Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Өнімі мол өндірістік тәжірибе

Палуанбек Айгерім
3 мин оқу 32 оқылым

Өнімі мол өндірістік тәжірибе

Білімді шәкірт, білікті маман даярлауда ғылым мен білімнің мүмкіндіктерін ұштастыра білетін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі. Өткен ғасырда іргесі қаланған оқу орны бүгінде әлдемдік деңгейдегі университеттермен үзеңгілес тұр. Бой көтерген тұстан бері қарай талай саңлақтарды түлеткен ҚазҰУ игі істердің бастамашысы болып келеді.  Үстіміздегі оқу жылы филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 4-курс студенттерінің «Ахмет Байтұрсынұлы «Тіл-құрал» оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу орталығынан» өндірістік тәжірибеден өтуі осы бастамалардың дәлелі деуге болады. Тәжірибе жұмысының негізгі мақсаты – студенттердің педагогикалық қызметтің негізгі функцияларын меңгеруі, педагогикалық құзыреттілікті, кәсіби қасиеттерді қалыптастыру және дамыту, ғылыми байланыстарды жүзеге асыратын негізгі ұйымдардың, мекемелердің қызметімен таныстыру.

Мұражай жетекшісі Имаханбет Райхан Сақыбекқызы біздің өндірістік тәжірибемізге басшылық етіп, атқарылуы тиіс жұмыстарды түсіндіріп, бағыт-бағдар көрсетіп отырды. Сонымен қатар, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының оқытушылары да әрбір топқа жетекшілік етіп, жауапкершілікпен студенттерге тәжірибе жұмысының мақсат-міндетін түсіндірді. Өндірістік тәжірибе барысында  ZOOM платформасымен  онлайн конференцияларға қосылып, жетекшілерімізден кеңес алып отырдық. Біздің топқа Ахмет Байтұрсынұлы есімі берілген музей-үйлердің тарихы мен экпонаттары, мемлекеттік және жеке мекемелердің құрылған жылдары, ескерткіштердің орнатылған жылы мен қай өңірде екендігін, мектептердің тізімі мен ондағы атқарылған іс-шараларды жинақтап, саралап, зерттеу тапсырылды. Аталған тапсырмаларды орындау барысында ғаламтордың, кітапханалардың, электронды кітапханалардың және арнайы сайттардың көмегіне жүгіндік. Осы тапсырмалар негізінде жұмыс атқару барысында тың мәліметтермен танымымыз толығып, болашақ кәсібіміз үшін азық ала алдық.

Алаш қайраткері, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы есімі мен ұлы мұрасын зерттеу – әдебиетшілер үшін орындалуы тиіс басты міндеттердің бірі. Өндірістік тәжірибенің бізге берген негізгі тапсырмасы да осы еді. Жаңа ғасыр көкжиегіндегі Ахмет Байтұрсынұлы туралы жарық көрген әдеби-ғылыми мақалаларды, қорғалған диссертацияларды, жазылған монографияларды жүйелеп, картотека, библиографиялық тізімін жасаумен айналыстық.

Алғашында, біздің көкейімізде «өндірістік тәжірибеден не аламыз, педагогикалық тәжірибеден өтпеуіміздің себебі не?» деген сұрақтар тұрды. Ал өндірістік тәжірибе барысында осы сұрақтарымызға толықтай жауап ала алдық. Себебі, аталған тәжірибе жұмысы үлкен игі істің бастауы болды. Жұмыстар атқару барысында Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы әр жылдардағы мақалалар, ол жайындағы деректі фильмдер, түрлі жанрда жазылған прозалық, поэзиялық, драмалық туындылармен таныстық. «Алашорда», «Алаш туралы сөз» сынды деректі фильмдер бір ғана Ахмет Байтұрсынұлының ғана емес, бүтін бір Алаш қайраткерлерінің өмірін өрнектейді. Ал 2016 жылы тұсауы кесілген «Азаппен өткен өмір-ай» қойылымы ұлт ұстазының жары Бәдрисафаның өмірінен сыр шертеді.

Ғалымға арналған  жыл сайынғы конференциялар мен байқаулар, іс-шаралар, оқулардың да жас ұрпақ үшін берері мол. Сонымен қатар, ұлт ұстазының есімі берілген төсбелгілердің маңызы, мұражай-үйлердің атқаратын қызметі, көшелердің қай өңірде орналасқаны бәрі біздің зерттеуіміздің негізі болды. Ендеше, өндірістік тәжірибенің біз үшін өнімі мол болды деп толықтай айта аламыз.

Алдағы жылы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай үлкен мерейтойлық іс-шаралар өткізу  жоспарланып отыр. Ұлт ұстазының ұрпақтар сабақтастығындағы мұрасының ұлықталуы кешегі өзінің ерен еңбегінің еленгені деп білеміз. Осы атаулы шараларға үлесіміз тисе, біз үшін үлкен бақыт.

Айгерім ПАЛУАНБЕК,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың

4-курс студенті.

Райхан ИМАХАНБЕТ,

Ф.ғ.к аға оқытушы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Палуанбек Айгерім

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 144 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 52 оқылым