Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Мен сүйетін өнер

Bilimger Media
2 мин оқу 72 оқылым

Өлең-құдірет.

Ата-бабадан дарыған қасиеттің қазақ үшін орны да,маңызы да зор.Өлең біздің күш-қуатымыз,жан тыныштығымыз,жүрек еміміз.Өткеннің Абай,Мағжан,Мұқағалилары мен бүгіннің Қалқаман,Мұнайдар,Талаптарын байланыстырған алпауыт күштің мендегі рөлі тым бөлек.Мен өнерге де,өлеңге ғашық жанмын.Ұстазым айтқандай,"сендер өлеңді сыйласаңдар,өлең де сендерді сыйлайды."Бұл ақиқат.Өлең мені шыңға көтерді,қанат бітіріп,биік самғатты.Жобаға келмей тұрып та,өлеңіммен бірге едім.Дәл осы өнер менің бір бөлігім болғандықтан,жоба барысында дарынымды дәлелдегім келді.Өзгеге емес,ең алдымен,өзіме дәлелдеуімді қаладым.Өзгенің бағасынан,мен үшін өз бағалауым әрқашан да жоғары еді.Міне,дәл осы бір себептен де,жобада өлеңімді көрсеттім.Тек ол ғана емес,жоба барысында көптеген жайттар орын алды.
<span;>                 Өлеңдерім маған тыныштық мен тыныс беретін жанымның емі еді.Құлазыған кезде,жүрегім жалғызсыраған сәтте дәрінің орнына өлең маған дәрі болды.Жоба барысында өзімді жоғалтып алған сәттерім аз емес болатын.Сол кезде мені қара бұлттан,жарық күнге шығарған осы өлеңнің құдіретті күші."Тұман" деп жырлап,ойларыммен алпарысқан уақытты жырладым,"Күз"деп жырлап,мезгілдің көңіліме тигізген септігін жаздым.Бұның бәрі бойымдағы сезімді одан әрі оятты.Лаулап жанған өлеңге деген ұлы махаббатымды жеткізу үшін көп еңбектендім.Әсерлі болуы мақсатында,ақындардың шығармалары желісінде өлең жаздым.Оны әсемдеу үшін,өз жан-дүниемнің сырын аштым.Жобада өз мүмкіндігімнің қандай екендігін көру үшін,түннен бастап,таңға дейін өлең үшін барымды салдым.Менің бар қазынам-өлең.Әлеммен де,өмірмен де,өз-өзіммен де байланыстыратын дәл өзі.Сол үшін,жобаны негізге ала отырып өлеңімді жетілдіріп,шыңдай түстім деп санаймын.Жоба басында өз жазғандарыма күмән келтіретін едім.Себебі,өлең жазу оңай іс емес.Нағыз ақындар үшін өлең пісіп,суып болғаннан кейін ғана жарыққа шығару дұрыс шешім.Ал,мен өзімді ақын демеймін.Өйткені,бұл атқа ие болу үшін тер төгілу керек.Сол үшін,өлеңдерімнің күшіне күмәнмен қарадым.Жоба соңында бұл күмән сейіле бастады.Жаза-жаза қаламым шыңдалды.Енді тілерім,сол қаламның мұқалмауы...

Өлең жазуда қиындықтар аз емес.Шабыт жоқ немесе жазуға шарасыз сәттер туады.Ондай кезде бәрінен бөлектене бастаймын.Ешкімге,ешқайда мән бермей,тек өлеңімнің дұрыс басталуына көңіл аударамын.Дұрыс жолға түсіп кетсе,оның жалғасуына тура бағыт ашылады.Бір мезетте,басталған шығарманы қалай аяқтарынды білмей бас қатырасың.Әрі ойланып,бері ойланып мың құбыласын.Ақтығында,жүректің үніне құлақ асып,қадам жасап,өлеңіңді қорытындылауға бел буасың.Бір өлеңдер айлап жазылады.Ал,бір өлеңдер бір күнде,әлде,бір түнде жазылады.Бұл тақырыпқа да,адамның өзіңе де тікелей қарасты.Жоба басталды,одан кейін "Поэзия кештеріне" шақыру алдым.Өз өлеңдерімді оқып,өзгелермен бөлістім.Өлеңімнің мені құрметтейтін,сыйлайтын дәрежесіне жеттім.Мен білемін,өлең менің басты қаруым.Айта алмаған сырым өз жырларым арқылы сыртқа шықса,жан тыныштығым да босаған ішкі сезімдерім нәтижесінде өз орнын табады.Міне,мен сүйетін өнердің бар күші осында.

Өлең-нағыз дос.Ол менің өмірлік серігім болмақ.Бәлкім,келешекте өлеңіммен "ақын" деген ұлы есімге жетермін.Ал,бұйырмаса өлеңім арқылы бар емімді табармын.Не де болса,жырым еш уақытта мені артта немесе түнекте қалдырмасы анық.Өз өнеріңіздің құдіретіне күмәнданбаңыздар,керісінше,сенім артыңыздар.Өйткені,адамды көтеретін нақ осы өнердің самұрығы.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым