Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу
Жаңалықтар Жаңалық

ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ АЛҚА ОТЫРЫСЫ: 2022 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ЖӘНЕ 2023 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖОСПАРЛАР ТУРАЛЫ

Bilimger Media
3 мин оқу 34 оқылым

Астанада Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқаотырысы өтті. Оған Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Оқу-ағарту министрлігінің қызметкерлері, білім басқармаларының, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары, мұғалімдер, сарапшылар және білім саласының басқа да қызметкерлері қатысты.

Алдымен Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев баяндама жасады. Ол 2022 жылдың жұмыс қорытындыларына тоқталып, 2023 жылға арналған жоспарлар туралы айтты. Министр биыл білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, тәрбиешілердің мәртебесін арттыруға, апатты және үшауысымды мектептерді жоюға ерекше назар аударылатынын, орта білім беру стандарты мен үлгілік оқу бағдарламаларын өзгерту, ағылшын тілін оқыту сағаттарын ұлғайту бойынша жұмыстар жалғастырылатынын атап өтті.

Еліміздің барлық өңірінде 1-4 сынып оқушысының барлығын ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіледі.

Ғани Бейсембаев колледж студенттері үшін жақсы жаңалықты бөлісті. Басқа өңірден келген студенттерге демалыс уақытында жол ақысы растайтын құжаттарсыз төленетін болды. Төлемдер мөлшері 4 АЕК.

Онымен қоса, 2022 жылы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа моделі қабылданды. Оқу бағдарламалары, жоспарлары және оқыту әдістері қайта қаралды.

Білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау тәжірибесі енгізілді. Бүгінгі таңда 514 мектеп директоры мен 447 балабақша меңгерушісі ротацияланды.

2022 жылы мұғалімдердің жалақысы тағы 25 пайызға өсті. Сондай-ақ мұғалімдердің 63%-ы (216 989) аттестация қорытындысы бойынша қосымша ақы алады.

Енді 30 жыл педагогикалық өтілі бар және зейнеткерлік жасқа жақындаған мұғалімдер тестілеуден босатылады. Мұғалімдерді тестілеудің шекті деңгейі де 50%-ға төмендетілді. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарының жиілігі 5 жылдан 3 жылға дейін қысқартылды.

Сонымен қатар министрлік 2022 жылы дарынды балаларды дамыту мен қолдауға ерекше көңіл бөлді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халықаралық олимпиада жеңімпаздары тарихта алғаш рет ақшалай сыйлықтарға ие болды.

«2022 жылы 27 жеңімпаз және 26 мұғалім 73 млнтеңгеден астам сыйақы алды. Сонымен қатархалықаралық зияткерлік, шығармашылық, спорттық олимпиадалардың 80 жеңімпазы менжүлдегері алғаш рет жоғары оқу орындарында оқуүшін грантқа ие болды. 421 бала «Дарын», РФМШ, «Білім-Инновация» лицейлерінде оқуға мүмкіндік алды», - деді министр Ғани Бейсембаев.

Сондай-ақ 2022 жылы 136 мың орындық 247 жаңа мектеп салынды. Алдағы уақытта оқушылар орнының тапшылығын жоюға мүмкіндік беретін «Жайлы мектеп» ауқымды жобасы жүзеге асырылады.

«Соңғы 10 жылда оқушылар саны 1 млн-ға өсіп, 3,7 млн-ға жетті. Бұл - өте жақсы көрсеткіш. Инфрақұрылым мәселесін шешу үшін 2023-2025 жылдар аралығында республикалық бюджеттен842 мың оқушыға арналған 401 мектептіңқұрылысына 2,6 трлн теңге бөлінді», - деп айтты ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова.

Колледжде оқуға бөлінген гранттар саны 45 мыңға өсті. Барлығы 125 мың студент оқуға мүмкіндік алды. Бұл ретте әлеуметтік осал топтағы балалардың грант алу мүмкіндігі артты.

Колледждерге академиялық еркіндік берілді. Енді колледждер жұмыс берушілермен бірлесіп, білім беру бағдарламаларының мазмұны мен оқу мерзімін анықтай алады. Оқу кезінде студенттеге 3 біліктілікке дейін алуға мүмкіндік берілді.

2022 жыл Балалар жылы болып жарияланған болатын. Сол себепті білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері ерекше бақылауға алынды. Балаларға қатыгездік көрсетудің (буллинг) алдын алу ережесі мен Білім беру объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық күшіне енді.

«Биыл ата-анасының қамқорлығынсыз қалғанәрбір бала балалар үйіне бармай-ақ отбасындатәрбиеленуі үшін кәсіби қабылдаушы отбасыларинститутын заңдастыру қажет. Ол үшін министрліккәсіби қабылдаушы отбасыларды құру тәртібін, кәсіби қабылдаушы ата-аналарға қойылатынталаптарды және әлеуметтік кепілдіктерді реттейтінзаң жобасын әзірлеуді жеделдетуі керек. Сондай-ақбалалар үйлерін балаларды қолдау орталығынатрансформациялау үдерісін жеделдету қажет», - деді Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов.

Қазақстанда соңғы үш жылда жетім балаларға арналған ұйымдардың саны 14-ке қысқарғанын айта кетейік. 22 мың жетім баланың 80%-ы қазірдің өзінде отбасында тәрбиеленіп жатыр.

2023 жылы Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдердің, тәрбиешілердің және білім беру саласының басқа да қызметкерлерінің мәртебесін көтеру және жалақысын арттыру бойынша жұмысты жалғастырады.

Сонымен бірге 2023 жылы білім беру ұйымдарының педагог-психологтарының, әлеуметтік педагогтерінің, кітапханашыларының жалақысын көтеру мәселесі пысықталады.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жаңалықтар

1 тоқсан қашан бітеді? 2026 жылғы күзгі каникул күндері

1 тоқсан қашан бітеді? Бұл сұрақ 2026 жылдың қазан айында оқушылар мен ата-аналар үшін өзекті болып отыр. Қазақстанда 2026–2027 оқу жылындағы бірінші тоқсанның аяқталу мерзімі мен күзгі каникул күндері ресми түрде…

Bilimger Media 4 мин 450 оқылым
Жаңалықтар

Қазақстанда алғашқы қар: 6 қазанда қай өңірлерде жауады?

2026 жылғы 6 қазанда Қазақстанның бірнеше өңірінде қар аралас жаңбыр, көктайғақ және үсік күтіледі. Қазгидрометтің болжамы бойынша өңірлердегі ауа райы мен қауіпсіздік шараларын біліңіз.

Bilimger Media 5 мин 17 оқылым
Жаңалықтар

Ерлан Қариннің өмірбаяны: мұғалімдіктен Қазақстанның вице-президентіне дейін

Ерлан Қариннің туған жері, білімі мен еңбек жолы туралы. Материалда мұғалімдіктен мемлекеттік қызметке дейінгі мансабы және вице-президент болып тағайындалуы баяндалады.

Bilimger Media 7 мин 208 оқылым