Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ

Автор

Ізнатова Кенжегүл Жүгінісқызы
2 мин оқу 1 563 оқылым

Ізнатова Кенжегүл Жүгінісқызы

Мақсаты:

  1. Оқушылардың мақал – мәтелдерге, жұмбақтарға деген қызығушылықтарын арттыру. Мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды көптеп білуге, шапшаңдыққа баулу.
  2. «Сөз мәйегі - мақал» дегендей, ата-бабамыздан қалған өсиет сөздер арқылы шәкірттерді адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету.
  3. Сөз өнері арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту.

Өтілу барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Сайысқа қатысушылар үш топқа бөлінеді. Мұғалімдерден әділ қазылар сайланады.

Мұғалім: Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Біздің «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты сайысына қош келдіңіздер!

Бұл сайысқа 2-4 сынып оқушыларынан құралған үш топ қатысады:

  1. «Сұңқар» тобы.
  2. «Барыс» тобы
  3. «Қыран» тобы.

Алдымен мақал-мәтел дегеніміз не? Қысқаша тоқталып өтсек. Мақал-мәтелдер-халық даналығының қазына байлығы, ата-бабамыздан қалған өшпес мұра. Олар ғасырлар бойы қалыптасып, сол халықпен мәңгі бақи бірге жасап, біте қайнасып кеткен дүние. Сондықтан да оны жұртшылық жадына сақтап, өзінің күнделікті өмірінде, өзара қарым-қатынасында пайдаланады. Мақал мен мәтелге бай халықтың бірі – қазақ халқы. Көлемі жағынан шағын болғанымен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал-мәтел-тәрбиелік мәні зор, рухани байлық.

Ендеше біз бүгінгі сайысымызды бастайық.

1-бөлім: «Кім көп біледі?» Қатысушы топтар мақал-мәтел айтудан жарысады. (1 минут уақыт берілед, сол уақыттың ішінде топтар қанша мақал айтса, ұпай саны да соған қарап қойылады.)

2-бөлім: «Мақал-сөзің мәйегі» (тақтада мақал-мәтелдің басы беріледі, қатысушы топтар мақалды жалғастырады)

1.Туған жердей жер болмас, ... (туған елдей ел болмас)

2.Отан үшін отқа түс,... (күймейсің)

3.Отанды сүю... (отбасынан басталады)

4.Өнер-ағып жатқан бұлақ, ... (білім – жанып тұрған шырақ)

5.Жақсының аты өлмейді ... (ғалымның хаты өлмейді)

6.Еңбек етсең ерінбей, ... (тояды қарның тіленбей)

7.Көп түкірсе, ... (көл)

  1. Еріншек егіншіден, ... (елгезек масақшы озыпты)

9.Жылай-жылай арық қазсаң, ... (күле-күле су ішерсің)

10.Еңбек етпесең, елге өкпелеме, ... (егін екпесең, жерге өкпелеме)

11.Ердің атын, ... (еңбек шығарар)

4-бөлім: «Ойлы болсаң озып көр» Жұмбақшыға жұмбақ жасырылады, соның тапқан сөзіне мақалшы мақал құрастыру керек.

  1. Жұмбақ: Шыңдары шырқау,

Көшіп жүр бір тау. (түйе)

Мақал: Көрмес түйені де көрмес.

  1. Жұмбақ: Жайған жастық сөгілді,

Аппақ мамық төгілді. (қар)

Мақал: Қалауын тапса қар жанар.

  1. Жұмбақ: Желден желігеді

Судан шегінеді. (от)

Мақал: Отан оттан да ыстық

5-бөлім: «Ойлан, тап ізден» Бір біріне жұмбақ жасыру.

6-бөлім: Қортынды: Жеңімпаз топтарды мақтау қағаздарымен марапаттау

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Ізнатова Кенжегүл Жүгінісқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 141 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 47 оқылым 2 мин