Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Мен және менің Анам»

Гулсайран
2 мин оқу 576 оқылым

Мақсаты: Баланы ата-анамен бірлесе отырып жан-жақты тәрбиелеп, дамыту. Отбасындағы тәрбие – өте маңызды рөл атқаратындығын көрсете білу, отбасы мен балабақша арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
Құрал-жабдықтар: айна, әйнек, түрлі-түсті бояу, ыдысқа толтырылған су, мақта ілінген қыстырғыштар, қатты қағаз.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, үйрету.
(Арттерапия, изотерапия, дәстүрден тыс сурет салу)
Барысы:
І. Сәлемдесу.
Мақсаты: Ата-аналарды орындарына отырғызу, жақсы көңіл-күйді қалыптастыру. «Сәлем – сөздің анасы» демекші кез-келген жерде, қандай жағдай болмасын адамдар қарым-қатынасқа жеңіл өту үшін алдымен амандасып, сәлем алысқан. Дүниежүзіндегі сан алуан халықтардың сәлемдесу салты да түрлі-түрлі болып келеді.
1. «Еуропалықтар»-қолын қысады
2. «Жапондықтар»-иіледі
3. «Оңтүстік африкалықтар»-арқаларымен үйкелеседі
4. «Үндістер»- алақандарын бір-біріне қойып, жоғары қаратып, қастарына тигенше көтереді.
5. Ал, енді өзіміздің ұлттық қазақша амандық-саулық сұрап, қал-жағдайымызды білгенге не жетсін!
Нұсқау: Алдымен өз есімдеріңіздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің біреуін айтыңыз.
Мысалы: Мен бақытты – Бақытгүлмін.
Педагог келесі сұрақтарды қояды:
- Сізге, кімнің таныстыруы есте қалатындай әсерін тигізді?
- Сіз үшін кімнің таныстыруы өте ерекше?
- Кімнің айтқан ойы сізге түсініксіз, немесе таң қалатындай болды?
Бұл сұрақтардың көмегімен қатысушылардың тілдік белсенділігін шақыру. Әрбір бала – дара тұлға. Бала тәрбиесінде ата-ана балаға қысым көрсетуден, бала көзінше дөрекі сөйлеуден, жат қылық көрсетуден аулақ болып, үлгі болу керек. Сонда ғана білімді, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелей аламыз.
№1 тапсырма. Дәстүрден тыс сурет салу әдістері.
- Мақта мен қыстырғыштың көмегімен
- Қатты қағаз көмегімен
- Ысқыштың көмегімен, бастыру арқылы сурет салу
№2 тапсырма. Әйнекке сурет салу.
Тақырыбы: «Менің отбасым»
Мақсаты: Ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ересектердің пікірімен санасу.
Психологиялық сәт. «Ана мен бала»
Мақсаты: Ана мен бала бір біріне жүректен шыққан жағымды сөздерін жеткізу арқылы көңіл күйлерін көтеру.
Мысалы: - Ана сіз бақыттысыз.
- Ана сіз әлемдегі ең керемет жансыз.
- Ана сіз мейірімдісіз.
№3 тапсырма. Айнаға сурет салу.
Мақсаты: Анасы мен баласына өз жылуын сурет бетіне бейнелейді.
Қорытынды:
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады мағанда (өзін көрсетеді)
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады сағанда (досын көрсетеді)
Ж.Ж.Руссо «Бала туылғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесіде бала сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» - деген екен. Ендеше, ата-аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Олай болса, әр кез жылы сөздер айтып, дұрыс тәрбие беруге сіз болып, біз болып бірге ат салысайық!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Гулсайран

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Ашық сабақтар

Ашық сабақ: «Ата Заң — ел тірегі» (балабақша)

Балабақша балаларына арналған тәрбие сағатының жоспары: Ата Заң, құқық пен міндет туралы әңгіме, ойындар, сергіту жаттығуы және сурет салу тапсырмасы.

Bilimger Media 2 мин 374 оқылым
Ашық сабақтар

"Ата заң" ашық тәрбие сағаты (бастауыш сынып)

Бастауыш сынып оқушыларына арналған тәрбие сағатының жоспарында Ата Заң, балалардың құқықтары мен міндеттері туралы әңгіме, топтық тапсырмалар және рефлексия қамтылған.

Bilimger Media 2 мин 430 оқылым
Ашық сабақтар

«Ата Заң — ел тірегі» атты ашық сабақ (5–11 сынып оқушыларына)

5–11 сынып оқушыларына арналған ашық сабақта Қазақстан Конституциясы таныстырылып, құқықтар мен міндеттер талқыланады. Жоспарда топтық жұмыс, құқықтық ойын және рефлексия бар.

Bilimger Media 2 мин 668 оқылым