Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Ойыншықты тап» ойыны

Автор

Қожамуратова Алтынкүл
1 мин оқу 1 339 оқылым

Қожамуратова Алтынкүл

Мақсаты:  Заттардың түсі мен көлемі, пішінімен танысу.

Шарты: Балаларға құмға жасырынған ойыншықтарды тауып, оның түсін, пішінін атау.

Тәрбиеші:

  • Қане, балалар мен сендерге алдымыздағы құмға жасырынған ойыншықты тауып беруді өтінемін. Кім маған тез тауып бере алады екен а?

Балалар іс-әрекетке еніп құмнан ойыншықтарды іздей бастайды.

Тез тапқан бала көрсетуге асығады:

  • Қане ол қандай ойыншық?

Бала жауабы:

  • Бұл айна.

Тәрбиеші:

-  Оның пішіні қандай екен?

Бала:

  • Пішіні домалақ.

Тәрбиеші:

  • Түсі қандай?

Бала:

  • Түсі қызыл.

Тәрбиеші:

  • Жарайсың балақай! Сен дұрыс таптың.

Ойын осылай жалғасады.

Енді балалар келесі ойынымыз «Ерекше іздер» деп аталады.

Мақсаты: елес, тактикалық сезімталдықты  дамыту.

Ойын барысы:

Тәрбиеші: - Балалар мен сендерге «Қояндар келе жатыр?» - десем қолымыздың саусақ ұшымен құмда секірте соғамыз. Ал, егер «Жылан келе жатыр?» - десем саусақтарымызбен құм үстінен иректеле із салуға тырысайық.

Тәрбиеші:

«Қояндар секіреді» — балалар  әр түрлі бағыттарда  қозғала отырып, саусақтарының ұшымен құм үстінен соғады.

«Жыландар келеді?» — балалар  қол саусақтарымен құм үстін толқынды етеді (әр түрлі бағытта).

«Қоңыздар жүгіруде» — бала  жәндіктердің қозғалысын ұқсастырып, барлық саусақтарымен қоғалтады  («қоңыздар сәлемдесуде»-құм астында  бір-бірінің  қолдарымен кездестіріп,  қолдарын толығымен құмға салуға болады).

Балалармен бірге алдымен өзім көрсете отырып, ойынға қызығушылықтарын арттырдым.

Құммен жұмыс жасау баланың тілдерін, ұсақ қол маторикасын, жадыны, қиялдарының жетілуіне бірден бір көмек. Құмның ойын терапия тәсілі –балалардың денсаулығына қуаныш пен рахаттану атмосферасын тудырып, оларға жақсы жағынан әсер етеді. Құммның көмегімен ертегілерді келтіріп ойнап, қиялдарын жетілдіріп, өз әлемін жасауға да болады.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Қожамуратова Алтынкүл

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 256 оқылым 5 мин
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 15 оқылым 1 мин
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 94 оқылым 10 мин
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 81 оқылым 2 мин