Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

"Отбасы мен балабақша бірлігі".

Кулманова Эльмира Утегеновна
2 мин оқу 73 оқылым

Балалық шақ – адам өміріндегі ең маңызды да, ерекше уақыт. Сондықтан осы кезді тиімді пайдалану өте маңызды. «Бала тәрбиесі – мемлекеттің маңызды міндеті» Қай кезеңде болсын ұрпақ тәрбиесі бәрінен де маңызды. Міне, осы тақырып бүгінде де бізді қатты ойландырып, толғандырып отырған жайы бар.
Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін.
Тақырыбы: Отбасы мен балабақша бірлігі.

Балалық шақ – адам өміріндегі ең маңызды да, ерекше уақыт. Сондықтан осы кезді тиімді пайдалану өте маңызды. «Бала тәрбиесі – мемлекеттің маңызды міндеті» болып табылады.Қай кезеңде болсын ұрпақ тәрбиесі бәрінен де маңызды. Міне, осы тақырып бүгінде де бізді қатты ойландырып, толғандырып отырған жайы бар. Дәл қазіргі жағдайда қандай ұрпақты тәрбиелеп жатырмыз деген сұрақ туындайды.
Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс тәрбие мен білім алуына жағдай жасау – ата-ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала - әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.

Ата-аналар өз балаларының басты тәрбиешілері болып табылады.  Отбасы – бұл баланың өмір сүру ортасы: қамқорлықтың тұрақты көзі, тәрбиелеу мен қарапайым біліммен қаруландыру және шешім қабылдай білуге үйрететін ең жақын адамдардың мейірім шуағын сезетін орын. Отбасында барлығы жақсы болған жағдайды – балалар жақсы жетістіктерге жетіп, өзінің даму әлеуетіне көтеріле алады. Отбасы мен педагогикалық ынтымақтастық – баланың қанаттану деңгейі мен тәрбиешінің жұмысының сапасын арттырады.
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың түрлері мен әдістері олардың педагогикалық мәдениетін көтеруге, балабақша мен отбасының өзара ынтымақтастығына және тәрбие жұмысының әлеуетін арттыруға бағытталған.

Қазіргі заманның ата-аналарына көмек көрсету қажет, өйткені педагогика мен психология жөніндегі білімдердің болмауы қателіктерге, түсініспеушілікке демек, тәрбиенің нәтижесіздігіне әкеліп тірейді. Сондықтан да балабақша педагогтарының негізгі күштері ата-аналардың педагогикалық мәдениетінің деңгейін жоғарылатуға бағытталған. «Тәй-Тәй» технологиясының отбасыны педагогикалық ағарту бойынша жұмыс нысандарының бірі ата-аналар жиналысы болып табылады.

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне азап әкеледі» деген. Қазақстанның дамуына үлес қосатын, әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты, денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару – қоғам, ұстаздар мен ата-аналар, мұғалімдер қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті.

Тәрбиеші: Кулманова Э.У.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Кулманова Эльмира Утегеновна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 348 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 16 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 98 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым