Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

"Менің Отаным-Қазақстан"

Суинбаева Нагима С
2 мин оқу 32 оқылым

Суинбаева Нагима С.

Мақсаты: балалар өз Отаны Қазақстан туралы білімдерін, тіл байлығын, сөзді байланыстырып сөйлеу қабілетерін, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімін дамыта алады. Командамен жұмыс жасай алады.

Көрнекіліктері: Қазақстан картасы, рәміздер, суреттер, отан туралы мақал-мәтелдер.

Шаттық шеңбер:

- Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды  даламыз

-Біз бақытты баламыз,-дей  отырып, « Менің Отаным –Қазақстан » атты тәрбие  сағатымызды ашық  деп жариялаймыз.

(Қазақстан Респуликасының мемлекеттік әнұраны  орындалады)

-Балалар, сендер қандай ән орындадыңдар?

- Дұрыс айтасыңдар,балалар! Қазақстан Республикасының әнұраны.

- Әрбір республиканың өз ерекшелігін білдіретін әнұраны,туы,елтаңбасы болады. Біз оны рәміздер деп атаймыз. Осы рәміздер  туралы жеке-жеке түсінік беріп өтейін.

-Мынау - біздің туымыз. Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды.Көк аспандай көгілдір,ортасында күн,астында бүркіт  ұшып келе жатыр.

- Мынау - елтаңбамыз. Елтаңбада шаңырақ,күн сәулесі, бес бұрышты жұлдыз, «Қазақстан » деген жазу бар.

- Балалар, біздің Отанымыздың астанасы қай қала ?

- Астана қаласы

- Ел бөбегі бүлдіршін жас баламыз,

Астанамыз Астана –бас қаламыз.

- Балалар, үлкен  мерекелерде туымыз көтеріліп,әнұранымыз орындалады.Рәміздерімізді үлкен де,кіші де құрметтеп жоғары ұстауы тиіс.Ал әнұранды  біз білеміз.Сендер елтаңба мен туды әрқашан  қастерлеуге тиіссіңдер. Қазақстан республкасының рәміздері туралы  кім тақпақ біледі?

1.Көк туымыз бетінде,

Қыран бүркіт қанатты.

Сол қырандай еркіндеп,

Біз өсеміз талапты.

2.Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Оны  халық қашанда,

Биікке іліп қояды.

3.Елтаңбасы елімнің ,

Қандай әйбат әдемі

Тұнығындай  көңілдің ,

Ортада аспан әлемі

4.Құт береке шаңырақ,

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ,

Екі жақтан көмкерген.

-Жарайсыңдар, балалар. Біз Қазақстанда тұрамыз, демек, Отанымыз  -Қазақстан.халқымызда « Отан отбасынан басталады» деген мақал бар.Сендер үлкен болып өскенде Отанымызды қорғайтын азамат боласыңдар.Отан деген не? Қалай түсінесіңдер?

1.Отан деген менің үйім,туған жерім.

  1. Менің жүрегім Отан деп соғады.

3.Азаматқа лайық ,

Отанымның ұлымын.

Отанымды қорғайтын,

Азаматтың бірімін.

Отан деген –Атамекен,

Отан деген-туған жер.

Отан –ана,отан –үлкен,

Қазақстан - туған ел.

- Балалар ,Қазақстан Республикасының ел басшысы кім?

- Қасым-Жомарт Тоқаев

- Елбасымыз туралы кім тақпақ біледі ?

4.Шықты тарап ой данадан,

Бер қарады жұлдыз беті,

Өзі қалап сайлап алған,

Елімнің бар президенті.

- Балалар,өте жақсы.Егеменді елдің басты белгісі-тіл.қазақ тілі мемлекеттік тіл болып саналады. Қазақ тілі –біздің ана тіліміз. Тіл туралы тақпақ айтаиқшы.

1.Тілім барда мақтанам,

Тілім менің аппақ ән

Бірлігім бүгінгі,

Ана тілім сақтаған.

2.Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте.

-Керемет! Балалар,сендер отан туралы жан-жақты білетіндеріңді көрсеттіңдер.Енді біз үстелдерге өтіп, ойынды бастаймыз. кімнің командасы біздің Бәйтеректің басқатырғыштарын тезірек және дұрыс жинайтынын көрейік.

-Жарайсындар балалар!

Отан –оттанда ыстық.

Отан –елдің анасы,

Ел-ердің анасы.

Туған елдей ел болмас,

Туған жердей жер болмас.

- Міне , балалар , өміріміздің жалғасы ,еліміздің қорғаны, тірегі болыңдар.

Құрметті ұстаздар! Абай атамыз айтқандай «Сенде бір кірпіш дүниеге,кетігін тапта ,бар қалан»деп ,бүгінгі бүлдіршін балаларымыз қоғамымызға кірпіш болып қалана берсін деген тілекпен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Суинбаева Нагима С

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 316 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 16 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 95 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым