Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары

Автор

Турсынбекова Багдагул Абдигалиевна
6 мин оқу 1 249 оқылым

Турсынбекова Багдагул Абдигалиевна

Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңының 5-тарауындағы

41-баптың 1-бөліміндегі “педагог қызметкерлер өз біліктілігін артыруға

міндетті” деп көрсетілуі, “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында

елбасының “біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен

достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі

бүкіл ағартушы қауым алдында “Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық

технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру,

шығармашылық қабілетін дамыту” өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі.

Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп басшысы, ұжымдағы мұғалімдердің

кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән беру қажет.

Мектеп –еліміздің халыққа білім беру жүйесінің – күрделі тармағы.

Сондықтан мектебіміздің мақсаты: жеке тұлғаны  жан-жақты дамытудың

алғы шарты ретінде оқушыларды сараптап оқыту арқылы шығармашылық

қабілетін дамыту.

Міндеттері ретінде:

  • Оқу –тәрбие үрдісіне диаагностикалық талдау жасау
  • Оқушының жеке тұлғасының мониторингісін құру
  • Оқу –тәрбие үрдісін ізгілендіруді жүзеге асыру

Мектептің алдына қойған мақсаттарын шешуге пән мұғалімдерінің

сапалық құрылымы мен әлеуметтік жағдайларын білу мен зерттеуді және

қолдауды алдымыздағы бірінші кезекті мәселе етіп қойдық.

Мұғалім туралы қысқаша мәлімет                        1-кесте

Р/с Мұғалімнің аты-жөні Туған жылы Білімі, бітірген оқу орны Қаша бітірді Мамандық Стажы Курстан қашан өтті Наградасы Ұжымдық жүктемесі Сабақ саны, оқу жүктемесі Мекен жайы Отбасы құрамы әлеуметтік жағдайы
Турсынбекова Багдагул Абдигалиевна 1971 07.10 Ақтөбе мемлекттік институты 2006 жыл Музыка пәні мұғалімі 24 жыл 2016 жыл - 18 с Ақтөбе қаласы 5 адам орташа

Алынған мәліметтер бойынша туындаған проблемалар:

  • Мұғалімдердің жоғары білім алуына және ғылыми ізденіспен

шұғылдануына жағдай жасау;

  • Білім, біліктілігін арттыру;
  • еңбектерін әділ бағалай отырып, құрметтеу;
  • мұғалімнің әлеуметтік жағдайына көңіл бөлу, көмек көрсету;

Еліміздің жарқын болашағы, өзіміз қызмет істеп жүрген мектеп болашағы

біздің ұстаздардың ізденісіне, балаларға деген сүйіспеншілігіне, кәсіптік

деңгейіне байланысты екенін жақсы түсінеміз. Шындығында мұғалімнің

алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр.

Әрбір оқушыны оқытып, тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен

және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек.

Оқушының білім сапасын көтеру негізгі мақсат. Біз соңғы нәтиже

сипатын, мектеп түлегінің білімділігі үлгісі арқылы құрдық.

Біздің оқушыға қойған талабымыз:

  • қоршаған ортаны сезе білу, құбылыс себептерін іздене білу;
  • ақыл парасатты игеріп, ойлау, сезім қабілеттерін арттыру;
  • алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылу;
  • өзін - өзі талдауды, өзін - өзі бағалай білуді меңгеру;
  • басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу, осы заманға сай

технологияларды пайдалана білу (интернет, электронды пошта);

  • қоршаған ортада өз орныңды , жеке рөліңді анықтай білу;

Сондықтан, мектеп мұғалімінің сапасын соңғы нәтижеге бағыттау

керек.  Көздеген мақсатымыздың нәтижесін көреміз, мұғалімнің кәсіби

шеберлегін дамытуға қажетті жағдай жасау арқылы білімнің жаңа

парадигміне өту тәртібі бойынша ғылыми-әдістемелік жұмысын

ұйымдастыру.

Мектеп мұғалімдері шығармашылық жұмыспен айналысуға даяр

болуы керек, нәтижеге жетуге ұмтылу қажет.

Ел президенті Н.Назарбаевтың  Қазақстан халқына арналған

Жолдауында “Біздің болашақтағы жоғары технологиялық және ғылыми

қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет” деген

сөздері бар. Демек, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын

қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы тиімді

пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу – мектептің басты бағыттарының бірі.  Бұл

салада атқарылатын жұмыстар жетерлік.

“Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін

ең бастысы жағдайлар жасау қажет”.

Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе

мұғалімнің кәсіби  біліктілігне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты

екені айдан анық.

Көбінесе “дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір

қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл

пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда

қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз

ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал

қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне

түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар

ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының

шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын

оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан

мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн.

Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі  мақсаты- олардың

шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын

қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және

оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.

Дарынды оқушымен жұмыс жүйесіндегі мұғалім маңызды орын

алады.  Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби

тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты.

