Мазмұнға өту

оқу қызметінің конспекті

Марина 2 мин оқу 593 оқылым

Білім беру салалары: «Таным»
Оқу қызметі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: «Ақтөс балаларға қонаққа келді»
Мақсаты: Балалардың қарапайым математикалық дағдыларын қалыптастыра отырып, 1 ден 5-ке дейінгі сандар жайлы түсініктерін тереңдету. Геометриялық пішіндерді тануға және Никитин методикасы бойынша сандар туралы, оларды тура және кері жаңылмай санауға үйрету. Тапсырмалар арқылы ықпал ете отырып, санның реттік таңбасының орнын есте сақтауға және кірпіштер арқылы бейнені жасауға үйрету. Баланың логикалық ойлау қабілетін, танымын дамыту, зейінін, тез ойлауын, бір-біріне деген достық қарым-қатынасқа, досының қуанышын сезіне білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Үлестірмелі материалдар: геометриялық пішіндерден құралған кілемше, 1-ден 5-ке дейінгі сандар мен нүктелер бейнеленген текшелер, баулар, доп, әр балаға сандар бейнеленген төсбелгі, құрсау, ағаш кірпіштері.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, көрсету, тыңдау, дидактикалық ойындар, сергіту жаттығуы.

1.Ұйымдастыру
Шаттық шеңбер:
Біз қандаймыз, қандаймыз
Шұғылалы таңдаймыз.
Жарқыраған күндейміз,
Ренжісуді білмейміз.

Ғажайып сәт:
Тәрбиеші: Бізге қонаққа Ақтөс келіпті. Ақтөс сендердің білімдеріңді тексеремін дейді. Өзімен бірге кілемшесін алып келіпті, кілемшесін жыртып алыпты. Біздерге кілемшесін жамап беруін сұрайды.
Балалар Ақтөспен амандасады, орындарына отырады.
Тәрбиеші: Балалар, үстелдегі кілемшілерді қараймыз. Мына кілемшелердің жамаулары нелерге ұқсайды?
Балалар: Пішіндерге.
Тәрбиеші: Қандай пішіндер көріп тұрсыңдар?
Балалар пішіндерді атап береді.
Тәрбиеші: Олай болса кілемшенің жамауын тауып, орындарына қоямыз.
Сұрақ-жауап:
-Дөңгелектің оң жағында қай пішін орналасқан?
-Шаршының төменгі жағында қайсы пішінді көріп тұрсыңдар?
-Сол жақта қандай пішіндер орналасқан?

2-тапсырма
Дидактикалық ойын «Керісінше айт»
Ойын шаршы: Тәрбиеші шеңберде тұрған балаларға допты лақтырып сөздер айтады, ал балалар сол сөздерге антонимдерін айтулары керек.
Ауыр-жеңіл
оң жақ-сол жақ
ұзын-қысқа
үлкен-кіші
биік-аласа
кең-тар
ақ-қара
алға-артқа
жоғары-төмен
алыс-жақын
көп-аз

3-тапсырма
«Нүктелер» ойыны
Ойын шарты: 1 қатарға балалар тәрелкедегі сандар бейнеленген текшелерді алып рет-ретімен қояды.
2 қатарға сары түсті текшелерді нүктелерін 1 қатардағы сандарға сәйкестендіріп қояды.
3 қатарға жасыл түсті текшелерді 1 қатардағы сандарға сәйкестендіріп қоямыз.
4 қатарға қызыл түсті текшелерді 1 қатардағы сандарға сәйкестендіріп қоямыз.

Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымыздан жел соқты.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен боп өседі.
Балалар қонақтармен амандасады.

Тәрбиеші: Балалар, Ақтөс пойызда жүреді қатты жақсы көреді екен. Келіңдер, Ақтөспен бірге жайлауға барамыз. Ал, онда пойызбен бару үшін, пойызды кірпіштердер құрастырып алайық.
4-тапсырма
«Кірпіштер» ойыны
Ойын шарты: Пойыздың сызбасы арқылы кірпіштерден балалар пойызды жасайды.
«Паравоз» музыкасы орындалады, балалар саппен жүріп жайлауға аттанады.

5-тапсырма
Тәрбиеші: Міне, балалар поезбен жайлауға келіп жеттік.
Әр балаға мойындарына сандары бар төсбелгі ілінген, төсбелгідегі сандарына қарап, жайлауда сондай санды табулары керек.

6-тапсырма
«Кеңістікті бағдарла» ойыны
Ойын шарты: Әр балаға А4 көлемінде жайлаудың суреті беріледі. Балалар тәрбиешінің айтқанына қарап суреттерді орындарына орналастыру керек.
Тәрбиеші қайда орналастырғанын балалардан сұрайды.
Тәрбиеші: Ал енді, қайтып тобымызға ораламыз.
«Паравоз» музыкасы орындалады, балалар саппен жүріп топқа оралады.
Тәрбиеші: Балалар, Ақтөске біздің жауаптарымыз ұнады, ризашылығын білдіріп жатыр. Енді кететін уақыты болды. Ақтөспен қоштасамыз.
Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Марина

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 66 оқылым 10 мин
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 68 оқылым 2 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 4 427 оқылым 10 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 936 оқылым 10 мин