Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

М. Д. абақтыдан шыққанда

Мағжан Жұмабаев · 1893–1938 · 16 жол

Зор қуаныш қара түн өткеніне,
Алтын таңды ашық күн жеткеніне,
Қан аралас төгілген көп көз жасты
Тәңірі қабыл, мейірім ғып, еткеніне;

Ерік құсы қайта ұшып келгеніне,
Душар болмай дұшпанның мергеніне.
Қайта шықты батқан Күн, нұр шашылды,
Мың шүкірлік Тәңірінің бергеніне.

Күннің бетін ежелден бұлт жаппақ,
Жапса да, ұзақ тұрмай, жөнін таппақ.
Қайғы көрсе, ер жігіт қайраты аспақ,
Қамшы тисе, шын жүйрік үдей шаппақ.

Оңнан есті жел біраз қырын ескен,
Соң туса да, оң туса, қалмас көштен.
Өткен іске – салауат. Күтіп қалдық
Өткір қимыл, ескі үміт, жаңа күшпен.

Мағжан Жұмабаев өлеңдері

Барлық 279 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері