Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Бақ

Ахмет Байтұрсынұлы · 1872–1937 · 36 жол

Бұлттар басып жасырған,
Жана түсіп басылған,
Таң шапағы сөніп тұр.
Жаңаланған өмірден,
Жаңа шығып көрінген
Гүл қамауда семіп тұр.
Балалықтан басталып,
(Тастаймын аз жасты алып,
Есіме нағыз енгенше)
Көрдім қызық, көрмедім?
Көрсем, баға бермедім
Бозбала жас келгенше.
Құстай түлкі алатын,
Жайып алтын қанатын,
Уылжыған от лепті
Жігіттік жас келді де,
Ойды біраз бөлді де,
Тұрағы жоқ ол өтті.
Қудым бақты, іздедім,
«Табамын ғой тез» дедім,
Азап шекті тән-жаным.
Қарап жақын-жырақты,
Жақтым түрлі шырақты,
Таптырмады қуғаным.
Үміт сүйрер жыраққа,
Жетесің деп мұратқа,
Талықсам да ізденіп.
Қашан көңіл жарасар,
Арқа-басың босанар,
Рақатты жаз келіп?
Қашан жанып шамшырақ,
Сәуле беріп жарқырап,
Болар жарық төрт тарап?
Қашан маған іздеген
Келіп жылы жүзбенен,
Болар серік бақ қарап?!

Ахмет Байтұрсынұлы өлеңдері

Барлық 64 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері