Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ләззат қайда

Мағжан Жұмабаев · 1893–1938 · 28 жол

Бұл жарыққа шыққан соң,
Іздейді көңілім күн-түні
Қайдасың ләззат, рақат деп,
Таппады сал боп еш мұны.

Ойында ма бос өткен?
Қайғыланған ойда ма?
Жүйрік тазы, сұлу мен,
Қызойнақ иә тойда ма?

Байлықта ма, беклікте
Бетіне шірігі шықпаған:
Ас, ат беріп, жұрт аузын
Алып, оған ықтаған?

Ләззатты іздеп, көңілім
Аласұрған шарқ ұрып.
Біреуін де осы деп,
Қалмай жүрген бір торып.

Баяулады жалғыз-ақ,
Мінеки деп тұрақтап.
Ләззаттанып сөзіне,
Қолына кітап, Құранды ап.

Айтар сөзім ендігі
Аласұрған көңілге:
Оқу оқы, өнер қу,
Басқалардан түңіл де!

Жұрттың қамын көп ойла,
Уайым-қайғы жеп ойла!
Артта қалған сорлы жұрт
Алға бассын деп ойла.

Мағжан Жұмабаев өлеңдері

Барлық 279 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері