Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Айгул
2 мин оқу 217 оқылым

Жаңаөзен қалалық білім бөлімі

«Рахат бөбекжай-бақшасы»

жедел басқару құқығындағы

МКҚК  тәрбиешісі

Булкебаева Айгул

Білім беру саласы:Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі:  Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Менің сүйікті анам

Мақсаты:

а) Сұрақ-жауап әдісі арқылы әңгіме құрастыруды үйретуді жалғастыру, алгоритмдік ойлау машықтарын дамыту. Сөз тіркестерін (анам мейірімді, қамқоршы, эәдемі, балаларды жақсы көреді, оларға қамқоршы), сөздерді және дыбыстарды анық, дауыстап айтуға жаттықтыру

ә) Анасы туралы пікірін тиянақты, еркін жеткізе білуге талпындыру.

б) Үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу

Көрнекіліктер: № 25 демонстрациялық материал (аналардың суреттері), № 25 үлестірмелі материалмен жұмыс (әртүрлі аналар мен балалардың суреті).

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: әңгімелесу.

Сөздік жұмыс: сүйікті, мейірімді, қамқор.

Билингвальды компонент: сүйікті - любимый, мейірімді -добрый, қамқор - заботливый.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық Сәлемдесу.

- Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір-біріміздің жүзімізді көреміз, бір-бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша куанышқа бөленеміз.

Балалар шеңбер құрып дөңгелен тұрады. Балалар сәлемдеседі.
Ұйымдастырушылық ізденушілік Ғажайып сәт.

Педагог сиқырлы қорапшадан қуыршақты шығарады.

- Балалар, қуыршағымыздың көңіл күйі жоқ. Оған не болды екен?

Педагог қуыршаққа құлағын тосады.

- Қуыршақ бізге бір жұмбақ жасырғысы келіп тұр.

- Кәне, тыңдайықшы:

Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған. Ол кім?

- Қуыршағымыздың көңіл күйі неге жоқ екен?

- Ол анасын жоғалтып алыпты.

- Балалар, онда біз қуыршаққа көмектесейік, анасын іздеп табайық.

- Көмектесеміз бе?

- Ол үшін біз әрқайсымыз өз анамызды сипаттайық, сонда қуыршағымыз өз анасын тауып алады.

№ 25 демонстрациялық материал. (Суреттегі киімінің, шашының түсіне қарай сәйкестендіріп, қуыршақтың анасын табу). Балалармен жеке жұмыс.

- Сая, сенің анаң қандай? (Әртүрлі аналардың суретін көрсету).

- Тасқын, сенің анаң қандай? т.б.

- Алақай! Қуыршақтың анасы табылды!

- Қараңдаршы, қуыршағымыз қуанып қалды.

- Қуыршаққа анасын табуға көмектестік пе?

- Балалар, алдымызда қандай мереке келе жатыр?

Билиш вальды компонент: сүйікті -   любимый, мейірімді - добрый, қамқор - заботливый.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз демалып алайық.

№ 25 үлестірмелі материалмен жүмыс.

«Компонентін тап!» дидактикалық ойыны. Тапсырманың шарты: киімдерінің түстеріне сәйкес аналарын тауып, сызықпен қосу.

Қорапшаға карайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Балалардың жауабы.

- Ана.

-Иә.

Балалар өз аналарының суретін табады.

- Менің анам ақылды.

- Менің анам мейірімді.

- Менің анам

- Менің анам қамкоршы.

-Иә.

- Аналармерекесі, әжелер мерекесі, бұл күні біз аналарымыз бен әжелерімізге тілек айтамыз.

Балалар қайталайды: сүйікті   -   любимый,   мейірімді   -добрый, қамқор -заботливый.

Бірге қайталап, сәйкес қимыл жасайды.

Ана мен балаларды бір-бірімен сәйкестендіреді.

Рефлекциялық түзетуші - Балалар, бүгін бізге кім қонаққа келді?

- Біз оған қандай көмек көрсеттік?

- Қуыршақтың көңіл күйі көтерілді ме? Балаларды мадақтау.

Балалардың

жауаптары

тыңдалады.

Күтілетін нәтиже:

орындайды: өз аналары туралы (мейірімді, қамқоршы) әңгімелей білуді;

түсінеді: сөздерді және дыбыстарды анық айтуды;

қолданады: педагогтің сұрақтары бойынша әңгіме құрастыра білу іскерліктерін.

Авторы
Булкебаева Айгул

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Автор

Айгул

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Балабақша

«Күн нұрының пайдасы»

Балабақшадағы жаратылыстану оқу қызметінде балалар күн туралы мағлұмат алып, оның адам денсаулығына пайдасы мен зиянын талқылайды.

Айгул 5 мин 170 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 893 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 19 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 108 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 84 оқылым