Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ою

Автор

Абылгазинова Айгерим Нурлановна
3 мин оқу 25 оқылым

Мақсаты:

-қазақтың ұлттық ыдыстарынабалалардың ой-өрісін кеңейту.

-Шығармашылыққа деген қызығушылығын арттырып,тілдерін дамыту.

-Бала бойындағы жақсы қасиетті дамытуға ықпал ету.

-Этнопедагогиканы қолдана отырып,балалардың бойына ұлттық мәдеиетін сіңіру.

Оқу қызметтерінің міндеттері:

1.Балалардың ойлау қабілеттерін,қиялын дамыту;

2.Балалардың сөздік қорын молайту;

3.Балалардың бойларындағы жақсы қасиеттерін дамытып,адамгершілікке,Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Білім беру саласы:Шығармашылық,таным,қатынас

Оқу қызметі: Сурет,математика,тіл дамыту,денсаулық

Оқу қызметінің көрнекілігі:Оюдың түрлері,қазақтың ұлттық ыдыстары

Билингвизм:кесе-пиалка,қызыл-красный

Оқу қызметінің өту барысы:

Шаттық шеңбер

Дайын, қағаз қаламым,

Бояу таңдап аламын.

Ақ көгершін көк аспан,

Суретін мен саламын.

Төсіне кең даланың,

Зәулім уйлер қаладым.

Ең биікке қадаймын,

Бейбітшілік жалауын.

Балаларды отырғызу.

(Есік қағылады) Қуыршақ Әсем келеді.

Қуыршақ: Сәлеметсіздерме!

Тәрбиеші: Сәлеметсіңбе. Балалар, бізге қуыршақ келді.

Қуыршақ: Ия балалар, менің атым Әсем. Маған қонақтар келетін еді, дастархан жайып жүріп, әжемнің кесесін сындырып алдым. Ондай кеселер дүкенде сатылмайды, қазақ оюлары түскен кеселер еді.

Тәрбиеші: Әрейне дүкендегі ыдыстар арнайы қоспалармен жасалған. Ата-бабаларымыз ежелден қолданып кележатқан тәсілмен қолданамыз. Бізде шеберханада табиғи заттардан жасап сүйретін табиғи бояулармен бояймыз. Кеселердің де оюлардың да түрлері өте көп. Саған көрсетіп өтейін.

Қуыршақ: Міне менің әжемнің кесесі осындай болған, бірақ оюдың түсі қызыл болған.

Тәрбиеші: Балалар қызыл түсті үш тілде атайықшы. (Үш тілде атап шығады) Қызыл, красный, red.

Кесенің оюын таңдадық.

Қуыршақ: Мен келетін қонақтарымның атын атап берейін, санын айтып беріңдерші.

                                            Бас бармағым-Әкем,

                                            Балан уйрек- Анам,

                                           Ортақ тірек- Ағам,

Шылдыр шүмек- Әпкем,

                                           Кішкентай бөбек- мен.

                                         Бір үйден нешеуміз?

Балалар: Бәрін қоссақ бесеу.

Қуыршақ: Дұрыс айтасыңдар балалар бұл менің отбасым, енді менің қонақтарымды да санап беріңдерші.

«Көшенің оң жағанда екі құрбым тұрады, оларға қарама қарсы сонша достарым тұрады?»

Тәрбиеші: Ал балалар ойланып санап дұрыс жауабын айтайық.

Жауабы: Төрт қонақ болады.

Тәрбиеші: Сонда балалар, бес отбасы мүшесі төрт қонақ барлығы қанша болады?

Жауабы: Барлығы 9 болады.

Тәрбиеші: Қуыршақ бізге тоғыз кесеге тапсырыс беріп отыр. Олай болса тәжірбие жасайық. Балалар қызыл түсті қызылшадан аламыз. Қызылшамыз алдынала тазаланып үгкүштен үгітілген.

Қуыршақ: Өте қызықты екен,  менде сіздермен бірге жасасам болама?

Тәрбиеші: Әрейне қуыршақ. Тарелкенің  үстінде жайылып тұрған дәкенің ортасына үгітілген көкөністі  салып, енді сол дәкенің етектерін ортаға жинап, бұрай отырып, шырынын сол тарелкегесығамыз. Міне бойауымыз дайын болды. Енді алдарыңда тұрған дымқыл сүрткішпен қолымызды сүртеміз. Сурет салатын қалпмымызды алып, кеселерімізге оюдың суретін салуды бастайық.

Саусақ жаттығуы:

Бір саусағым тіпті де

Ұстай алмас жіпті де

Екі саусақ бірікті

Қолға ине ілінді

Үш саусағым орйды

Жүгіртеді қаламды

Өнерлі екен он саусақ

Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Болып шықты он саусақ

Музыка әуені ойнайды.

Тәрбиеші:  Қуыршақ, сенің тапсырысың дайын. Бояуы  кепкенше балалармен бірге сергіту сәтін жасайық.

Сергіту сәті:

Қолға кесе аламыз,

Кесеге шай құйамыз,

Шай ыстық үф-үф деп үрлейміз

Шайдан барлығымыз ішейік.

Қуыршақ: Балалар сендерге көп рахмет, кеселер өте әдемі шықты, қонақтарымызда отбасымда қатты қуанатын болды.

Тәрбиеші: Қуыршақ, сенің бізге тапсырыс бергеніңе рахмет. Қазақ халқы қонақжай халық, және ыдыстарының оюының мағынасына аса мән беретін, дана халық.

1.Торсық теріден жасалған

2.Тостаған ағаштан жаслған

3.Ет табағы қара ағаштан жасалған

4.екі басты ожау қымыз,сорпа құюға арналған

5.Күбі ағаштан жасалған

6.көне самаурын темірден жасалған

7.Тайқазан

Қуыршақ:Мына ыдысты мен танимын.Бұл менің апамның тайқазанына ұқсайды.апам бұл қазанға ыстық бауырсақ пісіреді.Тайқазан ыстыққа төзімді ас дайындауға арналған.Қазанға Қазанға пісірген бауырсақты апам сендерге беріп жіберді.

Тәрбиеші:Қуыршақ келесі жолы сені тағы да қуана-қуана күтеміз.

Қорытынды:

Балалар,біз ұлттық нақышта жасалған заттарымызды  жоғалтпай,биік ұстап,өз халқымыздың құнды дүниелері ретінде  бағалай біліуміз керек.

-сендерге бүінгі шеберханадағы жасаған оюымыз ұнады ма?

Сендерге ою-өрнек несімен ұнады?

Қуыршақтың ыдысты сындырып алғаны дұрыс болды ма?

Балалардың жауабы:

-Маған бүгінгі шеберханадағы көкөністен жасалған,табиғи бояумен бояғанымыз ұнады.

-Маған қуыршақтың бізге бауырсақ әкелген бауырсағы ұнады.

-

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Абылгазинова Айгерим Нурлановна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Балабақша

перспектива ортаңіы топ

2021 жыл қыркүйек айы Өтпелі тақырып: «Менің балабақшам» Мақсаты:Қоршаған орта туралы білім беру, бала өзі табылатын ортада қарым –қатынас жасай білу дағдыларын қалыптастыру.сыйластық және достық нормаларын, төзімділікті…

Абылгазинова Айгерим Нурлановна 103 оқылым 74 мин
Жалпы рубрика

Ою

Балаларға ұлттық ыдыстар мен ою-өрнек туралы түсінік беретін оқу қызметінде сурет салу, тіл дамыту және санау тапсырмалары ұсынылады.

Абылгазинова Айгерим Нурлановна 25 оқылым 3 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 43 оқылым 2 мин