Бұл контексте болашақ мұғалімді жаңашыл педагогтердің  инновациялық

тәжірибесін шығармашылық ынтамен меңгеру және  пайдалану арқылы

даярлаудың келешегі зор деп ойлаймыз.

Жаңашыл педагогтер оқушының жеке тұлғалық абройын барынша

құрметеуге, оның шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін,

өздігімен ойлау қабілетін дамытуға, жағымды эмоциональдық

педагогикалық үрдісті қалыптастырып, одан педагогикалық зорлықтың

барлық түрін аластатуға  бағытталған ізгіліктік стратегиясымен

сипатталады.

Олардың тәжірибесі мына ережелерге негізделеді:

  • оқытуды мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым-қатынасы

ретінде қабылдау.

  • Күрделі мақсат идеясы (оқушының алдына барынша күрделі мақсат

қойылып, оны орындай алатындығына сенімін нығайту);

  • Өзіндік талдау (оқушылардың жұмыс нәтижелерін жеке және ұжымдық

талдау);

  • Ерікті таңдау (мұғалімнің оқу материалының жақсы меңгерілуі

мақсатында сабақ уақытын өз бетінше пайдалануы);

  • Оқушылардың өзін- өзі шығармашылық басқаруы;
  • Тәрбиеге жеке тұлға тұрғысынан қарау;
  • Ата- аналармен ынтымақтастық құру;

Сонымен, жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесі тұлғаны

дамытуда ізгілік және шығармашылық көзқарасқа негізделген әдістер мен

үйесін құрайды.

Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:

  • өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары

деңгейде білу;

  • оқушы дарындылығының моделін білу;
  • қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;
  • дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгірімге ғана көңіл

бөлмей оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлу;

  • дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға

шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі.

Мұғалімнің іскерлігіне қойлатын талаптар:

  • дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;
  • дарынды оқушыларды (жекелей және топпен)оқытуға арналған

бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс істей білуі;

  • оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе

алуы;

  • дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;
  • дарынды оқушының ғылыми –ізденіс жұмыстарымен айналысуына

жетекшілік етуі;

  • дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке

жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы.

Сондай-ақ дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыс жасайтын мұғалімнің

кәсіби “бейнесі” мынадай қасиеттерден тұрады: жоғары кәсіби біліктілік,

даралық қасиет, білімпаздық, ойлап табуға және ғылыми  зертеу

жұмысына қабілеттілік, кәсіби қызметін өздігінен жетілдіруге

ұмтылушылық. Дарынды оқушымен жұмыс мұғалімнің өзіне, қызметіне

және кәсіби біліктілігіне жаңа, жоғары талаптар қояды. Тіпті оның кәсіби

жетілуіне өзгеше емтихан болып табылады.

Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті: “…Көптеген табиғи талант

дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи

құбылысына терең бойлай алмай, тұпарды есекке айналдырып құртып

тынады”. Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек.

Оқушылардың шығармашылық  қабілетін арттырып, ынталандыру үшін

сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:

  1. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
  2. Сабақты түрлендіріп өткізу;
  3. Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;
  4. Техникалық құралдарды тиімді қолдану;
  5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.

Қорыта келгенде, О.Бальзактың “ұдай еңбек ету- өнердің де, өмірдің де

заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық  қабілеті мен

белсенділігін артыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді

міндеттейді.

Әрине, артқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді

ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – білім

сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп

оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с. Өйткені, ХХІ ғасыр-

білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-

жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. ҚР Білім туралы Заңы. Астана. 2004 жыл.
  2. Н.Назарбаев “Біздің халқымыз жаңа өмірге бейімделуі керек”.//”Егемен

Қазақстан”. 31 мамыр. 2000 ж.

  1. Бабаева Ю.Д. Динамическая теория одаренности. Основные современные

концепции творчества и одаренности. М. 1997г.

  1. Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки

учителя. – Алматы. “Ғылым”. 1988г.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Турсынбекова Багдагул Абдигалиевна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Осы тақырыптағы материалдар

Баяндамалар

Отбасы

Баяндамада отбасы мүшелерінің бірлігі мен өзара қолдауы, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және отбасының өмірдегі орны сөз болады.

Қалиасқар Елдина 43 оқылым 1 мин
Баяндамалар

Дос

Баяндамада достың жанашырлығы мен адам өміріндегі орны айтылады. Мәтін достықты бағалап, айналаға жақсылық жасауға шақырады.

Қалиасқар Елдина 43 оқылым 1 мин
Баяндамалар

Доклад на тему:«Современный урок русского языка и литературы»

Мы с вами знаем, что в данное время главная наша задача - мотивировать обучающихся на проявление инициативы и самостоятельности. Учитель должен организовать самостоятельную деятельность учащихся, в которой каждый мог…

Абишева Акмарал Пердебаевна 61 оқылым 14 мин
Баяндамалар

"Ұлттық құндылықтар"

Баяндамада ауыл шаруашылығы, мәдениет пен дәстүрлер, отбасы және тұрғындардың өзара көмегі сөз болады.

11"Б" сынып оқушылары 42 оқылым 1 мин