Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Менің сүйікті балабақшам

Bilimger Media
3 мин оқу 69 оқылым


Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы
Қызылшарық ауылы
«Балдәурен» балабақшасы
Тәрбиеші: Умурлянова Ардақ Семполатовна

Ересектер «Ақбота» тобы.

 Білім беру саласы: «Қатынас» «Тіл дамыту», «Шығармашылық», «Жапсыру».

 Тақырыбы: «Менің сүйікті балабақшам»

 Мақсаты:

Тәрбиелік: Құрмет пен сүйіспеншілік сезімдеріне тәрбиелеу. Өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

 Оқыту: Балабақшадағы сыйластық туралы түсініктерін кеңейту. Өзінің балабақша ұжымының мүшесі екенін санасына сіңіру. үлкендердің еңбектерін бағалауға үйрету.

 Дамытушылық: Ұжымдық қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Балабақшаға деген мақтаныш, құрмет сезімдерін дамыту. Өз беттерімен  жұмыс істеу дағдыларын дамыту; қайшымен жұмыс істей білу қабілеттерін арттыру.

 Сөздік жұмыс: Екінші үйіміз

 Көп тілділік: Сүйікті-любимый-favorite, балабақша-детский садик-kindergarten

 Педагогикалық технология: Ойын технологиясы, ақпарат технологиясы, денсаулық сақтау технолоиясы.

    Ресурстармен қамтамасыз ету: Суреттер, слайдтар, бейнебаян, пазылдар

   Ұ.І.Ә барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

- Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті. Қане қонақтармен сәлемдесіп алайық!

- Балалар мен балабақшаға келе жатқанда хат тауып алдым.

- Ол хат бізге Фиксикиден келді.

- Фиксикис бізге балабақшаға саяхатқа келмекші, ол балабақша туралы ештене білмейді  екен.

-  Сондықтанда балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Менің сүйікті балабақшам»
-  Біз Фиксикиге балабақшаны таңыстырар алдында, өзіміз балабақша және оның қызметкерлері туралы көбірек мәлімет алуымыз керек.

  1. Негізгі бөлім:
  2. Сұрақ-жауап:

        - Балабақша сөзінің мағынасын ашу.

        - Балалар, мен сендерге бірнеше сұрақ қойғым келіп тұр.

- Балалар балабақша дегеніміз не?
- Балабақшада біз не істейміз?
- Біздің балабақшаның мекен жайы қандай?

- Біздің балабақшамыздың нөмірі қандай?

- Біздің балабақшамыз неше қабатты?

- Ал біздің топ нешенші қабатта орналасқан?

- Ал біздің тобымыздың аты қалай?

- Балабақшамызда барлығы неше топ бар?

- Ал балабақшаны біз тағыда қалай айтамыз?
- Бұл үлкен үйімізде бізге кім қамқорлық көрсетеді, аялайды?
          2. Сөздік жұмыс: Екінші үйіміз сөзінің мағынасын түсіндіру

  1. Көп тілділік: Сүйікті-любимый- favorite, балабақша-детский садик- kindergarten     бірнеше рет қайталату
  2. Аукцион ойыны. Балабақша суреті ойналатылады.
  3. Суретпен жұмыс:

- Қане, тақтаға назар аударайық олар кімдер және не істейді екен?

(директор, әдіскер, тазалықшы, аспазшы, дәрігер, кір жуушы, тәрбиеші апайлар).
Күтуші – екінші үйімізде өз үйіміздей жылы, таза болсын деп бөлмемізді жуып,           тазалайды.
Аспазшы - біз үшін дәмді тамақ әзірлейді.
Дәрігер – сендердің дендеріңнің сау болуын қадағалайды.
Кір жуушы – біздің сүлгілерімізді жуып береді.
Тәрбиеші апайлар – сендер жақсы адам болып өсулерің үшін бәрін үйретеді.
Айзере:
Бала,бала баламыз,
Бақшамызға барамыз.
Күні бойы қызыққа,
Батамызда қаламыз.
Тәрбиеші: Жарайсың Айзере,енді балалар ойын ойнайық.
6. Ойын: «Кімнің жұмыс орыны»

Балаларға берілген пазыл бөліктерімен қызмет орынының бөлмесін құрастыру және сол бөлмеде жұмыс істейтің қызметкерді тауып, орналастыру.

  1. Сергіту сәті:Ағылшын тілінде бейнебаян
  2. Ұжымдық жұмыс:

Балабақшаға арнап жүрек-жарды лебіздерін қиып, жапсырып, атау.

Балалар жұмысқа кіріседі. Мен тек бақылап тұрамын, көмек қажет болған балаларға ғана көмектесемін.

         III. Қорытынды:

Оқу қызметің қорытындылау:

- Балалар біз бүгін не туралы айттық?

- Балабақшада кімдер жұмыс істейді екен?

- Біздің балабақшамыздың нөмірі қандай?

- Жарайсыңдар балалар біз енді Дымбілмес келгенде оған балабақшамыз туралы көптеген   мәлімет бере аламыз.

- Балалардың жауабын, жұмыстарын бағалау. Мақтап-мадақтау.

- Жұмыстарынан көрме ұйымдастыру.

  1. Ән: «Балабақша»

Ендеше осында отырған барлық апайларға бір ән айтып берейік.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 53 оқылым