Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Нұртас Оңдасыновқа 120 жыл

Bilimger Media
3 мин оқу 71 оқылым

«Н.Оңдасынов атындағы №14 жалпы білім беретін мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шаулиева Сапаркул Тұрлыбекқызы -Н.Оңдасынов атындағы №14 ЖББМ директоры

Мемлекет және қоғам қайраткері, тілші-ғалым Н.Оңдасыновтың 120 жылдық мерейтойына орай « ҰЛТЫН ҰЛЫҚТАҒАН ҰЛЫ ТҰЛҒА» тақырыбында        15-қазан 2024 жылы ғылыми-практикалық конференция өтті.

Нұртас Оңдасыновтың өмірі мен шығармашылығын зерттеу-тану мәселелері; мемлекет және қоғам қайраткерінің қазақ білімінің, ғылымының, мәдениетінің дамуы жолындағы орасан зор еңбектерін жас ұрпаққа таныту жұмыстарының жүргізілу деңгейін анықтау; Нұртас Оңдасыновтың азаматтық ұстанымдарын адамгершілікке, елжандылыққа баулу, оқыту мен тәрбие үдерісінде қолданудың мүмкіндіктерін қарастыру мақсатында өткізілген конференцияның міндеті: Қазақтың біртуар азаматы, қоғам қайраткері Нұртас Оңдасыновтың қазақ ғылымының, білімінің, мәдениетінің қалыптасуы мен дамуында сіңірген еңбегінің зор екені дәріптеледі; заманы мен адамының аумалы-төкпелілігіне қарамастан, еліне қызмет ете алған көрнекті мемлекет қайраткеріретінде феноменалды бейнесі айқындалады; Нұртас Оңдасыновтың тұлғалық ерекшеліктері сараланып, ЖОО, мектеп білім беру мен тәрбие үдерісінде қолданудың жолдарын нақтылау болды.

Конференцияда мектебіміздің 10 сынып оқушысы Орынбасар Елдос «Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» жайлы слайд презентация қорғады. Сондай-ақ «Биліктен биік тұлға» тақырыбында жазушы, журналист, ҚР Журналистер одағының мүшесі, Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Оңдасыновтанушы –Гүлсім Оразалықызы Нұртас аға жайлы ақтарыла сыр шертті. Тарих ғылымдарының кандидаты "Ж.Ташенов" университетінің оқытушысы  Мейірбеков Мырзабай "Ұлтжандылық . Тазалық . Тектілік" тақырыбында баяндама оқыды.

Дарын мектеп-интернатының тарих пәні мұғалімі Алтынай  Молдадосова "Қилы заманның тұғырлы тұлғасы Н.Оңдасынов" тақырыбында баяндама оқыды.

Адам баласының бойында кездесетін тектілік-ең асыл қасиеттерінің бірі. Бұл туралы қазақ  халқы өте көп айтқан. Сондай тамаша қасиет Оңдасынов Нұртас Дәндібайұлының бойында болды. Киелі жер Түркістан перзенті текті елдің жалғасы екендігін ісімен, өмір жолындағы қызметі бабында жүріп, өз халқына деген адалдығымен жеке дара қасиеттерімен ерекшеленген бір туар азамат екендігін байқатты. Оған замандастары мен бүкіл қазақ халқы куә. Адамды тану қасиеті – ол ел басқаратын тұлғалардың бойында кездесетін ерекше сезімталдық түйсігі.  Қайраткер  тұлғаның туа біткен ерекше қабілеттерінің қыры- өткірлік болатын. Мұндай адам билік басында отырған уақытта өз еліне қажетті күрделі мәселелерді шешуде өткірлік танытатыны анық – деп, Жетісай ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Махамбет Айтбай ағамыз сындарлы сыр ақтарды.

Оңдасынов Нұртас Дәндібайұлының шығармашылығы – ұлттық тақырыптарға, қазақ халқының тарихына, мәдениетіне, дәстүрлеріне негізделген. Оның еңбегі  ұрпаққа патриоттық сезім мен ұлттық мақтаныш адамгершілік, отаншылдық, адалдық секілді құндылықтарды беретіні жайлы құнды қызметтерін «Шаңырақ» ұлттық агро қозғалысы қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы және Шымкент қаласы филиалдарының басшысы Әліпбек Бақтыбек атап өтті.

Ол  кісі *Қоғамдық қызметі* тек шығармашылықпен айналысып қана қойған жоқ, сонымен қатар қоғамның белсенді мүшесі болды. Ол ұлттық білім беру, мәдениет пен өнерді дамыту үшін көп еңбек етті. Өзінің қызметінде жастарға білім беру мен тәрбиелеуге ерекше назар аударғаны жайлы да тебірене тарихына сыр шертті.

Қорытындылау барысында мектеп директоры Шаулиева Сапаргүл Тұрлыбекқызы Нұртас Дәндібайұлы Оңдасыновтың 120 жылдығын атап өту – тек тарихи тұлғаны еске алу емес, сонымен қатар оның мұрасын насихаттау, жастарға патриоттық тәрбие беру, ұлттық рухты көтеру, идеялары біз үшін бүгінгі таңда да өзекті, және біз оның өнегесін ұмытпауымыз қажет. Бүгінгі күні еңбектері мен идеяларын насихаттау маңызды. Оның шығармаларын оқу, жастарға таныстыру арқылы біз қазақ мәдениетін, ұлттық құндылықтарды дамытуға үлес қосамыз.  Оның мұрасын насихаттау – біздің ұлттық санамыздың бір бөлшегі - деп іс-шараны қорытындылады.

Шаулиева Сапаркул Тұрлыбекқызы -Н.Оңдасынов атындағы №14 ЖББМ директоры

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 57 оқылым