Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Мұғалім - әлемдегі ең үздік мамандық

Қожахмет
2 мин оқу 57 оқылым

Мұғалім - әлемдегі ең үздік мамандық

Ұстаз бола білген адам нағыз бақытты жан болар. Ұстаздың ұлылығын ел басқарған басшы да, ғалым да, дана да мойындай білген. Өйткені кез-келген танымал тұлға - ұстазына бас иген ең білікті шәкірттер.

Мұғалім шәкірттерінің өмірінде ерекше орын алады, өйткені мұғалім белгілі бір пәннен білім беріп қана қоймай тәлімгер, сырлас досы , тіпті , екінші ата-анасы да бола білген. Шәкіртін шығармашылыққа баулып , жетістікке жету жолын бағыттай білген адам. Демек, ұстаз білім мен мәдениетті, құндылықтарды және баланың мінез құлық нормаларын қалыптастыруда шешуші роль атқарып , қоғамның дамуына да күш-жігерін жұмсап , орасан зор үлесін қосқан жан дер едім. Жазушы Ғафу Қайырбеков атамыз айтқандай “Ұстаз болу - жүректің батырлығы“.

Ұстазды құрметтемеген , ұлықтамаған ел жоқ болар. Ежелден-ақ ұстазға деген құрмет ерекше болған. Белгілі философ, ғалым, әлемнің екінші ұстазы Әл-Фараби өз ұстазы Аристотельді ұлықтағаны сонша , ұстаздың үйіне жақындағанда атынан түсіп, жаяу жүрген екен деген естелік жазбалар ел арасына кеңінен тараған. Ел аузындағы “Төрден орын ұстаздікі” деген жақсы сөз бекер болмас.

Қазіргі күнде ұстаз болу - таудан аққан тау өзені секілді жолында кездескендерді суымен нәрлендіріп, айналасына қуат берген, қиындықтарға мойымай білім мен рухани шығармашылықты ұштастырып, өз еңбегінен тыныштық тауып, дамылдайды. Ұстаз - қасиетті қасиетті мамандық иелерінің ішіндегі ең жоғарғысы деп білемін, өйткені, ұстаз - жас ұрпаққа адамгершілік қасиеттердің дәнін еккен дақылшы.

Менің мамандығым әлемдегі ең үздік мамандық - мұғалім. Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала кезімнен армандап, қол жеткіздім. Мұғалім - шәкіртінің болашағын қалыптастыратын шәкірт жүрегінен мәңгілік орын алатын әлемдегі ең жақсы мамандық.

Шындығында, ұстаз болу неткен бақыт десеңізші…Әлемдегі түрлі ғажайыптың ішіндегі ең кереметі - зор біліммен жақсы тәрбиеленген адам. Ал осы екеуін беретін - ұстаз. Мен де өз ұстаздарымды құрметтеп, оларға бас иемін. Ұстаз еңбегі ел үшін де, шәкірт үшін де зор мәртебе екенін ұмытпайық.

Сейсенбай Қожахмет

49 ЖББМ “Сырдария”

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Қожахмет

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 56 оқылым