Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Отбасы арасындағы жанжал және қақтығыстар

Алтынай Тилеген
2 мин оқу 94 оқылым

Отбасы – адамның өміріндегі ең жақын ортасы, қауіпсіздік пен қолдау табатын жері. Алайда, кез келген қарым-қатынастарда сияқты, отбасы арасында да жанжалдар мен қақтығыстар туындауы мүмкін.

Отбасылық жанжалдардың негізгі себептері:

1. Қаржылық мәселелер: Көп жағдайда отбасылар арасындағы жанжалдар ақша мәселесіне байланысты туындайды. Қаржы тапшылығы, кірістерді дұрыс бөлмеу немесе отбасылық шығындар туралы келіспеушіліктер ерлі-зайыптылар арасында ұрыс-керіске әкелуі мүмкін.

2. Көзқарастар мен құндылықтар айырмашылығы: Әрбір отбасы мүшесі өз ерекшелігімен келеді, сондықтан олардың өмірлік құндылықтары мен көзқарастары да әртүрлі болуы мүмкін. Әсіресе, ұрпақтар арасындағы айырмашылық ата-аналар мен балалардың көзқарастарының сәйкес келмеуіне себеп болады.

3. Балалар тәрбиесі: Баланы тәрбиелеу тәсілдері туралы келіспеушіліктер ата-аналар арасында жиі кездеседі. Бір ата-ана қатаң тәрбие беруді қолдаса, екіншісі жұмсақ тәсілдерді ұстануы мүмкін, бұл өз кезегінде ұрыс-керіске себеп болады.

4. Еңбек және үй шаруасы жүктемесі: Үй шаруасы мен жауапкершілікті тең бөлу мәселесі де жанжалға әкелуі мүмкін. Үй шаруасындағы әділдікке мән бермеу кейбір отбасы мүшелерінің ренішін тудырады.

5. Қызғаныш пен сенімсіздік: Ерлі-зайыптылар арасында қызғаныш сезімі, сенімсіздік, сатқындық жанжалға себеп бола алады.

Отбасылық жанжалдан ең көп зардап шегетіндер — балалар. Олар ересектерге қарағанда эмоционалды тұрақтылығы әлсіз болғандықтан, отбасындағы ұрыс-керіс, түсініспеушілік және келіспеушіліктер балалардың психологиялық және эмоционалдық жағдайына кері әсер етеді. Балалар ата-аналарының жанжалын өз кінәсі деп қабылдауы мүмкін, бұл олардың өзін-өзі бағалауын төмендетіп, сенімсіздікке әкеледі. Қазақстанда отбасылық проблемалар, соның ішінде ажырасу көрсеткіштері жылдан жылға өсіп келеді. Статистикаға сүйенсек, некелердің шамамен 40%-ы ажырасумен аяқталады. 2011 жылы тіркелген 160,5 мың некенің 28%-ы, ал 2015 жылы 148,7 мың некенің 35%-ы ажырасқан. Бұл көрсеткіш соңғы жылдары 40%-ға жетті. Ажырасулар көбінесе толық емес отбасылардың, алимент төлеудегі қиындықтардың артуына алып келіп, балалардың психологиялық және эмоционалдық дамуына әсер етеді. Балалар көбіне ата-аналар арасындағы жанжалдардан зардап шегеді, бұл олардың болашағына да кері ықпал етеді

Отбасы — адамның қалыптасуында, тұлғалық дамуына ықпал ететін маңызды ортасы болғандықтан, ондағы қарым-қатынастарды жақсартуға, бір-біріне түсіністікпен қарауға назар аудару қажет. Жанжалдарды сабырлықпен шешу, тыңдау мәдениетін қалыптастыру және мәселені ашық талқылау арқылы отбасы мүшелері арасындағы қатынастарды нығайтуға болады. Сондай-ақ, егер жанжалдар тереңдей түссе, кәсіби психологтың көмегіне жүгіну де тиімді шешім бола алады. Жанұядағы сыйластық пен сенімділік орнаса, балалар да эмоционалдық тұрғыда тұрақты, бақытты болып өседі, ал отбасындағы тыныштық қоғамдағы тұрақтылыққа да әсер етеді.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Алтынай Тилеген

Пікірлер 3

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

  1. Маржан

    Керемет👏
  2. Құтбике

    Өте күшті мақала! Жақсы жазылған
  3. Серік

    Өте пайдалы👍

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 56 оқылым