Мазмұнға өту

"Менің үйім" ересек топтағы ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Мухаметкалиева Кенжегуль Акановна 2 мин оқу 1 113 оқылым

Ересек топтағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: Қазақ тілі
Тақырыбы: Менің үйім.
Мақсаты : «Менің үйім» тақырыбы бойынша білімдерін кеңейту.
Міндеттері:
1.Білімділік: үй туралы түсінік бере отырып, жаңа сөздерді үйрету. «Мынау не?» сұрағына жауап беруді жетілдіру. Жаңа сөздерді, 2-3 сөзден тұратын сөйлемді құрастырып айтуды үйрету. Сөзді дыбыстау мәдениетін қалыптастыру.
2.Дамытушылық: Сөздік қорды, зейінді, танымдық қызығушылықтарын, байланыстырып сөйлеуді, мәнерлеп айтуды дамыту.
3.Тәрбиелік: ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, тілдік жатығулар, дидактикалық ойындар.
Қажетті құрал-жабдықтар: үйдің макеті, отбасы мүшелерінің суреті
Сөздік жұмыс: үй, бөлме, қабырға, есік, шатыр, терезе, биік, әдемі

Іс-әрекет кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Балалармен амандасады. Өздерінің тобын мақтауды ұсынады.

Әдемі үйдің макетін көрсетіп, онда кімдер тұратынын білуге шақырады.
Әркімнің қандай үйде тұратынын біледі. Сәлемдеседі. Орындарынан тұрып:
Алақай!Алақай!
Қуанады балақай!
Біздің үй – үлкен үй.
Біздің терезе, анау тұрған кебеже
Біздің кілем, әдемі ғой білем.
Мынау - теледидар
Мынау – үстел,
Мынау – орындық
Келіп оған отырдық - деп айтады.
Балалар отбасы тақырыбы бойынша сөздерді айтады.
2-3 бала өз үйлері туралы айтады.
Ұйымдастырушылық – іздеушілік

Үйдің макетін көрсете отырып, жаңа сөздерді меңгертеді.
Келесі сұрақтарға жауап беруді қалыптастырады:
-Балалар, мынау не?
-Үй қандай?

Сергіту сәті. Тамшы туралы немесе күз туралы өлеңді қимыл-қозғалыс арқылы айтуларын өтінеді.

Тілдік жаттығу:
Үй-үй - үлкен үй
Ға-ға – биік қабырға
Зе-зе – таза терезе
Ік-ік-үлкен есік.

«Үйде кім бар (жоқ)?» дидактикалық ойыны. Шарты: тірек суреттер арқылы 2-3 сөзден тұратын сөйлем құрастыру керек.Мысалы: Үйде атам жоқ. Үйде әкем бар. Балалар әдемі үйді тамашалап, жаңа сөздерді еске сақтайды. Мысалы: Мынау - үй. Үй – үлкен, биік т.б.

Балалар орындарынан тұрып, бой сергіту жаттығуын өлең сөзіне сәйкес көрсетіп айтады.
Тамшы тамса тырс-тырс,
Айтады гүл:
-Дұрыс!Дұрыс!
Тамшы тамса тырс-тырс,
Айтады қыр:
-Ырыс!Ырыс! немесе «Көктем» әні.

Жаттығуды жекелей және хормен айтады.

Балалар ойынды шартына сәйкес орындайды.

Рефлексивтік – түзеушілік

«Кім жылдам?» ойыны арқылы меңгерген сөздерін пысықтайды. Шарты: балалар мұғалім көрсеткен үй бөлшектерін жылдам атау керек.

Алғыс білдіреді. Қоштасады. Балалар дұрыс жауап беруге тырысады.

Белсенділік көрсеткен балаларға алғыс айтады.

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі :
1. жаңа сөздерді дұрыс айтуды;
2. сөз ішіндегі төл дыбыстарды дұрыс дыбыстауды;
3. сұрақтарға толық, нақты жауап беруді;
4. тілдік жаттығуды құрастырып айтуды.
Қандай түсініктерді игерді?:
1. үй туралы жалпы түсінікті;
2. баспананың адам өміріне қажеттігі, оның пайдасы туралы түсінікті.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері :
1.жаңа сөздерді қазақша айтуды;
2.Тірек суреттер арқылы екі-үш сөзден құралатын сөйлемді құрастыруды;
3. тақпақты хормен айтуды, қимыл-қозғалыспен дұрыс көрсетуді.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Мухаметкалиева Кенжегуль Акановна

Автордың басқа материалдары

Балабақша

"Менің үйім" ересек топтағы ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық ұкартасы

Ересек топтағы ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы Білім беру саласы: «Коммуникация» Бөлімі: Қазақ тілі Тақырыбы: Менің үйім. Мақсаты : «Менің үйім» тақырыбы бойынша білімдерін кеңейту. Міндеттері:…

Мухаметкалиева Кенжегуль Акановна 491 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 65 оқылым 10 мин
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 68 оқылым 2 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 4 427 оқылым 10 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 936 оқылым 10 мин