«Жапырмай, мен қылдым жақыныма...»
Балуан Шолақ · 1864–1919 · 10 жол
Жапырмай, мен қылдым жақыныма,
Жақыным бір көнбеді ақылыма.
Жатқанда абақтыға бір келмеді,
Мұжық қол батты ма екен тақымына?!
Мен Шолақ, он жасымнан болдым баяу,
Қаңғырып Қараөткелге жүрдім жаяу.
Жаласы сексен өгіз маған ауып,
Алдында жалғыз оқтың тұрдым таяу.
Қамалып орыс-қазақ тұрса-дағы,
Қайтпаған бір бетінен мені қой-ау!