Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Мен қазақтың мақтанышымын»

Bilimger Media
3 мин оқу 435 оқылым

«Мен қазақтың мақтанышымын»атты театрландырылған қойылым.

Күні,айы,жылы:7.12.18ж

Тақырыбы:«Мен қазақтың мақтанышымын»атты театрландырылған қойылым.

Мақсаты: музыкалық-театрландырылған қойылым сценарийі мектепке дейінгі жастағы және орта мектептердің бастауыш сыныптарына арналған. Балалардың қазақтың салт-дәстүрлерін білуге, ұлттық құндылықтарды бағалауға тәрбиелейді. Балалардың коммуникативтік-тілдік дағдыларын, танымдық қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамытады.

Күй әуені ойнатылып тұрады.Музыка залында киіз үйдің іші безендірілген.

Жүргізуші автор сөзін сөйлеп тұрады.

Жүргізуші:Жиырма бірінші ғасырдың басында,желтоқсан айында «Өркен»балабақшасында қазақтың ұлттық мақтаныштары домбыра,асық,бауырсақ,қымыз және құрт үлкен дауды бастайды.

Сахна сыртыннан бесеуі дауласып тұрады.

Мен қазақтың мақтанышымын,жоқ мен қазақтың мақтанышымын.

Саханға домбыра әуенімен қазақтың музыкалық қасиетті домбыра.Бабамыздың көзіндей қара домбыра,Данамыздың сөзіндей дара домбыра.Асқақтатып рухымды ағыл домбыра,әр қазақтың төрінен табыл домбыра.Қазақтың мақтанышы қасиетті домбыра деген мен боламын деп иіліп сәлем беріп,киіз үйдің төріне барып тұра қалады.

Қазақтың мақтанышы – бауырсақ.Сахнаға бауырсақ жүгіріп шығып, әзілдеп былай әндетеді:

Мен атамнан қаштым, мен әжемнен қаштым, мен аюдан қаштым, мен қасқырдан қаштым, мен қояннан қаштым, мен түлкіні алдап қаштым. Мен ақылды бауырсақпын, сондықтан қазақтың мақтанышы - мен боламын, өйткені:

Қазаққа ғана тән, Қызыл-күрең бауырсақ, Дастарханға сән, - деп дастархан басына отыра қалады. Сахнаға бұрала билеп торсықтағы қымыз шығады. Қазақтың мақтанышы – торсық толы қымызы.Биі аяқтала былай тақпақтайды: Аңқыған иісі – аппақ, дәрі қымызбын.Ішсеңіздер саумалдай,Пайдалы сары қымызбын.Қазақта бренд болатынАқ тағамның бірімін, - деп бұрала билеп, сары бауырсақтың жанына барып жайғасады.  Қазақтың мақтанышы – құрт.

Сахнаға қазіргі заманға сай киініп алған (көзінде қара көзілдірік, басында вандам және т.б.) рэпер құрт шығып, былай әндетеді:Дәмді құрт,Жейді жұрт.Томпайтып ұртты Сорамыз құртты 2 рет қайталайды. Қазақтан басқа жасамас,Құртымыз нағыз қазақы ас. Қазақтан басқа жасамас,Құрт нағыз бренд ас!- деп екі қолын айқастырып тұра қалады. Қазақтың мақтанышы – асық.Сахнаға «Қара жорға» әнінің әуенімен билеп асықтар шығады. Билері аяқтала былай деп әндетеді: Қара жорға болмаса,Бидің сәні келер ме?Қос етек көйлек кимесе,Қыздың сәні келер ме?Дорбада асық болмаса,Ойынның мәні келер ме?Бүк пен шікке түспесе Асықтың сәні келер ме?-деп асық дорбадағы асықтарын шашып жіберіп, киіз үйдегі үлкен қоржынның жанына тұра қалады.

Автор: Сөйтіп, қазақтың мақтанышы болуға лайық деп саналатын: домбыра, бауырсақ, құрт, қымыз және асық қазақ үйдің ішіндегі өз орындарына барып жайғасыпты. Сол кезде: Сахнаға әже шығып, немерелерін дастарханға шақырады.Әже: Балаларым, дастарханға келіңдер.Бірінші бала: Әже, маған қымыз құйып беріңізші. Екінші бала: Әже, қымыз дәмді екен, рахмет!Үшінші бала: Мен бауырсақты жақсы көремін.Төртінші бала: Әже, мен құрт жеймін. Құрт өте пайдалы. Әже: Иә, балаларым, дастарханымыздағы қымыз, бауырсақ пен құртымыз да, балалар ойнайтын асығымыз да, мына төрдегі домбыра да біздің ұлттық мақтанышымыз (қазақтың бренді болуға лайық мақтаныштарымыз өздері туралы айтқанда түрлі қимылдар көрсетіп, мақтанып тұрады). Қазақтың мақтанышы – домбыра, асық, бауырсақ, құрт, қымыз«Қазақ дәстүрлері» әнінің әуені естіліп тұрғанда, әженің немерелерін басқа балалар асық ойнауға шақырады (сахна сыртынан баланың дауысы).Бірінші бала: Балалар, жүріңдер, асық ойнаймыз.Екінші бала: Демид, жылдам шық, асық ойнаймыз (бір бала есіктен басын ғана көрсете). Балалар асық дорбаға асықтарын асығыс жинап: «Алақай! Асық ойнаймыз» - деп жүгіріп шығып кетеді.

Жүргізуші:Қазақтың мақтаныштары: домбыра,асық,қымыз,бауырсақ жаңа мультфильмнің  осы негізгі кейіпкерлері еліміздің нағыз бренд  болуға кім лайық деп өзара таласады.Аниматорлар бұл туынды арқылы  ұлтты  ұйыған қазағымыздың қастерлеп күтіп баптауға  лайық үдерістерін көрсетуге тырысқан.Бұл өз кезеңінде өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие береді.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 329 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 16 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 95 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым