Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

«Көрсетеді құрметті...»

Ахмет Байтұрсынұлы · 1872–1937 · 103 жол

Көрсетеді құрметті.
Әбден сыйлап бағады,
Парша төсек салады,
Тынықсын деп жол шеккен.
Бір жұмадай тойлар хан,
Басқаны жоқ ойлар хан,
Басы айналған, ерік кеткен...
Міне, қолын, қосын ап,
Қызды өзіне қосып ап,
Кейін қарай хан басты.
Келмей жатып алдынан,
Пәлен екен деп пәлен -
Түрлі лақап сөз қашты.
Таянғанда қалаға,
Дулап, шулап далаға,
Хан алдынан ел шықты.
Жұрт жүгірер артынан,
Хан сағынған халқынан
Алар сәлем, құлдықты.
Көп ішінен көреді,
Біреу сәлем береді,
Ақ бөркі бар басында.
Ет жоқ, ұрты суалған,
Сақал, мұрты қуарған,
Қара қыл жоқ шашында.
Шал сәлемін хан алып,
Кәрі досын тез танып,
Жақын кел деп шақырды.
Дейді: «Аман ба, қарт бабам,
Не қосасың, айт маған,
Данышпаным, ақылды?»
Шал айтады: «Хан Дадан!
Бар-ды айтқан уағдаң
Тілегімді беруге -
Не десем де еткізіп,
Ризалыққа жеткізіп,
Өз көңіліңдей көруге.
Ақы алатын күн жетті,
Мойныңдағы міндетті -
Өте бүгін қарызды.
Сүйсең көңілім тынуын,
Бер Шамаһан сұлуын!
Қабыл ет, хан, арызды!»
Хан таңданды бұл іске,
Ойдағы жоқ ұлы іске.
Шалға айтады: «Сен несің?
Пері енді ме түсіңе,
Жын кірді ме ішіңе,
Алжастың ба, бар ма есің?!
Мен саған шын қарыздар,
Қарызда да шама бар -
Қыз ол саған не қажет?

Қой, шалым, тым зор тұтпа!
Мен кім - оны ұмытпа!
Міндеттен бар зор міндет.
Сұра менен қазына!
Қараман көп-азына,
Шен десең, шен беремін.
Ат қала да, атымды ал!
Зат қала да, затымды ал!
Ел жарымын һәм беремін».
«Керек емес, - деді шал, -
Елің, шенің, бұйым, мал.
Берсең, маған қызды бер!»
«Түф!» деп жерге түкіріп,
Хан айтады жекіріп
(Қысылғаннан шықты тер):
«Қуарған шал!Сый алмай,
Қыз сұрайсың ұялмай,
Соққан сені захмет.
Түк нәрсе де бермеймін,
Түк есепті көрмеймін.
Сау тұрғанда, жоғал! Кет!»
Ханға жауап қайырып,
Таласуға бой ұрып,
Шал айтқанша қамданып...
Хан асамен мандайға, -
«Таласатын қандай? Мә!» -
Деп жіберді бір салып.
Етбетінен шал түсті,
Тәннен безіп жан ұшты,
Қыз: «Хи-хи-хи! Ха-ха-ха!
Қорықпайды екен обалдан».
Күлген болды һәм Дадан,
Жұрт ренжу, хан қапа.
Не тұрыс бар далада?
Хан кіреді қалаға,
Жұрт көшеге толады.
Сырығынан түсіп кеп,
Алтын әтеш ұшып кеп,
Хан басына қонады.
Тұмсығымен қақты да,
Ханның миын шақты да,
Әтеш кетті аспанға.
Арбасынан хан ұшты,
Кеудесінен жан ұшты,
Қалды барша жұрт таңға.
Ғайып болды, қыз кетті,
Сөз аяғы һәм жетті,
Істеу шабан, айту тез.
Ертегінің шыны аз,
Шыны аздың құны аз,
Жанап айтқан жай бір сөз.

Ахмет Байтұрсынұлы өлеңдері

Барлық 64 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері