Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Менің Отаным – Қазақстан!»

Алиева Гулбахар Черкасовна
3 мин оқу 146 оқылым

Тақырыбы: «Менің Отаным – Қазақстан!»
Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасы туралы білім беру.
Балалардың тіл байлығын, сөзді байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту, туған елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Іс-әрекеттін әдісі: сұрақ- жауап, әңгімелеу.
Көрнекіліктері: Қазақстан картасы, рәміздер, суреттер, отан туралы мақал-мәтелдер.
- Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды  даламыз

Біз бақытты баламыз,-дей  отырып, « Менің Отаным –Қазақстан » атты ұйымдастырылған іс-әрекетті ашық  деп жариялаймыз.
Қазақстан Респуликасының мемлекеттік әнұраны  орындалады.
-Балалар, сендер қандай ән орындадыңдар?
-Қазақстан Республикасының әнұранын орындадық.
Дұрыс айтасыңдар,балалар. Әрбір республиканың өз ерекшелігін білдіретін әнұраны,туы,елтаңбасы болады. Біз оны рәміздер деп атаймыз. Осы рәміздер  туралы жеке-жеке түсінік беріп өтейін.
-Мынау - біздің туымыз. Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды.Көк аспандай көгілдір,ортасында күн,астында бүркіт  ұшып келе жатыр.

Ойын: «Қазақстан Туы»

Мақсаты: Тудың бөліктерін дұрыс құрастыра алады.

(Балалар Тудың бөліктерін жинап, оған қыран, күн және ою-өрнектерді орналастырады.)
- Мынау - елтаңбамыз. Елтаңбада шаңырақ,күн сәулесі, бес бұрышты жұлдыз, «Қазақстан » деген жазу бар.

Ойын: «Таңбаны боя»

Мақсаты: саусақ пен гуашь арқылы елтаңбаны бояй алады. Қол моторикасын дамытады.

(Балалар тапсырманы орындайды)
- Балалар, біздің Отанымыздың астанасы қай қала ?
- Астана қаласы
- Ел бөбегі бүлдіршін жас баламыз,
Астанамыз Астана –бас қаламыз.

Ойын: «Менің Астанам»

Мақсаты: ермексаз арқылы бәйтеректі құрастырып, қол моторикасын дамытады.

(Балалар бәйтерек жасауға қажетті пішіндірді құрастырады)
- Балалар, үлкен  мерекелерде туымыз көтеріліп,әнұранымыз орындалады.Рәміздерімізді үлкен де,кіші құрметтеп жоғары ұстауы тиіс.Ал әнұранды  біз білеміз.Сендер елтаңба мен туды әрқашан  қастерлеуге тиіссіңдер.Қазақстан Республкасының рәміздері туралы  кім тақпақ біледі?

Көк туымыз бетінде,
Қыран бүркіт қанатты.
Сол қырандай еркіндеп,
Біз өсеміз талапты.

Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы.
Оны  халық қашанда,
Биікке іліп қояды.

-Жарайсыңдар, балалар. Біз Қазақстанда тұрамыз,демек, Отанымыз  -Қазақстан. Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген мақал бар.Сендер үлкен болып өскенде Отанымызды қорғайтын азамат боласыңдар.Отан деген не?Қалай түсінесіңдер?
(Отан деген менің үйім,туған жерім. Менің жүрегім Отан деп соғады.)

Азаматқа лайық ,
Отанымның ұлымын.
Отанымды қорғайтын,
Азаматтың бірімін.

Отан деген –Атамекен,
Отан деген-туған жер.
Отан –ана,отан –үлкен,
Қазақстан - туған ел.

- Балалар, Қазақстан Республикасының ел басшысы кім?
- Қасым-Жомарт Тоқаев.

- Елбасымыз туралы кім тақпақ біледі ?

Шықты тарап ой данадан,
Бер қарады жұлдыз беті,
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар президенті.

- Балалар,өте жақсы.Егеменді елдің басты белгісі-тіл.қазақ тілі мемлекеттік тіл болып саналады. Қазақ тілі –біздің ана тіліміз.
Тілім барда мақтанам,
Тілім менің аппақ ән
Бірлігім бүгінгі,
Ана тілім сақтаған.

Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте.

Ойын: «Сөйлем құрау»

Мақсаты: сүрет бойынша сөйлем кұрай алады.

(Балалар сүрет бойынша сөйлем құрайды)

- Балалар,сендер Отан туралы жан-жақты білетіндеріңді көрсеттіңдер.Енді сендер Отан туралы мақал-мәтел айтайық.
Отан –оттанда ыстық.
Отан –елдің анасы,
Ел-ердің анасы.
Туған елдей ел болмас,
Туған жердей жер болмас.
- Міне , балалар, өміріміздің жалғасы, еліміздің қорғаны, тірегі болыңдар.
Абай атамыз айтқандай «Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тапта, бар қалан»деп, бүгінгі бүлдіршін балаларымыз қоғамымызға кірпіш болып қалана берсін деген тілекпен іс-әрекетімізді аяқтаймыз.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Алиева Гулбахар Черкасовна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Семья и детский сад

Материалда ата-аналарды тәрбиелік үдеріске тарту, отбасымен байланыс орнату және балабақша мен отбасының бірлескен жұмысын ұйымдастыру тәжірибесі баяндалады.

Алиева Гулбахар Черкасовна 7 мин 25 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 306 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 15 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 94 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым