Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Мен Отанды қорғаймын!

Назарбаева Айгүл
2 мин оқу 1 076 оқылым

Назарбаева Айгүл

Мақсаты: Балаларға  Отан қорғаушылар жайында әңгімелеп беру. Дүниетанымдарын кеңейту. Әр  баланың  жетістігін көре білу, өнерлі, ақылды, білімді, ұйымшыл болуға баулу.Отанды  сүйіп  ұлтжанды  болуға  тәрбиелеу.

 Пайдаланылған  қажетті жабдықтар:  Бейне  тақта,слайдтар  арқылы  Отан  қорғаушылар   суреттері,  Е.Ибрагимовтың «Аманат»   бейнебаяны.

    Әнұран:

Тәрбиеші:

1992 жылдың 7-мамырында тәуелсіз елдің заңдық құқықтарының негіздеріне және тәуелсіз мемлекеттер достығына қатысушы мемлекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығы шықты.

Бұл Жарлық бойынша, Қазақстан аумағына орналасқан Қарулы күштер өздерінің мүліктерімен қоса, республиканың қарауына өтті. Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде Қарулы күштерді басқаруды Президент өз мойнына алдыБұл күн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күні болғандықтан «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» деп жарияланды. Осы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен үш жүйелі штаб - жаяу әскерлер, әуе қорғанысы күштері мен әскери-теңіз күштерінің бас штабтары бекітілді. Аэроұтқыр күштерге Жоғарғы Бас қолбасшының резерві құзыры берілді. 2001 жылдан Қазақстан 4 әскери – Орталық, Оңтүстік, Батыс және Шығыс өңірліктерге бөлінді.

18 жасқа толған әр ер азамат Отан алдындағы борышын өтеу үшін әскер қатарына шақырылады.Қазақстанның  заңындағы  36-бапта «ҚР-сын қорғау   - оның әрбір азаматының қасиетті борышы және парызы» деп   көрсетілген.

Балаларды  мерекелерімен  құттықтап ,бейнебаянға  назар  аударуларын  өтіну.(бейнебаянда  Қ.Р  қарулы  күштерінің,  сарбаздарының  слайдтары).

«Даналар  айтқан  -дара  сөз».

Б.Момышұлы: «Әрбір азамат өз ұлтын сүюі тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі

мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды да сүйе білуге тиіс.»

М.Жұмабаев: « Елге ер қымбат, елге ердің адал жүрегі қымбат».

М.Әуезов: « Жүрген жақсы, көп дүниені көрген жақсы. Бірақ соның бәрінен де тағы бір жақсы бар: көре біліп, жүре-жүре келіп,Отаныңа қайтқан сәт бәрінен де жақсы».

Отан туралы  балалар  тақпақтары:

Қанатбек:Бақытты боп жүргенім

Сенің арқаң,Ұлы Отан.

Елім менің – тірегім,

Құшағында гүл атам.

Кеңесбай  Нұрасыл

Шығысыңнан арайлы,

Күліп атқан құба таң.

Сенен бақыт тарайды

Баршамызға Ұлы Отан.

Сымбат:

Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің сен,Отан.

Мәңгі соғып тұратын

Жүрегімсің сен, Отан!

Інжу:

Отан - сенің ата-анаң,

Отан - досың, бауырың.

Отан - өлкең, астанаң,

Отан - аудан, ауылың

Ерасыл:

Отан - тарих,

Отан - тіл,

Отан  -елің, ел халқың

Отан - өлең, Отан - жыр,

Көкке көтер  ер даңқын..

Кәусар:

Отан осы, достарым,

Көңілге мұны түйе біл

«Отан» деп өс, жас қауым,

Оны ардақтап, сүйе біл.

Тәрбиеші:Балалар  сіздер  Отанымызды қорғауға    уәде  бересіздер  ме!

Балалар:Отанымызды  қорғауға   уәде  береміз!

Е.Ибрагимовтың «Аманат»  бейне баянын  бірге  тамашалау.

Хор:    « Ел  қорғауға  әзірміз».

Тәрбиеші:

Көз тойғысыз қазағымның жері бар,

Ну орман, тауы, өзені, көлі бар.

Қазағымның жерін, елін қорғайтын

Жас жеткіншек, ұланы бар, ері бар.

Міне, осындай егеменді еліміз,

Кең жазира, ұлан байтақ жеріміз.

Туған елін, туған жерін сүйетін

Біз қазақтың ұланына,   сеніміз.!

Мерекелеріңіз  құтты  болсын!  қанаттарыңыз  талмай  әр  жылда     аман  есен   жете    беріңіздер!  Осымен  тәрбие  сағатымыз  өз  мәресіне  жетті    сау  саламатта  болыңыздар

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Назарбаева Айгүл

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 143 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 52 оқылым