Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ - МЕМЛЕКЕТ ТІРЕГІ»

Bilimger Media
2 мин оқу 36 оқылым

Отбасы – қасиетті ұғым, қастерлі құндылық, сүйіспеншіліктің, құрмет пен берекенің ошағы. Ұлттық тәрбиенің, адамгершілік пен имандылықтың, ізеттіліктің бастауы да – отбасы. Ел Президенті Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Халқымыз қай заманда отбасы дәстүрін берік ұстанып, қадірлей білген. Үлкенге құрмет, кішіге ізет – біздің қанымызға сіңген қасиет.  Әрбір азаматтың адамгершілік болмысының қалыптасуына отбасындағы жағдай айрықша әсер етеді. Сондықтан мемлекет әр шаңырақтың әл-ауқатын арттырып, әр азаматтың өсіп-өркендеуі үшін барлық жағдайды жасайды»  деген болатын.

Отбасы құндылықтарын сақтай отырып, қазақи менталитетімізге сай ибалылық, кішіпейілділік қонақжайлылық, мейірімділік, жақсыға құштарлықты бойға сіңіре білген отбасыларымыз көп-ақ. Сондай үлгілі отбасылардың бірі бүгінгі кейіпкеріміз, дарынды балаларды тәрбиелеп отырған ана – Капизова Бибинур Сагынгалиевна. Отбасында отағасы Капизов Оралбаймен 3 бала тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы. Бибинур өзі Ақжайық ауылы МКҚК «Айгөлек» бөбекжайының жоғары санатты тәрбиешісі болып еңбек етсе, жолдасы Оралбай зейнеттегі полиция қызметкері, қазіргі таңда Ақжайық ауылының Казпочта фельдъегері. Үлкен ұлдары Дәулет Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Тергеу басқармасының тергеушісі болып еңбек етуде. Екінші ұлы Адлет  бұрынғы Теректі аудандық «Үміт» лингвистикалық гимназиясына оқуға түсіп, қазіргі Облыстық дарынды балаларға арналған Абай атындағы мамандандырылған мектеп – гимназия – интернатын ерекше атестатпен бітіріп, Алматы қаласындағы Г.Даукеева атындағы Алматы қалалық энергетика және байланыс университетіне оқуға түсіп, үздік аяқтаған. Қазіргі таңда  Ақсай қаласындағы CHI ELECTRIC компаниясының КИПИА - инженері . Кенже қыздары Жібекте осы  Абай  гимназиясының  8-сынып оқушысы. Оқуда озат , үлгілі оқушылардың қатарынан. Жібек облыстық «Балдәурен» ән байқауының жүлдегері, Облыстық ақындар сайысының ІІ орын иегері және де 2017 жылы «Жыл оқушысы» номинациясын жеңіп алды.

Ұжымда да, достар, туысқандар арасында да үнемі жарқын жүзбен сыпайы, кішіпейіл, сыйлы жүретін олар отбасында бір-бірімен тату. Балалары сабақтан кейін үй шаруасына көмектесіп, үйде бос уақыттарын көңілді өткізіп, өздерінің сүйікті, пайдалы істерімен айналысады. Ата-анасы балаларының жан-жақты дамуына барынша жағдай жасауға тырысады. Ерекше атап өтетін  күндері -Наурыз мерекесі, Аналар мейрамы, әрқайсысының туған күндері, мектептен жеңімпаз атанған күндері  бәрі – бәрі атаусыз қалмайды екен. Жақсылап дастархан жайылып, шағын мереке ұйымдастырып, отбасылық құттықтаулар мен «тосын сыйлар» жасалынады  дейді анасы.

«Жыл сайын жазғы демалыстарын отбасымен бірге еліміздің үлкен қалаларына саяхаттауды әдетке айналдырған. «Балаларымыздың танымдылығы артып, болашаққа нақты жоспар қоюы үшін, жетістіктерге жетуі үшін мүмкіндігінше, жақсы оқып, көпті білгендерін қалаймыз. Сол мақсатта олардың тәрбиесіне, оқуына, денсаулығына аса мән береміз. Олардың әрбір жетістігіне қуанамыз.бала деген - біздің болашағымыз!», - дейді дарынды балалардың анасы Бибинур.

Осындай үлгілі жас отбасылардың арамызда көп екені белгілі. Бірақ жасыратыны жоқ, жақсы отбасыларды дәріптеуде кемшін түсіп жатамыз. Жақсымызды асырып,бір бірімізді ұлықтай жүрсек,қоғамның жақсы жағына өзгеруіне септігіміз тиеді.

Жақсы адамдар жанымызда жүр. Отбасы құндылықтарын сақтай жүріңіздер, жас отбасы.

БҚО, Теректі ауданы,

Облыстық дарынды балаларға арналған

Абай атындағы мамандандырылған

мектеп – гимназия - интернатының

кітапхана меңгерушісі Шолпан Шаяхметқызы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер 1

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

  1. Дана

    Шолпан жарайсың!
    Шығармашылық табыс тілеймін.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым