Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Отбасылық зорлық-зомбылыққа кім кінәлі?

Bilimger Media
2 мин оқу 60 оқылым

Отбасылық зорлық-зомбылыққа кім кінәлі?

Отбасы — бірлесіп күн көретін, туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді қажеттіліктерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы. Отбасылық өмірде махаббат, сыйластық, жауапкершілік сынды қасиеттер бірінші орынға қойылуы тиіс. Дегенмен соңғы статистикаға сүйенсек, тұрмыстық өмірдегі моральдық және адами құқықтарға қарсы жағдайлар едәуір артқан. "Отбасылық зорлық-зомбылық мәселесі қоғамның ауыр жарасына айналуда. Жыл сайын елде осы азғындықтың салдарынан кем дегенде сексен әйел қайтыс болады. 150 - ге жуық нәзік жанды ауыр жарақат алды, 200 - і орташа және 4000-нан астамы жеңіл жарақат алды. Полицияға күн сайын 300 өтініш келіп түседі", - деп мәлімдеді Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің бастығы Марат Әбішев.
Отбасындағы зорлық-зомбылық құрбандарының көпшілігі – моральдық тұрғыдағы мінеуден қорқып, құқық қорғау органдарына шағымданудан бас тартып жатады. Тұрмыстық зор-
лық-зомбылық — негізгі қоғам-
дық институттарға, оның ішінде
отбасы институтына айтар-
лықтай әсер ететін өткір әлеуметтік
проблемалардың бірі. Ендеше тұрмыстық зорлықты қалай ажырата аламыз?

Тұрмыстық зорлық-зомбылық түрлеріне тоқталсақ, біріншіден ,күш көрсету зорлық-зомбылығы - дене күшін қолданып, денені ауыртып денсаулыққа қасақана зиян келтіру. Екіншіден,психологиялық зорлық-зомбылық - адамның психикасына қасақана әсер ету, оны қорқыту, қорлау, бопсалау және денсаулыққа қауіп төндіретін, сондай-ақ психикалық, дене және дамуының бұзылуына әкелетін әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу (еріксіз көндіру) арқылы ар-намысы мен абыройын кемсіту. Үшінші түрі, сексуалдық зорлық-зомбылық - жыныстық еркіндігіне қауіп төндіретін, құқыққа қарсы қасақана іс-әрекет. Төртінші түрі, экономикалық зорлық-зомбылық - адамды заңмен көзделген құқығы бар тұрғын үйінен, тамағынан, киімінен, мүлкінен, қаражатынан қасақана айыру.

Отбасылық зорлықтың себебі неде?

"Алкоголь, есірткі және құмар ойындар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың негізгі себептері болып саналады. Көп жағдайда агрессивті мінез-құлықтың негізінде агрессордың оның жүз пайыз дұрыс екендігіне, оның қалауы бойынша жасауға айрықша өкілеттігі бар екеніне қатты сенімі жатыр"- дейді отбасылық психолог Гүльжан Амангельдинова.

Заң не дейді?

"Еліміздің Ата Заңы адамдардың құқықта-
ры мен заңды мүдделерін қорғауға кепілдік береді.Осыған орай, тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісіне қарсы адамдардың құқықтарының қорғауда болу қажеттігін ҚР Конституциясының бірнеше баптары көздеген. Атап
айтқанда, Конституцияның 13-бабына сәйкес «әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда,
заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы" деп мәлімдейді заңгер Дәурен Шәріпов.

Қорытындылай келе, отбасында қорлық пен зорлық көрген әйелден , ел ертеңін қорғайтын азамат шықпасы анық. Әйел бір қолымен бесік , бір қолымен әлем тербетсін десек, оның қолдарын сындырып, мейріммен қарайтын жанарының нұрын кетірмеуіміз керек.

Талғатова Алия

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым