Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Мұғалім кім, ол қандай болуы керек

Жусупова Кымбат Жумагазиевна
2 мин оқу 478 оқылым

Жусупова  Кымбат Жумагазиевна

Мұғалім кім, ол қандай болуы керек, жалпы бұл мамандық несімен құнды, ХХІ ғасыр мұғалімі қандай болу керек? деген сұрақтарға жауап іздеп көрсем. Қазіргі ұстаздар өте білімді, шыдамды, ізденімпаз  болуы қажет. Қазір жаңа технологиялар дамыған кезі, қазіргі балаларды қызықтыру өте қиын. Мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста  болып, білсем, үйренсем деген бала арманымен сырласып,  оның сырлы тағдырына басшылық етуді орындайтын маман.

Жақсы мұғалім - бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге, шәкірттеріне  үйретуге дайын тұратын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігінің бірі деп есептеледі. Және солай болуға тиіс. Ол -  өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.

Енді педагогикалық негізгі ұғымдарға жеке-жеке тоқталсақ:

1.Білім беру - оқытудың нәтижесі. Бұл сөз нақты бір жастың кезеңіне «мен» қасиетінің қалыптасуына сай қандай да бір тәрбиенің аяқталуын білдіреді. Білім беру ұғымын ең алғаш педагогикаға еңгізген Иоганн Генрих Песталоцци. Білім беру деп- табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның еңгеруін және оны өмірде тиімді пайдалана білуін айтады. Халыққа білім беру ісінің негізі- жалпы орта білім. Білім беру барысында жеке адамның таным іс-әрекеттері дамиды, ой- өрісі кеңіп, еңбекке дұрыс көзқарасы және мәдени деңгейі артады.

2.Тәрбие. Педагогикада тәрбие түсінігі кең және тар мағынада қолданылады. Тар мағынада тәрбие- мектептегі тәрбиелеу жұмысын, яғни мұғалім тарапынан мақсатқа бағытталған ұйымдастырылған процесті көрсетеді. Осы мағынадағы тәрбие бұл –оқушының ұйымдастырылған өмірлік іс-әрекетінің мақсатқа бағытталған процесі. Ал, кең мағанадағы тәрбие деп жеке тұлғаның қалыптасуы және дамуы барлық обьективті және субьективті факторлардың ықпалынан болатын әлеуметтік процесті айтады.

  1. Оқыту бұл екі жақты процесс. Бұл оқушы мен оқытушының біріккен іс-әрекеті, оқытушы өз білімін береді және оқыту процесін басқарады, ал оқушы оқиды, яғни білімді меңгереді және оның негізінде дағдыларын іскерліктіигереді, өз қабілеттерін дамытады.

Оқыту білім беру мен тәрбиенің ең маңызды құралы болып табылады. «оқыту» деп келешек ұрпаққа білімді жеткізуді, оның осы білімдерді меңгеруін және үздіксіз білім берудегі танымдық іс-әрекеттерді айтамыз. Оқыту бұл- оқып үйрену, оқу әрекеті.

Индивидтің жеке тұлға және азамат ретінде дамуы әлеуметтік белсенділік пен анықталатын белгілі бір әлеуметтік ортада іс-әрекеттерін талап етеді. Сондықтан да әлеуметтену ең маңызды категорияға жатады, ол тұлғаның өзін-өзі сезінуі, «меннен» басқа «менге» қозғалысқа, әлеуметке енуі. Әлеуметтендірудің негізі белгілі бір білімдер, құндылықтар, мінез-құлық нормалары жүйесін меңгеру деген сөз, ол сол тұлғаға сол қоғамның толық жарамды мүшесі ретінде қызмет етуіне мүмкіндік береді.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Жусупова Кымбат Жумагазиевна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 311 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 15 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 94 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым