Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Мен таңдаған мамандық

Сағындық Аяжан Ғаниқызы
2 мин оқу 33 оқылым

Сағындық Аяжан Ғаниқызы
Жамбыл облысы, Қордай ауданы
№ 8 Өтеген батыр атындағы орта мектебі

Мамандық – адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Адам мамандығын таңдар алдында маған керек пе, менің қабілетім бар ма? –деген сауалдарды өзіне қояды. Әрбір жан өзгенің емес, өзінің қалауы бойынша мамандық таңдағаны жөн. Себебі, ол әр адамның қабілетіне, бейімділігіне, икемділігіне байланысты. Өзіңе ұнаған мамандық болса ғана өз ісіңді, мамандығынды жақсы көріп, үлкен қызығушылық пен жауапкершілік таныта аласың. Кейбір ата-аналар баланың ойымен санаспай, өзі шешім қабылдап жатады. Әрине, баласының болашағы үшін алаңдайды. Алайда бұл дұрыс емес. Ал ол бала ата-анасы айтқан оқуды мүлде ұнатпайды немесе қабілеті жоқ болуы әбден  мүмкін. Менің таныстарым осындай жағдайға ұшырап, мамандық таңдаудан қателескен. Олардың бірі жоғарғы оқу орнында оқып  жүргенде енді бірі оқуын тәмамдар шағында білген. Өкінішке орай бұл мәселе тек менің ортамызда ғана емес, қоғамда да орын алып отырған маңызды мәселе. Осындай себептерден әлемде өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүргендер қаншама?! Қазақ «Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі – жар таңдағанда, екіншісі – мамандық таңдағанда» деп бекер айтпаса керек. Мамандық таңдау – өміріміздің  кірпішін дұрыс қалау. Сондықтан болашаққа қадам басар кезде «жеті рет өлшеп, бір рет кескені» абзал. Қазіргі таңда елімізде  жастардың  40-50% мамандығы бойынша жұмыс жасамайды екен. Бұндай жағдай болмас үшін мамандықты алдын-ала таңдаған жөн. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз-өзіне «Осы сала маған жақын ба?» деген сауалдар қою артық етпейді.  Дәл осы қателіктерге бой алдырмас үшін мен бала күнімнен қабілетіме қарай мамандық таңдадым.

Мен таңдаған мамандық – журналистика саласы. Қарапайым емес, теле арнадағы танымал, үздік маман атану. Қазақ елінде журналистика саласының беделін әлемдік деңгейдегі елдермен теңдесуіне өз үлесімді қосқым келеді. Бұл ой маған ата-анам бағыт беріп немесе олардың қалауынан келген жоқ. Бұл менің жүрек қалауымнан туындаған шешім. Бала кезімнен көптеген жарыстарға қатысып, өз бағымды сынап, шыңдалдым. Теледидарда сөйлеп жатқан аға-әкпелерімнен үлгі алып, олардың болмысына, өзін-өзі ұстауына, сөйлеу мәнеріне тәнті болдым. Әне, міне дегенше 11 жылда өте шықты.Бала кездегі арманым – ендігі мақсатыма айналды. «Өзіңе сен өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап» - деп Абай атамыз айтпақшы еңбектеніп, мақсатқа жету жолында жұмыс жасап келемін. Журналист болатын жан тыңдарманды өзіне, сөзіне сендіруі үшін әуелі өзіне-өзі сенімді болуы керек. Осы ұстанымды алға қоя отыра, өзіме деген сенімділігім арта түсті. Қоғамдағы көкейді тесетін, өткір мәселелерді қозғайтын да осы сала. Ащы болса да, шындық үшін шырылдайтын, өз ісімнің шебері болуды мақсат етемін!

Кез-келген адам өзгенің пікірі, ойы бойынша емес жүрегінің қалауы бойынша мамандық таңдап, соның жолында әрекет ету керек. «Көз қорқақ – қол батыр» демекші кім білсін бүгінгі сенің арманың  ертеңгі болашағың болар. Ал ертеңгі болашақ – өмірлік азығың!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Сағындық Аяжан Ғаниқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 53 оқылым