Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Bilimger Journal №9 / 2026 шығарылымына мақала қабылдануда·QR-кодты сертификат Журнал №9 мақала қабылдануда·5 орын қалды 5 орын қалды Жариялау

: «» · ₸

Аттестацияға не керек екенін білесіз бе?Аттестацияға дайынсыз ба? Лауазымыңызды таңдаңыз — жеке талаптар тізімі 5 минуттаЖеке тізім 5 минутта Тегін тексеру
Bilimger Media
2 мин оқу 101 оқылым

Хуат Амангул

Мектепке дейінгі кезең – баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен танымдық қабілеттерінің қарқынды дамитын уақыты. Бұл жаста тіл дамыту – тәрбие мен оқытудың басты бағыттарының бірі. Баланың сөздік қоры мен байланыстырып сөйлеу қабілетін жетілдіру үшін заманауи педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану аса маңызды. Осындай инновациялық әдістердің бірі – мнемотехника.

Мнемотехника ұғымы және маңызы.

Мнемотехника (грекше “mneme” – ес, “techne” – өнер, шеберлік) – есте сақтау, қабылдау және қайта жаңғырту қабілеттерін дамытатын әдістер жүйесі. Яғни, бұл әдіс арқылы балалар ақпаратты көрнекі бейнелер, шартты белгілер немесе суреттер көмегімен жеңіл есте сақтап, еркін жеткізуді үйренеді.

Мнемотехника әдістері:

баланың есте сақтау қабілетін арттырады;

ойлау мен қиялды дамытады;

байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіреді;

логикалық жүйелі ой қорытуға көмектеседі.

Мектепке дейінгі тіл дамыту үдерісінде мнемотехниканы қолдану.

Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін мнемотехника әдісі ең тиімді әдістердің бірі болып табылады, себебі олар көбінесе ақпаратты көрнекі түрде қабылдайды.

Тәрбиеші мнемокестелер, мнеможолдар және мнемосызбалар арқылы баланы сөз құрастыруға, сөйлем мен әңгіме құрауға баулиды.

Портфолиоға қандай құжат керек — шатасып жүрсіз бе?Портфолиоға не керек? Санатыңызды таңдаңыз: әр талап қарапайым тілмен, бар-жоғын белгілеп, папканы басып шығарасызЖеке тізім · дайын папка Тізімді алу

Мысалдар:

  1. Мнемокесте арқылы өлең жаттау:

Өлең жолдарына сәйкес келетін суреттер немесе шартты белгілер қойылады. Бала сол белгілерге қарап, өлеңді еске түсіреді.

  1. Мнеможол арқылы әңгіме құрастыру:

Суреттер тізбегі (мысалы, күн – бұлт – жаңбыр – кемпірқосақ) арқылы бала оқиғаның ретін айтып береді.

  1. Мнемосызба арқылы сөздік қорды дамыту:

Белгілі бір тақырып (жануарлар, көкөністер, киімдер) бойынша суреттер мен белгілер арқылы жаңа сөздерді меңгереді.

Мнемотехниканың бала дамуына ықпалы.

Мнемотехника әдістерін жүйелі түрде қолдану төмендегідей нәтижелерге қол жеткізеді:

Сөздік қор байиды;

Сөйлем құрау қабілеті жетіледі;

Сөйлеу мәдениеті мен логикалық ойлау қабілеті дамиды;

Өзін еркін және сенімді түрде білдіруге үйренеді;

Қиял мен шығармашылық қабілеті оянады.

Қорытынды

Мнемотехника – мектепке дейінгі ұйымдарда тіл дамыту жұмысын жандандырудың тиімді әдісі. Бұл тәсіл балалардың есте сақтау, ойлау және сөйлеу қабілеттерін кешенді түрде дамытады. Тәрбиеші мен педагогтің шеберлігі – мнемотехниканы күнделікті оқу іс-әрекетіне жүйелі енгізуде. Нәтижесінде бала қоршаған ортамен еркін тілдік байланыс орната алады, ойын жүйелі жеткізуге машықтанады.

Модератор не сарапшы санатына дайындаласыз ба?Санатқа дайындаласыз ба? Талаптар тізімі, портфолио папкасы, өтініш пен эссе үлгілері — бір жердеТізім · папка · үлгілер Тегін бастау
Авторы
Хуат Амангул

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Білім мен ғылымның үйлесімі: болашақты қалыптастыратын білім ордасы

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті – ұлттың зияткерлік әлеуетін арттырып, білім беру жүйесінің дамуына тікелей ықпал ететін маңызды ғылыми-білім беру орталығы. Университеттің басты мақсаты – кәсіби білімі…

Бахыткуль Майбазарова 4 мин 10 оқылым
Балабақша

«LEGO құрастыру ойындары арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту»

Меңгеруші: Ережепбаева Алма Сайлаубековна Аңдатпа Мақалада «LEGO әлемі: ойнаймыз, құрастырамыз, дамимыз» әдістемелік құралы аясында мектеп жасына дейінгі балалардың құрастыру әрекетін ұйымдастыру жолдары қарастырылады.…

Ережепбаева Алма Сайлаубековна 8 мин 12 оқылым
Балабақша

«Таза Қазақстан» – экологиялық тәрбиенің бастауы балабақшадан

Мақалада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының идеяларын мектеп жасына дейінгі балалардың күнделікті өміріне енгізу тәжірибесі қарастырылады: серуендегі бақылау, тәжірибе, дидактикалық және рөлдік ойындар, еңбек, қалдықты сұрыптау, ұлттық тағылым және отбасымен бірлескен экологиялық жобалар.

Уразбаева Наргиза Самиғоллақызы 9 мин 41 оқылым