Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу
Жаңалықтар Жаңалық

Мемлекеттік тілдің мәртебесі неге төмен?

Аяулым Жанатқызы
1 мин оқу 48 оқылым

Қазақстанда мемлекеттік тіл- Қазақ тілі.Тіл туралы заңға өзгеріс енгізбей,мәселе шешілмейді.

Ең бірінші айтарымыз ана тілімізге байланыстыатқарушы билік тарапынан кең көлемде белсенді әрекет жоқ. Іс-шаралар көбіне қағаз жүзінде.Конститцияда "Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл-қазақ тілі "деп тайға таңба басқандай  айқын  жазылған.

Тіпті "Қазақстан болашағы -қазақ тілінде" деген ұлағатты сөз билік басындағыларды селт еткізетін емес.Неге бұлай Мұның қандай себептері бар Ана тіліміздің мемлекеттік мәртебесі қашан толыққанды жұмыс істейді. Соңғы он жылда Парламенттік  ұснған мың жарымдай заң жобаларының бірде- біреуін Үкіметмемлекеттік тілде дайындаған жоқ.Басқа мемлекеттік билік тармақтарына қарағанда, ұлттық сипаты басымдау болуға тиісті және өзі туралы заң қабылдаған Парламент те мемлекеттік тілге байланысты дәрежеде талап қоя алмай отыр.

Бүгінгі үлкен кемшілік - мемлекеттік тілге қатысты қабылданған заңдық нормалар мен үлкен құжаттардың орындалуын қадағалаудың қаттырақ айтсақ жоқтығы,жұқартып айтсақ жетімсіздігі.Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру - бірінші басшылардың  бұл мәселеге жауапкершілігін көтерудіқажет етеді.Тіліміздің мәртебесін әлсіреткісі келетіндерге тыйым салудың амалдарын қарастыру керек.

Жалпы,біздің өкімет адамдары тіл мәселесін екінші кезекке сырыңқырап отырған сиқты.Қазақ тілінің жолы болмай тұрғанының басты себебі осы.Ең бірінші халыққа үлгі болатын адамдар солар.Өкінішке орай ,олардың көпшілігі қазақтың өзімен де қазақща сөйлеспейді.Парламенттердің өзі деарасында бір орыс отырса,қазақшаны былай сырып қоя салуға түк арланбайды.Сылтаулары бреу -" бәріне түсінікті болсын" дейді, "ойымызды жеткізгіміз келеді" дейді.

Ал енді өзіміздің ғалымдарға  келсек.Көпшілігі қазақ тілін бір кісідей біле тұрып, қазақша жазуға қадам жасамайды. Бүгінгі таңда 10% ғана қазақ тілінде жазады.Біз шындығындада барлығын керісінше жасағанды жақсы көреміз.

Сөз соңында мемлекетік мәртебеге ие болған туған тіліміздің тұғырлы болуы үшін отбасы да,білім жүйесі де,билік оргондары да,бүкіл қоғам болып ана тілімізге қамқорлық жасауфмыз қажет дегіміз келеді.

Өз тілімізді өгестетпейік!

Мақала авторы:АЯУЛЫМ ЖАНАТҚЫЗЫ

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Автор

Аяулым Жанатқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Тарихы терең, тағылымы бай Түркістан

Мәтінде Түркістанның тарихи маңызы, Қожа Ахмет Ясауи, Есім хан және Рабия Сұлтан бегім кесенелері, қаланың тарихи туризмді дамытудағы орны баяндалады.

Аяулым Жанатқызы 2 мин 102 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жаңалықтар

1 тоқсан қашан бітеді? 2026 жылғы күзгі каникул күндері

1 тоқсан қашан бітеді? Бұл сұрақ 2026 жылдың қазан айында оқушылар мен ата-аналар үшін өзекті болып отыр. Қазақстанда 2026–2027 оқу жылындағы бірінші тоқсанның аяқталу мерзімі мен күзгі каникул күндері ресми түрде…

Bilimger Media 4 мин 449 оқылым
Жаңалықтар

Қазақстанда алғашқы қар: 6 қазанда қай өңірлерде жауады?

2026 жылғы 6 қазанда Қазақстанның бірнеше өңірінде қар аралас жаңбыр, көктайғақ және үсік күтіледі. Қазгидрометтің болжамы бойынша өңірлердегі ауа райы мен қауіпсіздік шараларын біліңіз.

Bilimger Media 5 мин 17 оқылым
Жаңалықтар

Ерлан Қариннің өмірбаяны: мұғалімдіктен Қазақстанның вице-президентіне дейін

Ерлан Қариннің туған жері, білімі мен еңбек жолы туралы. Материалда мұғалімдіктен мемлекеттік қызметке дейінгі мансабы және вице-президент болып тағайындалуы баяндалады.

Bilimger Media 7 мин 208 оқылым