Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ойыншықтар арқылы әңгіме құрау

Ибраимова Гульмира
1 мин оқу 548 оқылым

Ибраимова Гульмира

Мақсаты: Балалардың ойыншықтар туралы ұғымдарын кеңейту. Үйренген сөздерден сөйлем құрату. Дыбыстарды дұрыс анық айтуға, сөйлем мүшелерін дұрыс қолдана білуге жаттықтыру, сүйікті ойыншықтарын күтіп ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Ойыншықтар, машина, доп, ыдыс-аяқтар, қуыршақ.

Әдіс-тәсіл: Түсіндіру, көрсету, сипаттау, сұрақ-жауап, мадақтау, қорытындылау.

Сабақтың барысы: Балалармен үстел айналасында дастарқан басында отырып ойыншықтар туралы әңгімелеу.

Жұмбақ жасыру.

Ішін желмен толтырдым,

Қуалап жүріп болдырдым.  (доп)

- Балалар, біз бүгін ойыншықтар туралы әңгімелесеміз.

- Сендерде қандай ойыншықтар бар?

- Сенің ең жақсы көретін ойыншығың не?

- Ойыншықты қайдан алдың?

- Ойыншықты кім жасайды?

- Қане, балалар, біз енді ойыншықтар дүкеніне барайық. Балалар,қараңдаршы қандай әсем, әдемі ойыншықтар.

Әр бала ойыншықты сипаттап береді. Сатушы сол ойыншықты алып береді.

- Балалар ,мұнда көптеген қуыршақтар бар екен. Балалар қуыршақтың әдемі әдемі шашы, әдемі көйлегі бар екен. Сонымен бірге балалар  қуыршақтың да сендер  сияқты екі көзі, екі аяғы, қолы бар.

- Қане балалар, кім айтады? Қуыршақтың көйлегінің  түсі қандай?

- Қуыршақ қалай жүреді?

- Ал енді мына ойыншық не деп аталады?

- Ыдыс–аяқ.

- Біздер ыдыс-аяқты не үшін қолданамыз?

- Мамаларымыз тамақ пісіреді. Ата-әжелеріміз шай ішеді.

- Балалар, кім ыдыс-аяқ туралы тақпақ айтады?

Кесе, шыны, пияла

Оларсыз шәй құя ма?

Қасықсыз тамақ жемейміз,

Бәрінің атын не дейміз? Ыдыс-аяқ

- Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма ?​

- Бүгін саяхатқа қайда бардық?

- Ойыншықтар дүкеніне бардық

- Дұрыс айтасыздар. Қандай ойыншықтар көрдік?

- Доп, машина, трактор, қуыршақ, ыдыс-аяқ.

Барлықтарыңыз сабаққа жақсы қатыстыңыздар. Сіздерге рахмет!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Ибраимова Гульмира

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Мектепалды даярлық сынып

Геометриялық пішіндер әлемінде

Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін тексеру. Сипап сезу мен көру арқылы пішіндерді өз бетінше ажырата білуге үйрету. Заттардың кеңістіктегі орналасу орнын айта білуге дағдыландыру. Есте сақтау…

Ибраимова Гульмира 3 мин 605 оқылым
Мектепалды даярлық сынып

Үй жануарлары мен жабайы аңдар

Мақсаты: Үй жануарлары және жабайы аңдардың ерекшеліктері туралы түсінік беру; Үй жануарларына қамқорлық жасау; Табиғатқа, ондағы тіршілікке қамқор болуға тәрбиелеу; Танымдық, есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорларын…

Ибраимова Гульмира 2 мин 675 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Мектепалды даярлық сынып

Жаңартылған білім беру мазмұны аясында мектепке дейінгі балалардың грамматикалық дағдыларын қалыптастыру

Талғар ауданы. Бесағаш ауылы №45 мектеп-гимназиясының МАД сыныбының жетекшісі Қазіргі білім беру жүйесінде балалардың тілдік дамуына ерекше назар аударылады. Жаңартылған білім беру мазмұны мектепке дейінгі ұйымдарда…

Махан Светлана Толыбайқызы 1 мин 66 оқылым
Мектепалды даярлық сынып

Отбасы құндылығы

Мектепалды сыныпқа арналған материалда отбасының адам өміріндегі орны, сыйластық, қамқорлық, сенім және ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан дәстүрлер туралы айтылады.

Бесикбаева Лаззат Сериковна 1 мин 52 оқылым
Мектепалды даярлық сынып

Ойын және топтық әрекет арқылы коммуникативтік дағдыларды дамыту.

Даярлық сынып мұғалімі Қызылорда обылысы, Шиелі ауданы №127 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-лицей Аннотация. Бұл мақалада мектепке дейінгі ұйым жағдайында ойын және топтық әрекет арқылы балалардың коммуникативтік…

Сыздықова Гүлжан 5 мин 136 оқылым
Мектепалды даярлық сынып

Балалардың сөйлеу дағдысын арттырудағы АR және VR технологиялардың тиімділігі

Атырау обл Жылыой, ауданы Құлсары қаласы Тәрбиеші Елімізде білім беру саласында да мектепке дейінгі білім беру саласында да жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр.Ол тек қана техникалық құрал…

Шегирова Шолпан Жумабергеновна 8 мин 149 оқылым