабақша қабырғасынан бастап сіңіру – бүгінгі күннің маңызды міндеті.  Бала қандай тәрбиені балабақшада алса, болашақта соны алып жүреді. Сондықтан балабақшадағы тәрбие мен білім беру үдерісінде мемлекеттік тілді құрметтеу мен дамыту – ең өзекті бағыттардың бірі.

“Тіл туралы” заңның талаптарын орындау – тек ресми құжаттарды қазақ тілінде жүргізумен шектелмейді, ол ең алдымен балалардың тілдік ортасын қалыптастыру, күнделікті қарым-қатынаста мемлекеттік тілді қолдану арқылы жүзеге асады.

Балабақшада тәрбиешілер мен қызметкерлер қазақ тілінде сөйлеп, балаларға үлгі көрсетеді. Күн тәртібіндегі барлық оқу іс-әрекеттері, ойындар, таныстырылымдар, іс-шаралар мемлекеттік тілде өтеді. Бұл – сәбилердің тілін дамытуға, сөздік қорын молайтуға, қазақтың ұлттық дүниетанымын танып-білуге үлкен мүмкіндік береді. Сонымен қатар, балабақшаларда өзге тілді де үйрену мүмкіндігі қарастырылған. Бірақ басты талап – әр бала алдымен өз ана тілін еркін меңгеруі. “Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте” қағидаты дәл осы жерде өз мәнін табады. Ана тілін құрметтеген бала ғана өзге тілді қызығушылықпен үйренеді.

Барлық құжаттар, ақпараттық бұрыштар, ата-анамен байланыс – мемлекеттік тілде. Отбасы мен балабақша бір бағытта жұмыс істегенде ғана нәтиже жоғары болатыны анық.

Қорытындылай келе, “Тіл туралы” заңның орындалуы – ұлттық болмысты сақтаудың жолы. Балабақшадағы тілдік тәрбие – келешек ұрпақтың санасына тілге деген сүйіспеншілікті сіңіреді. Балалардың сөздік қорын байытуға арналған әдебиеттер оқу, ертегілер тыңдату, әңгіме құрастыру, ұлттық ойындар, мерекелік іс-шаралар кеңінен қолданылады. “Тіл мерекесі”, “Ана тілі – ардағым” сияқты апталықтар да маңызды рөл атқарады.

Авторы
Элубаева Базаргүл Үсеновна

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Білім мен ғылымның үйлесімі: болашақты қалыптастыратын білім ордасы

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті – ұлттың зияткерлік әлеуетін арттырып, білім беру жүйесінің дамуына тікелей ықпал ететін маңызды ғылыми-білім беру орталығы. Университеттің басты мақсаты – кәсіби білімі…

Бахыткуль Майбазарова 4 мин 10 оқылым
Балабақша

«LEGO құрастыру ойындары арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту»

Меңгеруші: Ережепбаева Алма Сайлаубековна Аңдатпа Мақалада «LEGO әлемі: ойнаймыз, құрастырамыз, дамимыз» әдістемелік құралы аясында мектеп жасына дейінгі балалардың құрастыру әрекетін ұйымдастыру жолдары қарастырылады.…

Ережепбаева Алма Сайлаубековна 8 мин 12 оқылым
Балабақша

«Таза Қазақстан» – экологиялық тәрбиенің бастауы балабақшадан

Мақалада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының идеяларын мектеп жасына дейінгі балалардың күнделікті өміріне енгізу тәжірибесі қарастырылады: серуендегі бақылау, тәжірибе, дидактикалық және рөлдік ойындар, еңбек, қалдықты сұрыптау, ұлттық тағылым және отбасымен бірлескен экологиялық жобалар.

Уразбаева Наргиза Самиғоллақызы 9 мин 41 оқылым