Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Bilimger Journal №9 / 2026 шығарылымына мақала қабылдануда·QR-кодты сертификат Журнал №9 мақала қабылдануда·жаңа шығарылым Жаңа шығарылым Жариялау

: «» · ₸

1 мин оқу 56 оқылым

Ахатберген Ақерке Мұқанқызы
Астана қаласы.
№52 Еркетай балабақшасы

Тәрбиеші


Бала – отбасының айнасы, ел болашағының негізі. Оның тұлға болып қалыптасуы ең алдымен отбасындағы қарым-қатынастың қандай екеніне тікелей байланысты. Себебі бала өмірге келген сәтінен бастап, алғаш тәлім-тәрбие алатын ортасы – отбасы.

Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы түсіністік, сыйластық пен сүйіспеншілік – баланың ішкі жан дүниесінің бай, мейірімді әрі өзіне сенімді болып өсуіне ықпал етеді. Егер отбасында жылы сөз, қолдау, бір-біріне деген құрмет басым болса, бала да өз ортасында сондай болуға ұмтылады. Керісінше, ұрыс-керіс, дау-дамай жиі болатын отбасында өскен баланың психологиясында түрлі күйзеліс, тұйықтық немесе ашушаңдық байқалуы мүмкін.

Сондай-ақ, отбасында әр баланың пікірімен санасып, оларға жауапкершілік арта білу де маңызды. Бұл – баланың тұлғалық дамуына әсер етіп, ертеңгі күні қоғамда өз орнын табуына септігін тигізеді.

Қорыта айтқанда, бала тәрбиесіндегі ең үлкен мектеп – отбасы. Сондықтан әр ата-ана өз баласына жақсы орта, мейірім мен махаббатқа толы қарым-қатынас сыйласа, ертеңгі елдің саналы азаматын тәрбиелегені.

Авторы
Ахатберген Ақерке Мұқанқызы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Білім мен ғылымның үйлесімі: болашақты қалыптастыратын білім ордасы

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті – ұлттың зияткерлік әлеуетін арттырып, білім беру жүйесінің дамуына тікелей ықпал ететін маңызды ғылыми-білім беру орталығы. Университеттің басты мақсаты – кәсіби білімі…

Бахыткуль Майбазарова 4 мин
Балабақша

«LEGO құрастыру ойындары арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту»

Меңгеруші: Ережепбаева Алма Сайлаубековна Аңдатпа Мақалада «LEGO әлемі: ойнаймыз, құрастырамыз, дамимыз» әдістемелік құралы аясында мектеп жасына дейінгі балалардың құрастыру әрекетін ұйымдастыру жолдары қарастырылады.…

Ережепбаева Алма Сайлаубековна 8 мин 11 оқылым
Балабақша

«Таза Қазақстан» – экологиялық тәрбиенің бастауы балабақшадан

Мақалада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының идеяларын мектеп жасына дейінгі балалардың күнделікті өміріне енгізу тәжірибесі қарастырылады: серуендегі бақылау, тәжірибе, дидактикалық және рөлдік ойындар, еңбек, қалдықты сұрыптау, ұлттық тағылым және отбасымен бірлескен экологиялық жобалар.

Уразбаева Наргиза Самиғоллақызы 9 мин 36 оқылым