Мазмұнға өту

Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері

Игисенова У.С. 4 мин оқу 1 190 оқылым

Игисенова У.С.

Қазақстан азаматтарының әрқайсысы үлес қосуға міндетті, оның ішінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері тіл жанашырлары қатарынан орын алатындықтан, тапжылмай еңбек етіп  үлестерін қосуға міндетті.

Жоғарыда айтылғандарды ескере келсек, қазақ тілін оқытуға қойылатын талап- тілектердің бүгінгі күнде жаңарып отырғанын аңғарамыз.

Орыс  мектебінде қазақ тілін үйрететін ұстаз  үшін   басты мақсат-өзге ұлттың баласын мемлекеттік тілде сөйлету.

Осы  жауапкершілікті іске асыру үшін мен өз алдыма мынадай міндеттер қойдым:

— орыс мектептеріндегі балаларға тілді үйрену жеңілдеу болу мақсатында тілдің күнделікті практикалық жағын қарастыру;

— Қазақ тілі сабағында оқушының  айтылым дағдысын  қалыптастыру, сөз

байлығын молайту;

— Шығармашылықпен  жұмыс істеуге, үнемі өз бетімен ізденуге дағдыландыру;

— Оқушылардың тілді үйренуге қызығушылықтарын арттыру.

Осы міндеттерді шешуге  тиімді  әдіс- тәсілдерді қолданамын:

Бүгінгі күні қазақ тілін үйретуде мұғалімнің ең бірінші көмекшісі – ақпараттық-техникалық құралдар.

«Болжау әдісі» - тақырыпқа байланысты  видеороликті көрсетіп, тоқтатады, балаларға сұрақтар  қойылады. Сұрақты оқушылар жұппен, топпен талқылайды. Бір шешімге келіп жауаптарын айтады. Постер қорғайды.

1.Балалар қайда келді?

2.Балалар ауылда не істеді?

3.Атасы не оқып отыр екен?

4.Кітап не туралы?

5.Бәйтерек қай қалада орналасқан?

6.Астанада тағы нелер  бар?

Қалай ойлайсыңдар балалар Астанаға барды ма?

Атасы мен әжесі Астана қаласынына барды ма?

«Болжау әдісі»- тілді үйренуге қызығушылықтарын туғызып, ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.

Көрнекілік әдіс – сабақ сайын жүргізілетін әдіс.  Қай сыныпта болса да, түрлі суреттерді  көрсету арқылы сөздерді үйретуге болады. Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды яғни эстетикалық жағынан жақсы, ірі екі немесе үш түстен болуы керек.

Мысалы : «Ұлттық киімдер» тақырыбын өткен кезінде киімдердің суретін көрсету  арқылы  әр түрлі тірек кестелер және таблицалармен сөздерді, сөз тіркестерді  үйретуге болады.

Келесі әдіс сұрақ – жауап әдісі. 
Бұл әдіс балалардың тілін дамыту үшін манызды әдістің бірі. Сабақтың қай кезеніңде болса  да қолдануға болады . Өте белгілі де тиімді әдіс. Жас ерекшелігіне байланысты сұрақ қойылады.  Мысалы: мақал-мәтелдер  тақырыбын өткен кезінде мақал-мәтелдерді тез есте сақтау үшін оқушыларға мақалдардың негізіне құрылған сұрақтар қойылады.   Мысалы:  -Әдепті бала қандай бала?

-  Әдепті бала  арлы бала.

-Әдепсіз бала қандай бала?

-Әдепсіз бала сорлы бала.

Сонда балалар, бұл мақалды тез  жаттап алады.

Орыс сыныптарында айтылымға  үйретуде рөлдік ойындарды, диалог, көрініс қою, жұмбақ, сөзжұмбақ шешу, тірек схемасын пайдаланып, жүйелі түрде әңгімелеуге үйретемін  (Көрнекіліктер)

Мысалы «Мен қандаймын?» ойынның шарты: Сыныптағы әр оқушы өзінің аты қандай әріптен басталса,оған сол әріптен сын есім сөзін қосып айтады. Мысалы: Дәурен-дарынды, Әйгерім-әдепті, Алма-ақылды.

«Адасқан әріптер» ойыны.

З А Қ А Н –қазан

Р К Ү Қ Ы Й К Е –қыркүйек

Л Е Ж С А Н Т О Қ –желтоқсан

«Шығармашылыққа баулу әдісі»

Балаларға өлең құрастыру үшін, тірек сөздер қолданамын.

........................................баламыз,

.........................................саламыз.

..........................................сабақты,

..........................................боламыз

“ Ыстық орындық” әдісі. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық.

“Автор орындығы” оқушының өзі жазған шығарма, эссесін оқытқанда отырғызып оқытуға болады.
Бұл әдістер үй тапсырмасын сұрауда, өткен сабақты бекітуде тиімді.
 «Миға шабуыл» стратегиясы
Тақырыпқа байланысты идеяларды көбірек жазыңыз. Уақыт аяқталғанда кезектесіп өз идеяларыңызды оқисыз, идея қайталанбау керек. Қайталанған идеяларды сызып тастап отырыңыз.

«Он сұрақ!» әдісі.
(мұғалімдермен жұмыс, гүл, семинар, сабақ, оқу сөздерін келтіру)
Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.
 «Құпия зат»
– мына зат бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз:
Бұл не? деп СҰРАМАҢЫЗ
Амонашивилидің ситуациялық –рөлдік ойындары.  

Мәселен, «Дүкенде»,  «Аялдамада», «Автобуста», «Кітапханада»», «Саябақта» т.б. тақырыптарда диалог түрінде әңгімелесулер өткізу. Әр сабақ үстінде әр тақырыпқа байла-нысты 3-4 жұптан сұрап тұрған артық етпейді. Ол оқушылардың тілдерін жаттықтырып,  оларды жүйелі сөйлеуге  дағдыландыра түседі.

Қорытынды

Қазақ тілі сабағында оқушыларды сөзді дұрыс қолдана білуге, өз ойын орнықты жеткізуге, еркін сөйлей білуге жетелейтін тәсілдің бірі – тіл дамыту жұмыстары. Тіл дамыту мақсатындағы жүргізілетін жұмыстар оқушының ойлау қабілетіне, сондай-ақ өз ойын жеткізе білуіне, шығармашылық ізденісіне жол ашады. Оқушының білімі ғана жетіліп қоймайды, қабілетінің, дарын көзінің ашылуына түрткі болады.

Орыс тілді мектеп оқушыларын қазақ тілінде сөйлеуге үйрету, оны оқыту әдістемесін жетілдіру-бүгінгі күннің аса маңызды мәселесі.

Тіл  дамыту - қазақ тілі пәні бойынша әрбір сабақтың ең негізгі мақсаттарының бірі болатындығы осы жұмыста дәлелденді.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Игисенова У.С.

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин