Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Ойлан -тап» интеллектуалды ойын

Bilimger Media
2 мин оқу 168 оқылым

Жүргізуші:Салематсыздар ма?Құрметті ұстаздар ,әріптестер ! Тілімізге деген құрметімізді арттыра түспек мақсатпен тәрбиешілер арасындағы  қызықты ,әрі мағыналы «Ойлан -тап»интеллектуалды ойынын ұйымдастырып отырмыз.Бұл кеште бала жүрегіне жол таба білген,білім нәрімен сусындатып қана қоймай ,бала бойына тәлім-тәрбиенің асыл қазынасын құя білетін тәрбиешілеріміз сайысқа түскелі отыр.Сайыскерлерге сәттілік тілеп әділқазыларымызды сайлап алайық.

Сайысқа 3топ қатысады.Сайысымызды бастау үшін қоржындағы асықты таңдау арқылы 3-топқа ажыратыламыз.

Бәйгеге түсіп жарыспай ,

Жуйріктің бағы жанарма?

Біліммен өнер жарысып ,

Тәрбие ,тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда ,-дегендей ,бүгінгі интеллектуалды ойынымызды сайыс түрінде өтеді.

Сайыста бақ сыналар бап сыналар

Бас жүлдені өнерлі ,тапқыр алар

Кім өнерлі ,кім тапқыр шешу қиын

Қазылар алқасымен нық сыналар.-дегендей осы сайыстың ара жігін ажырататын ,әділдігін айтып ,тура шешімін шығарар әділқазылар алқасы істеріңізге сәттілік.

Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады:

1.Таныстыру.(топқа ат қойып ,топты қорғап шығу)

2.Бәйге:(сұрақ -жауап )

3.Полиглот:(Мақалдар жалғасын тауып оны 3тілге аудару.)

4.Жорға (1- минутта бірнеше сұраққа жауап беру)

5.Көнерген сөздің мағынасын ашу.

6.Материалдармен жұмыс.

Сайыскерлер дайын болса сайыскерлерге сәттілік тілеп бастаймыз.

Білім қуып сайыскерлер өтер димін,

Бір басына білімі жетер деймін.

Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп ,

Таныстырып өздерін өтсе деймін-деп

I-ші кезек таныстыруда.Ақылдасып топқа ат қойып оны тіл шеберліктеріңізбен жеткізу.

1топ

2топ

3топ

ІІ-кезең.Бәйге.

Мұнда сұрақтар беріледі.Берілген сұраққа тез,шапшаң жауап беру керек белгі картасын бірінші көтерген топ жауап беру мүмкіндігіне ие.Әр дұрыс жауап 10ұпайдан.

1.Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады ? Түркі тілдер тобы

2.Көп тілді білетін адам  кім?Полиглот

3.Әке-шеше сөзіне синоним? Ата-ана

4.Орфография нені зерттейді? Дұрыс жазылуын.

5.Қазақ әліп-биінің авторы кім?А.Байтұрсынов.

6.Мектепке дейінгі мекемелер бағынатын құжат ? Стандарт

7.Жуыну,тамақтану,үстел жасау,асхана, табиғат бұрышындағы жұмыс қалай аталады?Тәртіптік кезең.

8.Балабақшада білім беретін бағдарлама неше бөлімнен тұрады?5сала бөлімі

9.»Құрастыру» бөлімі қай саладан?Таным

10.Балабақшадағы 2-3 жас аралығындағы топ қай бағдарламамен жұмыс жасайды? Алғашқы қадам

ІІІ-кезең «Полиглот»Мақал-мәтелдерді жалғастырып тапқан сөзді 3-тілде айту.

1.Адам басшысы .....(ақыл,ум,intellegent)

2.Ана сүті бой өсіреді,....ой өсіреді. (Ана тілі,родной язык,language)

3.Тазалық......кепілі.( денсаулық)

4.Ештен ....жақсы.(кеш,поздно,late)

5.Өнер алды-....тіл.(қызыл,красный,red)

6.Жердің сәні егін,ердің сәні .....(білім,знание, knowledge)

7.Кітап –ең жақын ...(дос,друг,Friend)

8.Тыңдаусыз қалған .....жетім (Сөз,слов,word)

ІV кезең .Көнерген сөздердің мағынасын ашу.Әр топқа 2-сөзден көнерген сөз беріледі.Берілген сөздің мағынасын топ болып бірлесе ақылдасу.

І-ші топ «Отарба,дүрия» сөзінің мағынасын табу.

Отарба-пойыз

Дүрия-ертедегі жібек мата

ІІ-ші топ «Асадал,түмен»

Асадал-ыдыс-аяқ сақтайтын қапшық.

Түмен-өте көп.

ІІІ-ші топ «Айбалта ,Ергенек»

Айбалта-қару –жарақ

Ергенек-киіз үйдің есігінің алдына қойылатын тосқауыл

V-кезең.Материалдармен жұмыс.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 311 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 15 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 94 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым