Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу
Жаңалықтар Жаңалық

Мемлекет басшысы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевпен кездесті

Bilimger Media
2 мин оқу 1 009 оқылым

Кездесуде Мемлекет басшысына Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы жөнінде есеп берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Нұрсұлтан Назарбаев білім беру жүйесі еліміздегі саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды жүзеге асыру ісінде ерекше рөл атқаратынын атап өтті.

«Біз іске асырып жатқан барлық бағдарламалық құжаттарда, соның ішінде Қазақстан халқына арналған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы жолдау мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасында, сондай-ақ цифрландыру барысында білім беру ісіне зор мән берілген. Мектептегі білім берудің сапасы осы бастамалардың табысты жүзеге асырылуының кепілі болып саналады», — деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалардың уақтылы жүргізіліп жатқанын айтып, жекелеген пәндерді ағылшын тілінде оқытуға көшу үдерісіне ерекше тоқталды.

«Пәндерді ағылшын тілінде оқыту жоғары сынып оқушылары арасында жүргізіледі. Балаларға ағылшын тілін қазір үйретпесек, келешекте олардан кәсіби мамандар даярлай алмаймыз. Бұл – уақыт талабы. Ата-аналар мұны дұрыс түсінуге тиіс. Бұл ретте, қазақ тілін оқытуды да ұмытпауымыз керек», — деді Елбасы.

Кездесуде Білім және ғылым министрі мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында министрлік алдына қойылған міндеттердің орындалу барысы жөнінде мәлімдеді.

Е. Сағадиев мектепке дейінгі білім беру жүйесін жетілдіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстың аралық нәтижелері жөнінде баяндады.

«2018 жылы мектепке дейінгі білім берумен қамту көрсеткіші 95 пайызға жетеді. Негізінен, бұл жеке балабақшалар құрылысының есебінен жүргізіліп отыр. 2019 жылдан бастап ерте жетілудің бірыңғай стандарттары енгізіледі. Сондай-ақ, балабақша кезегіне мобильдік құрылғыларды қолдану арқылы да тұруға болатынын айтып өткен жөн», — деді Білім және ғылым министрі.

Сонымен бірге, Е. Сағадиев Қазақстан Президентіне мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесі бойынша жаңа мазмұнға көшірудің нәтижелері жөнінде айтты.

Білім және ғылым министрі жекелеген пәндерді ағылшын тілінде оқыту үшін мұғалімдер даярлау барысы жөнінде мәлімдеді.

«2016 жылы ағылшын тілінде 2 мың ғана мұғалім сабақ берген болатын. Былтыр 11,5 мың мұғалім тиісті ағылшын курсынан өтуге өтініш білдіріп, олардың 3 мыңға жуығы даярлығын аяқтап, сабақ беруге кірісті. 8 мың мұғалім оқуын жалғастырып, қажетті деңгейге ауысуда. Осылайша, 2019 жылы 13,5 мың мұғалім төрт пәнді ағылшын тілінде беруді бастайды», — деді Е. Сағадиев.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.

© http://edu.gov.kz

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жаңалықтар

1 тоқсан қашан бітеді? 2026 жылғы күзгі каникул күндері

1 тоқсан қашан бітеді? Бұл сұрақ 2026 жылдың қазан айында оқушылар мен ата-аналар үшін өзекті болып отыр. Қазақстанда 2026–2027 оқу жылындағы бірінші тоқсанның аяқталу мерзімі мен күзгі каникул күндері ресми түрде…

Bilimger Media 4 мин 439 оқылым
Жаңалықтар

Қазақстанда алғашқы қар: 6 қазанда қай өңірлерде жауады?

2026 жылғы 6 қазанда Қазақстанның бірнеше өңірінде қар аралас жаңбыр, көктайғақ және үсік күтіледі. Қазгидрометтің болжамы бойынша өңірлердегі ауа райы мен қауіпсіздік шараларын біліңіз.

Bilimger Media 5 мин 17 оқылым
Жаңалықтар

Ерлан Қариннің өмірбаяны: мұғалімдіктен Қазақстанның вице-президентіне дейін

Ерлан Қариннің туған жері, білімі мен еңбек жолы туралы. Материалда мұғалімдіктен мемлекеттік қызметке дейінгі мансабы және вице-президент болып тағайындалуы баяндалады.

Bilimger Media 7 мин 208 оқылым