Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Мың бір мақал»(зияткерлік сабақ)

Абдинурова Айжамал
2 мин оқу 670 оқылым

Абдинурова Айжамал

Сабақтың  мақсаты:Баланың әдеби тілде дұрыс сөйлей білуін қадағалай отырып,өзінің  ана  тіліне деген  көзқарасын жақсы жағынан  қалыптастыру,     қазақ тілін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:                                                                                                                   1.Оқушының ойын,  тіл  байлығын  дамытады.

2 .Білімділікке,  шапшаңдыққа,  тапқырлыққа  баулиды.

3.Сөйлеу  мәнерін  қалыптастырады, сөз  байлығын арттырады.                                   Көрнекілігі: таблицалар, кеспелер, қанатты  сөздер,интертақта

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру                                                                                               Мұғалімнің  кіріспесі: Бүгін  біз оқушылар   арасында    білім     сайысын  оқушының  білімділігін,   тапқырлығын, ізденімпаздығын      саралау      мақсатында   өткізгелі отырмыз.  «Менің көп білгім келеді» тақырыбындағы   сабағымызда   «жүзден  жүйрік,  мыңнан    тұлпар болатын» оқушыны анықтаймыз. Мақал-мәтелдер—ғасырлар  шежіресі. Мақал-мәтелдер ой дәлдігімен, терең  мағыналылығымен, ықшамдылығымен  ерекшеленеді.Онда  кейінгі   ұрпаққа  үлгі  боларлық    халық   даналығы  көрініс  тапқан . «Көре-көре көсем,      сөйлей-сөйлей    шешен боларсың»  демекші,       бүгінгі      сабағымыз    тапқырлықпен   бірге   шешендікті  де   талап    етеді.  Сонымен, сабағымызды  бастаймыз,   алдымен, жоспар мен  сайыс  шарттарын  түсіндіріп    өтейін.  Әр  оқушының    қалай      қатысқанын     бағалап    отыратын   қазылар     алқасын    таныстырып өтейін.  Әр  дұрыс    жауап  бес   балдық    жүйемен  бағаланады.Бірінші кім  бастайтынын білу  үшін қоржыннан  әркім   өз номерін  алады.

1.ТАНЫСТЫРУ.

  1. «КІМ ЖЫЛДАМ?»(1минутта неше сөз жазады?)

3.Ұяшықтағы сұрақтарға жауап.

4.МАҚАЛДАР  ҚҰРАСТЫРУ.(конвертке салынған сөздерден мақал құрау)

5.ТАПҚЫРЛЫҚ(әркім өзі таңдаған дыбысымен сұраққа жауап береді).

6.МАҚАЛДАП АЙТҚАНДА...(сұрақтарға  жауап)                                                                        7.  «КІМ  ТАПҚЫР?»(жұмбақ)8.ЖОРҒА(Мақал сыңарын табу)

Сонымен  сайысымызды бастаймыз.1.Әр  оқушы өзін     таныстырып   өтеді. Өздерінің алға қойған мақсаттарын,ұнататын пәндері т.б. туралы   айтып      өтеді.                                                                                                                                    2. Қатысушыларға  1минут  уақыт беріледі, ҚАЗАҚСТАН сөзіне көп сөз құрастыру.                                                                                                                           3.Бұл   бөлімде интертақтадан шыққан сұрақтарға жауап береді, дұрыс   жауап қана  бағаланады.

4.Әр  түрлі сөздер жазылған конверттер таратылады. Оның ішіндегі  сөздер-  ден  мақалдар  құрастыру  керек.Кез-келген   сөзге   сөзді    тіркестіре берсең              мағыналы   сөз    тіркесі,   мағыналы  сөйлем  шықпайды,   сондықтан    мақал құрастыру.

5.Мұғалімнің оқыған сұрақтарына қолындағы дыбыстан басталатын сөзбен жауап беру.

  1. Қазақ халқы әзіл-қалжыңды ұнатқан.    Телеарналардан көрсетілетін   «Нысана», «Бауыржан шоу», «Шаншар» сияқты әзіл-сықақ театрларының қазақша КВН қойылымдарын қызыға  тамашалаймыз.  Онда  мақалдарды  қазіргі  заманға қарай  өзгертіп  те  қолданады.Келесі  бөлімде  сұрақтарға мақалдап  жауап  беруіміз  керек.

7.Бұл бөлімде оқушы  жұмбақтар шешеді. Интертақтадағы жұмбақты  оқып, жауабын  табады. Дұрыс жауап бағаланады. Мысалы, «Ұзын  мұртты сарылар,Қойынында наны бар»(бидай сабағы)   «Тау басына  шөп  шықты, шөп  шыққанда көп шықты»(бас пен шаш), «Тікірейіп    құлағы,Менен бұрын тұрады .Бойын  жазып керіліп, Беті-қолын жуады» (мысық)  «Халық қу деп,қылған күлкі.Айласы көп,бұл не?»(түлкі), «Бір қалаштың  ішінде екі  түрлі  су  бар»(жұмыртқа), «Баласын  ертіп соңына , Сүңгіп, жүзіп үйретті,Су жұқпайтын тонына кім біледі...»(үйректі)

Жеті бөлімнен соң жоғары бал  жинаған 3 оқушы  қалдырылып, басқаларын              «ойыннан  жеңілсең  де  өмірден  жеңілме» деп, орындарына  шығарып  саламыз.  8.Сараптау қорытындысы бойынша жоғары бал жинаған екі оқушы кезектесіп      мақал  сыңарын  табады.  Жаңылыспай, дұрыс жауап  берген оқушы  жеңімпаз  атанады. Сабақты  қорытындылау үшін  әділ  қазылар алқасына  сөз  беріледі.«Жүзден жүйрік» атанған  оқушы анықталып, марапатталады.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Абдинурова Айжамал

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 154 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 67 оқылым