Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

2 мин оқу 887 оқылым

Демеуова Бибигул Тлеккабыловна

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы Сағыз селосы

"Балауса"бөбекжай балалар бақшасы

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Ұйымдастырылған оқу қызеті: сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: «Ойыншықтар дүкені» мазмұнды –рольді ойын.

Мақсаты: а) өздеріне ұнаған ойыншыққа зерттеу жүргізіп түсі,көлемі,материалы, жасалуына қарай алуан түрлі болатынын әңгімелеп беруге үйрету.

Ә) балалардың сөздік қорын дамыту.

Б )балаларды бірлікке тарту және ойыншықты ұқыпты қолдануға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері:түсіндіру,көрсету, сұрақ-жауап,сергіту,жұмбақ шешу,әңгімелеу.

Көрнекілігі:ойыншықтар.

Шаттық шеңбері:

Біз ұқыпты баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Ойыншықты жинаймыз,

Үлкендерді сыйлаймыз.

Сұрақ-жауап.

- Сүйікті ойыншықтарың барма?

- Қандай ойыншықтарың бар?

- Ойыншықтарды қалай ұстау керек?

- Балалар қараңдаршы,біздің тобымызда ойыншықтар өте көп,олар қандай әдемі,әсем ойыншықтар.

- Балалар мынау қандай ойыншықтар?

- Доп

- Доптің  пішіні түсі қандай?

- Кім доп туралы тақпақ біледі?

Әділет:      добым, добым,домалақ,

Қайда кеттің домалап?

Қызыл, жасыл,сары,көк.

Сенімен ойнайтын бала көп.

- қыз балалар көбіне қандай ойыншықпен ойнайды?

- қуыршақпен.

- мыны қуыршақтың аты әйгерім. Өзі сондай сүйкімді екен,әрі әдемі көйлегі бар екен.

- қуыршақтың  көйлегінің түсі қандай?

- қызыл.

Ал, ұл балалар көбінесе қандай ойыншықпен ойнайды?

- машинамен .

- мына машиананың түсі қандай?

Алихан:     бип-бип,бип дейді,

Жолдан былай кет, дейді.

Күшікті басуға,

Болмайды машина.

Би-би-бип,би-би-бип.

- балалар ойыншықтар жасалуына қарай бірнеше түрге бөлінеді.

- матада.

- ағаштан.

- пластмассадан.

- резинадан жасалған ойыншықтар.

Балалар ойыншықтардың аттарын атайды,олардың неден жасалғанын айтады.

Жұмбақ шешу.

Аяғы бар,жүрмейді.

Аузы бар, күлмейді,

Айнымайды бөпемнен,

тек сөйлеуді білмейді.  (Қуыршақ)

суға  салсаң батпайды,

түскен жерге жатпайды.  (Доп)

Мазмұнды –рольді ойын: «ойыншықтар дүкені»

Мақсаты: балаларды мамандыққа баулу,яғни дүкенші болуға ынталандыру және сыпай сөйлеуге үйрету.

Ойын шарты: балалар ішінен бір сатушы,ал қалған балалар сатып алушы болады.

Әңгіме құрау:

«менің ойыншығым»

Балалар:-бірде менің әкем туылған күніме қуыршақ әкеліп берді.мен сол күні қатты қуандым.өйткені,қуыршақ сондай сүйкімді, әдемі еді.

- балалар, ойыншықтарды қалай ұстау керек?

- ойыншықтарды сындыруға, жыртуға болмайды.ұқыпты ұстау керек.

- иә,дұрыс айтасыңдар,топта жүргенде таласпай бірге ойнауымыз керек. Себебі,топтың ойыншығы бәрімізге ортақ.

Қорытынды.

Авторы
Демеуова Бибигул Тлеккабыловна

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 891 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 19 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 108 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 84 оқылым