Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

"Менің балабақшам" технологиялық картасы

Bilimger Media
2 мин оқу 3 445 оқылым

Ортаңғы  «Ақ ерке» тобындағы  ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 25.09.2017

Тәрбиеші: Казбекова Б.Е

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Пән: «Қоршаған орта»

Өтпелі тақырып: «Менің балабақшам»

Тақырыбы: «Менің балабақшам».

Мақсаты:Баланың өзі және өзінің топтағы жағдайы туралы түсініктерін кеңейту. Балабақша қызметкерлері туралы ұғымдарын кеңейту. Ересектерге көмектесуге ынталандыру.

1.Тәрбиелік-Тәрбиешінің үлгісі бойынша әңгіме құрастыру; сурет бойынша сұраттарға жауап бере алу.

2.Дамытушылық - Балалардың бір-біріне деген қамқорлығын арттыру.

3.Оқыту-сұрақ-жауап, әңгімелеу         

Педагогикалық технологиялар:ойын түрінде

Ресурстармен қамтамасыз ету: Әр балаға арналған ммазмұнды суреттер, жеке жұмыс жасау.

Билингвалдық  компонент: Балабақша-детский сад, тәрбиеші-воспитатель.

                                                Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

«Ізгі сөздер»

Бақшамызға барғанда,

Жолыққан бар жандарға,

«Қайырлы таң!»- деймін мен.

Күндіз де елді елеймін:

«Қайырлы күн!»- тілеймін.

Үйге кешке келемін,

Не дерімді білемін:

«Кеш жарық!»- деп кіремін.

Балалар шеңбер бойына тұрып, өлең жолдарын айтып, өлең мазмұнына қарай қимыл-әрекет орындайды.

2.Негізгі бөлімі: Тәрбиеші ұжымдық жұмыс арқылы балаларға балабақша қызметкерлерінің еңбегімен таныстырып, оларды бағалауға, құрметтеуге үйрету мақсатында «өз үйім – менің бірінші үйім, балабақша – екінші үйім»деген тақырыпта әңгіме жүргізеді.

- Балалар балабақша дегеніміз не? -Екінші үйіміз

- Балабақшада біз не істейміз? -Ойнаймыз, оқимыз

- Ал балабақшаны біз екінші үйіміз деп айта аламыз ба?- Иә

- Бұл үлкен үйімізде бізге кім қамқорлық көрсетеді, аялайды? -Апайлар

- Балабақшада сендер үшін қаншама адам жұмыс істейді?

- Қане, олар кімдер және не істейді екен?-апай, аспазшы,  дәрігер, т.б.

Жүректен жүрекке шеңбері. Алдын ала берілген өлеңді жатқа айту.

Жүректен жүрекке шеңбері.

Жақсылыққа құмармыз,

Жақсы адам боп шығармыз.

Бізді жақтап отырған,

Сендерге де мың алғыс!

Балабақша туралы әңгімелеу.

Тазалықшы – екінші үйімізде өз үйіміздей жылы, таза болсын деп бөлмемізді жуып, тазалайды.

Аспазшы - біз үшін дәмді тамақ әзірлейді.

Дәрігер – сендердің дендеріңнің сау болуын қадағалайды.

Кір жуушы – біздің сүлгілерімізді жуып береді.

Тәрбиеші апайлар – сендер жақсы адам болып өсулерің үшін бәрін үйретеді.

Тәрбиеші: Ал осымен сабағымыз аяқталды.

Сау болыңыздар!

Сау болыңыз!

3.Қорытынды:Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Балалар немен айналысқандары, не білгендері, не үйренгендері жайлы әңгімелеп айтады.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 297 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 15 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 94 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым