Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ордабасы" жалпы білім беретін мектеп КММ “ҒЗИ ғылыми орталықтар және ЖОО мен бірлескен білім беру жобалары.

Өтеқұлова Құндызай Әбілсейітқызы
1 мин оқу 37 оқылым

Өтеқұлова Құндызай Әбілсейітқызы


Өңірдің ҒЗИ, ғылыми орталықтар және ЖОО мен бірлескен білім беру жобаларының нақты іске асырылуы

Қазіргі таңда білім беру саласында ғылым мен тәжірибені ұштастыру, оқу үрдісін заманауи зерттеу нәтижелерімен толықтыру маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Осы бағытта мектеп пен өңірдегі ғылыми зерттеу институттары (ҒЗИ), жоғары оқу орындары (ЖОО) және техникалық колледждер арасында өзара ынтымақтастық орнату тиімді нәтиже беріп келеді.

Білім беру сапасын арттыру мақсатында мектеп оқушыларының ғылыми-ізденіс мәдениетін қалыптастыру, ғылыми жоба және зертханалық жұмыстарға қатысуына жағдай жасау көзделген. Осы бағытта университеттер мен колледждермен меморандумға отыру — маңызды қадамдардың бірі.

Атап айтқанда, «Ордабасы» жалпы білім беретін мектебі КММ мен Жұмабек Ахметұлы Ташенов атындағы университет АҚ, сондай-ақ №18 колледжі мен Жол-көлік колледжі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Бұл құжаттың негізінде төмендегідей бірлескен шаралар жүзеге асырылуда:
- Оқушыларға жоғары оқу орындарының және колледждердің зертханаларында тәжірибелік сабақтар өткізу;
- Оқушылар мен студенттерге арналған шеберлік сабақтары мен ғылыми семинарлар ұйымдастыру;
- ЖОО және колледж оқытушыларымен бірлескен жобалық және ғылыми жұмыстар жүргізу;
- Мамандық таңдау, кәсіптік бағдар беру бағытында ақпараттық кездесулер өткізу.

Сонымен қатар, өңірлік ғылыми орталықтармен өзара байланыс орнатылып, мектеп оқушыларына ғылыми жоба тақырыптарын таңдауда, зерттеу әдістемесін үйретуде әдістемелік қолдау көрсетілуде. Бұл жұмыстар оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамытып қана қоймай, олардың кәсіби бағдарын айқындауға зор үлес қосады.

Жалпы алғанда, өңірдің ЖОО және ғылыми ұйымдарымен бірлескен білім беру жобаларының нақты іске асырылуы — білім берудің сапасын арттыруға, инновациялық ойлауы қалыптасқан тұлға тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Ж.А. Ташенов атындағы университет пен «Ордабасы» жббм меморандумы

«№18 колледж» бен «Ордабасы» жббм меморандумы

«Жол көлік колледжі» МКҚҚ мен «Ордабасы» жббм меморандумы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Өтеқұлова Құндызай Әбілсейітқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 143 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 48 оқылым